ТЖҚ-ны бір көзден алу тәсілімен сатып алу

32
ТЖҚ-ны бір көзден алу тәсілімен сатып алу
Ведомстволық бағынышты мемлекеттік және (немесе) жартылай мемлекеттік кәсіпорындардан шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бола ма?

ҚР Азаматтық кодексінде мемлекет мұқтаждығына арналған тауарларды жеткізуге байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды тікелей регламенттейтін нормалар жоқ.  Оған сату-сатып алу туралы барлық жалпы ережелер жарамды.

Бұл қатынастар азаматтық-құқықтық болып табылады. Осы жағдайға қатысты даулы көзқарастар да бар. Алайда мемлекеттік сатып алу туралы ҚР Заңының 2-бабындағы 22) тармақшада  тікелей көрсетілгендей: "мемлекеттік сатып алу туралы шарт – осы Заңға және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарт".

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының  (бұдан әрі – Заң) 39-бабының 3-тармағының 27) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді:

дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген акционерлік қоғамдардан және шаруашылық серіктестіктерден;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген мемлекеттік кәсіпорындардан сатып алуы.

Мысла ретінде келтірейік:

«Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны  (бұдан әрі – Мемлекеттік техникалық қызмет) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 49 «Мемлекеттік техникалық қызметтің бірқатар мәселелері туралы» қаулысы).

 «Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңының 1-бабы 28-1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын.

 «Ақпараттандыру туралы» Заңның 9-1 бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік техникалық қызмет мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін:

      1) ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттық зерттеуді;

      2) мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттық жүйелерін, ақпараттық-коммуникациялық желілерін, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдасатын мемлекеттік емес жүйелерді қорғауды қамтамасыз етудің мониторингін;

      3) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдерін, бағдарламалық кодтарын сынақтан өткізуді және олардың нормативтік-техникалық құжаттамасына сараптама жүргізуді;

      4) мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiн құруға, енгiзуге және дамытуға бағытталған инвестициялық жобалардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізуді;

      5) Интернет желісіне қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық почтасының бірыңғай шлюзін техникалық сүйемелдеуді;

      6) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық жүйелер депозитарийінің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың мемлекеттік тіркелімін жүргізуді;

      7) ақпараттық-коммуникациялық желілер мониторингі жүйесін ұйымдастырушылық және техникалық сүйемелдеуді;

      8) жоғарғы деңгейдегi қазақстандық домендік атауға қызмет көрсететiн домендiк атаулар серверлерiнiң үзiлiссiз орнықты жұмыс iстеу мониторингін;

      9) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын байланыс операторларының ақпараттық-коммуникациялық желілерін адрестеу және нөмірлеу жоспарларын сүйемелдеуді жүзеге асырады.

Осылайша, тапсырыс берушілер өкілеттігі тікелей Заңдармен және (немесе) Президент Жарлығымен белгіленген мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға құқылы.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль