Өнім берушінің міндеттемесін лайықсыз орындағаны үшін жауаптылығы

61
Өнім берушінің міндеттемесін лайықсыз орындағаны үшін жауаптылығы
Әлеуетті өнім берушінің жауаптылығы оны 24 ай мерзімге сатып алуға қатысу құқығынан айыру жолымен мемлекеттік сатып алу жөніндегі Шарттардан түскен пайдадан айыруды тұспалдайды.

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының  12-бабының 4-тармағына  сәйкес, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі:

1) тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды біржақты тәртіппен бұзған, орындалуы барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіндігі немесе өзінің осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені, соның нәтижелері бойынша осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік бергені анықталған өнім берушілердің;

2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілердің (екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің);

3) өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.    

Әлеуетті өнім берушінің жауаптылығы әлеуетті өнім берушіні 24 ай мерзімге Сатып алуға қатысу құқығынан айыру жолымен мемлекеттік сатып алу бойынша Шарттардан түскен пайдадан айыруды тұспалдайды. 

Талап қоюшы өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жұмыс міндеттемелерін орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы арызбен сотқа жүгінді. Арыз "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4-тармағының 3) тармақшасына негізделеді, оған сәйкес, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

Ал шарт талабына сәйкес,  жұмыстарды орындау жөніндегі міндеттемелерін өнім беруші бұзған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын талап етуге құқылы.

Талап қоюшы өкілінің түсіндіруінше, жауапкер жұмысты шартта көзделген мерзімде орындамады, соттан өз талабын толық көлемде қанағаттандыруды өтінді.

Сотқа жүгінгенге дейін талап қоюшы өнім берушіден шарт бойынша төлемнің бір бөлігін біржақты тәртіппен тұрақсыздық айыбы түрінде ұстап қалды.

Жауапкер талап арыздың талаптарымен келіспеді, соттан талап арыздан бас тартуды өтінді, бұл ретте шартта көрсетілген жұмыстың мерзімінде орындалмағандығы тапсырыс берушінің шарт талаптарын және қолданыстағы заң нормаларын айтарлықтай бұзуына байланысты деп түсіндірді. Мұндай бұзушылықтың бірі жұмысты орындау үшін өнім беруші мамандарының объектіге кіру мүмкіндігін шектеу болып табылады, шартта тапсырыс берушінің бұл міндеттемесі көзделген. Сондай-ақ тапсырыс беруші жұмысты орындауға қажетті жағдайларды дер кезінде ұсынбауы себебінен,  жауапкердің жұмысты аяқтау мүмкіндігі болмады, бағдарламалық қамтамасыз етуді қосу кезінде өнім беруші тапсырыс берушінің статикалық IP-мекенжайы болмауы сияқты проблемаға тап келді. IP-мекенжайының болу қажеттілігін Тапсырыс беруші  жұмысты орындау мерзімі өтіп кеткеннен кейін мойындады. Оның үстіне талап қоюшы қазынашылық органдарға тіркеу үшін  шартты заңнамада белгіленген мерзімді бұза отырып ұсынды.

Жауапкер тапсырыс берушіден тұрақсыздық айыбының ұстап қалған сомасын өндіру туралы қарсы талап берді.

Бірінші инстанциядағы сот мыналарды белгіледі:

  • жауапкер жұмыстарды шартта анықталған мерзімді бұза отырып орындады;
  • тапсырыс берушінің ғимаратына кіру мүмкіндігі қамтамасыз етілмеген;
  • статикалық IP-мекенжайды тапсырыс беруші жұмыстарды орындау мерзімі өтіп кеткеннен кейін қосты;
  • тапсырыс берушіде статикалық IP-мекенжайдың болу қажеттілігі мәселесі бойынша түсінік беру үшін тартылған маманның түсіндіруінше, шарт мазмұны мен техникалық ерекшеліктен шығатыны, талап қоюшыда Интернетке кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін көрсетілген IP-мекенжай болуға тиіс, ал оның болмауы жауапкер белгілеген жүйені тексеруге ықпал етеді;
  • жауапкер шартты тиісінше орындауға арналған өзіне қатысты барлық шараларды қабылдады;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 5 "Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы" Нормативтік қаулысының 5-тармағына сәйкес,  мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасалған шарттар бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талаптарды қарау кезінде соттар әділдік пен парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып, өнім берушінің кінәсін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздемесі және тапсырыс беруші үшін туындаған жағымсыз салдар ретінде назарға алулары қажет;
  • Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 359-бабының 1-тармағында көрсетілгендей,  борышқор кiнәлi болған кезде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, мiндеттеменi орындамағаны және (немесе) тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауап бередi. Егер борышқор мiндеттеменi тиiстi дәрежеде орындау үшiн өзiне байланысты шаралардың барлығын қолданғанын дәлелдесе, ол кiнәсiз деп танылады.

Талап арыз талаптарын қанағаттандырудан бас тартуды, қарсы талап арызды қанағаттандыруды ұйғарған прокурордың қорытындысын тыңдай келе, сот анықталған жағдайлар, тапсырыс беруші тарапынан қолданыстағы заң нормалары мен шарт талаптарын бұзу орын алғандықтан, жұмысты орындау мерзімін бұзуға қатысты өнім берушінің кінәсі жоқтығын куәландырады деген қорытындыға келді.

Бірінші инстанциядағы сот шешімімен өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арыз талаптарын және тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қанағаттандырудан бас тартылды.  Өнім берушінің қарсы талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды. Сот тапсырыс берушіге қатысты мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын бұзуға жол бергені туралы  жеке ұйғарым шығарды.

Сот шешімімен келіспеген арыз беруші апелляциялық шағым түсірді. Азаматтық істі қараған сот алқасы сот шешімін өзгертуге немесе жоюға негіз жоқ деген қорытындыға келді. 

Сот шешімі заңдық күшіне енді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль