Кеден ережелерін бұзғаны үшін заңды тұлғаларды жауапқа тарту

58
Кеден ережелерін бұзғаны үшін заңды тұлғаларды жауапқа тарту
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулы заңды және негізді болуға тиіс. Әкімшілік айыппұл – әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын ақшалай жаза.

Кеден ережелерін бұзғаны үшін заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту кеден ережелерінің бір ғана фактісін бұзушылыққа негізделе алмайды. Құқық бұзушылық құрамының жалпы түсінігінен шыға отырып, жауапкершіліктің негіздемесіне кінә де жатады. Құқық бұзушылықты дұрыс жіктеу үшін кеден декларациясында көрсетілген тауар туралы мәліметтердің іс жүзінде кеден органына ұсынылған тауарға заттық сәйкестігін тексеру керек. Тауарды мағлұмдамау тауардың сандық сипаттамасы туралы мәліметтерді (данасы, салмағы, тауар көлемі) декларанттың немесе кеден өкілінің тиісінше шынайы мәлімдемеуі кезінде көрінеді, яғни барлық тауар немесе оның бөлігі мәлімделмеген.

Бұл санаттағы істерді қарау кезінде проблемалық мәселелер туындаған жоқ, әкімшілік жазалар бап санкциялары шегінде салынды,  судьялар қаулыларда әрекеттің жіктемесін ашады, ӘҚКо 541-бабының диспозициясына сай  әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын уәждейді. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, ӘҚКо  804-бабына  сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды тұлғаларының құқығы бар.

ӘҚКо 25-бабының 1-бөлігіне сәйкес осы Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.

 2-бөлігінде осы Кодекстiң Ерекше бөлігнің баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшiн, егер бұл құқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойынша заңнамаға  сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайтыны көзделген.

 ӘҚКо 822-бабының 1-бөлігінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда болатындардың толық тізімі көрсетілген, атап айтқанда:
      - қаулы шығарған судьяның, лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні;
      - iстiң қаралған күнi мен орны;
      - өзiне қатысты iс қаралған тұлға туралы мәлiметтер: жеке тұлғалар үшiн – тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, сәйкестендіру нөмiрi, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшiн – атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi, сәйкестендіру нөмiрi және банк деректемелерi; 
      - қаралып жатқан iс бойынша iс жүргiзу тiлi;
      - осы Кодекстiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық көзделетiн бабы; 
      - iстi қарау кезiнде анықталған мән-жайлар;
      - iс бойынша шешiм; 
      - қаулыға шағым жасаудың тәртiбi мен мерзімдері;
      - айыппұлды ерікті түрде төлеу немесе әкімшілік жазаның өзге түрін орындау мерзімдері көрсетілуге тиіс.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулы заңды және негізді болуға тиіс. ӘҚКо 44-бабының 1-бөлігіне сәйкес,  әкiмшiлiк айыппұл (бұдан әрi – айыппұл) – осы бөлiмнiң Ерекше бөлігнің  баптарында көзделген жағдайларда және шекте әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн салынатын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде қолданыста болған заңға сәйкес белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерiне сәйкес келетiн мөлшерде ақша өндiрiп алу.

ӘҚКо 893-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс.
     ӘҚКо 45-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу оларды заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекет меншiгiне мәжбүрлеп өтеусiз айналдырудан тұрады.
     Меншiк иесiне қайтарып беруге жататын не айналымнан алынған затты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаның заңсыз иелiгiнен алып қою тәркiлеу болып табылмайды. Айналымнан алынған зат мемлекет меншiгiне айналдыруға немесе жойылуға жатады. Егер осы Кодекстiң Ерекше бөлігнің өзгеше көзделмесе, құқық бұзушының меншiгi болып табылатын зат қана тәркiлеуге жатады. Тәркiлеудi судья қолданады және бұл осы бөлiмнiң Ерекше бөлігнің тиiстi бабында әкiмшiлiк жаза ретiнде көзделген жағдайларда қолданылуы мүмкiн.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыда жеке тұлғада болған алынған заттар мен құжаттар туралы, заңды тұлғаға тиісті алынған заттар мен құжаттар туралы мәселелер шешілуге тиіс, бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық жасалған құрал немесе зат болып табылатын және әкімшілік жауапкершілікке тартылған жеке немесе заңды тұлғаға тиісті заттар, осы Кодекстің 2-тарауының Ерекше бөлігі нормаларының санкцияларында көзделген жағдайда, тәркіленеді немесе тиісті мекемеге табысталады, немесе жойылады, қалған жағдайларда тиістілігіне қарай қайтарылады.  

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу оларды заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекет меншiгiне мәжбүрлеп өтеусiз айналдырудан тұрады. (ӘҚКо 45-бабының 1-бөлігі). Әрі қарай тәркіленген тауардың тағдыры  атқарушы өндіріс тәртібімен шешіледі, соның ішінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» Қаулысы әрекет етеді.

2010 жылғы ҚР Жоғарғы Сот төрағасы бекіткен  Қазақстан Республикасы соттарының сот актілерін ресімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, сот актісінің нақты құрылымы болуға тиіс, стилистикалық және грамматикалық тұрғыда дұрыс болуы керек. Сондықтан шешім қабылдаған кезде, судьялар сот актілерінің заңдылығы, негізділігі мен дәлелдемелері туралы процессуалдық заңнаманың талаптарын орындауға ғана емес, оның баяндалуы мен ресімделуіне де жауаптылықпен қарауға міндетті, өйткені сот актілерін сауатты баяндау мен ресімдеу судьяның кәсіби мәдениетінің жоғары деңгейінің көрсеткіші болып табылады, соттың істі қарауына қатысушылар мен басқа да тұлғаларға құрмет көрсету боп саналады.  

Баяндалғандарды есепке ала отырып, әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мен әкімшілік шара қолдану кезінде сот қызметінде заңнама бұзушылықты жою және болдырмау мақсатында, әкімшілік заңнама талаптарын сақтау керек. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях