Өнім беруші мерзімінде орындамады

51
Өнім беруші мерзімінде орындамады
Нагуманов Нурсултан Сансызбаевич
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», город Алматы
Өнім беруші тапсырысты уақтылы орындамаса және мерзімді ұзартуды өтініп хат жолдаса, тапсырыс беруші қандай әрекет жасауға тиіс?

 Тапсырыс берушілер мынадай жағдаймен бетпе-бет келуі мүмкін: өнім берушімен шарт жасалды, ал ол тауарды мерзімінде бермеді және берілу мерзімін ұзартуды өтініп, хат жолдады.  

Мерзімді ұзартуға қатысты қосымша келісімді сіз 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 45-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, егер өнім беруші берілетін тауардың тауар өндірушісі болып табылған жағдайда жасай аласыз. «Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі талабымен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгеріс енгізуге егер өнім беруші берілетін тауардың тауар өндірушісі болып табылса, тауарды беру жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде жол беріледі. Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге ағымдағы қаржы жылы шегінде өнім берушінің хабарламасы бойынша он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жол беріледі».

Егер өнім беруші тауардың тауар өндірушісі болып табылмаса және берілу мерзімін ұзартуды өтініп сізге хат жолдаса, онда тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын өнім берушінің бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға қатысуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арыз беруге міндетті. Өйткені Заңның 12-бабы 6-тармағына сәйкес өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.   

 Егер тауарды беру мерзімі өтіп кетсе, онда сіз оны өндіріп алуға құқылысыз,  тапсырыс беруші міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда өнім берушіден мерзімі өткен әр күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 %-ы көлемінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) немесе міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әр күн үшін орындалмаған міндеттемелердің жалпы сомасының 0,1 %-ы көлемінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.  

2015 жылғы 28 желтоқсандағы ҚР Қаржы министрінің «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы» Бұйрығының 18, 19-тармақтарына сәйкес: 18. Тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы заңды күшіне енген соттың шешімін (бұдан әрі – Сот шешімі) веб-портал арқылы алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы алған Сот шешімінің электрондық көшірмесін, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынады.

19. Тапсырыс берушіге электрондық көшірмесі веб-портал арқылы келіп түспеген Сот шешімі қағаз түрінде келіп түскен жағдайда, тапсырыс берушілер аталған Сот шешімін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Сот шешімінің көшірмесін және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынады.

Бұдан шығатыны, МС порталында кесте түрінде жосықсыз өнім беруші туралы мәліметтерді толтыру керек және заңды күшіне енген Шешімнің қол қойылған және соттың көк мөрі басылған сканерленген көшірмесін тіркеу қажет.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль