Шарт бойынша жеткізу мерзімі өткені үшін тұрақсыздық айыбын салу

43
Шарт бойынша жеткізу мерзімі өткені үшін тұрақсыздық айыбын салу
Қазақстан Республикасы Жоғарғы төрелік сотының Пленумы соттардың бұл санаттағы істерді негізінен дұрыс шешетінін атап өтті.

Лайықсыз сападағы өнімдерді жеткізу және сатумен байланысты шаруашылық дауларын шешу тәжірибесін талқылай келе, Қазақстан Республикасы Жоғарғы төрелік сотының Пленумы соттардың бұл санаттағы істерді негізінен дұрыс шешетінін атап өтті. Сонымен бірге іс материалдарын үстірт қарауға, өндірістік ақаулармен сатылған немесе жеткізілген, жинақталмаған, басқа да кемшіліктерімен бірге шартқа және сапасына қатысты басқа да міндетті талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты жарамсыз деп танылған өнімдер мен тауарларды сатуды (жеткізуді) реттейтін нормативтік актілерді қате түсіндіруге жол беріледі.

Төрелік сот өнімдер мен тауарларды жеткізуді реттейтін заңнама бұзушылықтың алдын алу бойынша шараларды жеткіліксіз түрде қабылдайды.

Талап қоюшы жауапкерге қатысты талап арызбен сотқа жүгінді,  онда шарт бойынша жеткізу міндеттемелерін орындау мерзімі өткені үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп беруді өтінді.  Арыз беруші өз талабын жеткізу шартына сәйкес, жауапкердің белгіленген уақытқа дейін тауар жеткізуге міндеттеме алғанын уәждеді, ал тауарды жеткізу мерзімін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбы көзделген. Алайда ол өз міндеттемелерін орындамады, өйткені шарт талаптарында көзделмеген тауарды жеткізді, ал тауар қолдан жасалған болып шықты. Кейінірек шарт талаптарына сәйкес келмейтін тауар жауапкерге қайтарылды, жауапкер өз кезегінде тауар үшін алған төлемді қайтарды.  Арыз берушінің пікірінше, тиісті тауар мүлде жеткізілмеді, бұл тауар қайтарылмаған барлық уақыттағы тауар жеткізілмегені үшін тұрақсыздық айыбын өндірудің негіздемесі болып табылады.<--break->

Жауапкер талап арыздан бас тартуды өтінді, бұл ретте мұны шартта қолданыстық күйде болған тауардың техникалық сипаттамалары көрсетілгенімен, құжаттарға сәйкес болғандығымен және талап қоюшыға жеткізілгендігімен түсіндірді. Талап қоюшының шағымынан кейін тауарды талап қоюшы кері қабылдады,  сондай-ақ төлем сомасы қайтарылды. Жауапкердің пікірі бойынша, тұрақсыздық айыбы есептелмеуге тиіс еді, өйткені жауапкер  тауар жеткізу жөніндегі өз міндеттерін орындады, ал жеткізу шарты тұрақсыздық айыбын дәл сол дер кезінде жеткізбегені үшін белгілеуді көздейді.

Бірінші инстанция соты шарт бойынша талап қоюшы төлемді жүргізгенін анықтады.  Жауапкер міндеттемелерін орындады, тауар талап қоюшыға табысталды. Кейінірек талап қоюшыдан  жауапкердің атына шағым түсті, оған сәйкес жеткізілген тауар шартта көрсетілген тауар емес. Жауапкер тауарды кері қабылдады, төлем сомасы қайтарылды.

Алайда, осыған қарамастан, талап қоюшы жауапкердің атына тұрақсыздық айыбын төлеу туралы шағым жіберді.  

Бірінші инстанция соты арыз берушінің талаптары келесі негіздемелер бойынша қанағаттандыруға жатпайды деген қорытындыға келді.

Шарт талаптарына сәйкес тауар тиелімі бойынша міндеттемесін орындамағаны үшін сатушының жауапкершілігі көзделген. Бұл ретте ұсынылған құжаттарда іс жүзінде тауардың тиелгені расталады. Осыған байланысты, сот шарт ережелерінің сөзбе-сөз мәнінің түсініктемесі туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 392-бабының нормаларына сәйкес тиелім мерзімі бұзылған кезде ғана тұрақсыздық айыбы есептелуге жатады деп санайды.

Бұл жағдайдағы сатушының жауапкершілігі тек тиелім мерзімі бұзылған кездегі шартта бекітілген.  Сатып алушы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 428-бабына сәйкес өз құқығының бұзушылығын жоюды және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабына сәйкес келтірілген залалды қалпына келтіруді талап етуге құқылы. Алайда тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талапты қоюға құқығы жоқ, өйткені тауар жеткізілмеді және соңында қайтарылды, тараптар бастапқы жағдайға келтірілді.  

Бірінші инстанциядағы сот шешімімен берілген талап арыз шарттарын қанағаттандырудан бас тартылды, арыз берушіден жауапкердің пайдасына өкіл қызметін төлеу бойынша шығындар өндірілді.

Бірінші инстанциядағы сот шешімімен келіспеген талап қоюшы апелляциялық шағым берді,  онда шешімді жоюды және келесі негіздемелер бойынша оның талаптарын қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды өтінді:

  • жауапкер тауарды шартта көзделген мерзімде жеткізбеді;
  • жауапкер жеткізген тауар шартта көзделген тауар болып табылмайды;
  • шартта көзделген тауар мүлде жеткізілмеді (тиелмеді).

Апелляциялық сот алқасы соттың шығарған шешімі Қазақстан Республикасы Азаматтық процессуалдық кодексінің 218-бабының талаптарына сәйкес келеді, заңды және негізді болып табылады, ҚР АПК 364-бабында көзделген негіздемеге сай іс бойынша сот шешімін жою немесе өзгерту қарастырылмаған деген қорытындыға келді. Шешім заңдық күшіне енді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль