Өнім берушінің жеткізу талабын бұзуы

50
Өнім берушінің жеткізу талабын бұзуы
Бурковская Марина Петровна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, ВКО
Тапсырыс берушілердің мынадай жағдайға тап болатын кездері болады: өнім берушімен шарт жасалды, ал жеткізу мерзімі басталғанда өнім беруші ТЖҚ жеткізуден бас тартады немесе белгісіз себептермен жеткізуді жүзеге асырмайды

Тапсырыс берушілердің мынадай жағдайға тап болатын кездері болады:  өнім берушімен шарт жасалды,  ал жеткізу мерзімі басталғанда  өнім беруші тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізуден бас тартады немесе белгісіз себептермен жеткізуді жүзеге асырмайды. Мұндай жағдайларда:

1) Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін бұл өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы экономикалық сотқа талап арыз дайындау керек.

2) Талап арыздың көшірмесін хабарламамен бірге өнім берушінің мекенжайына жіберу керек. Өнім берушінің көшірмені алғаны туралы хабарламаны алған соң, арыз сотқа жіберіледі. Жауапкердің арыздың көшірмесін алғаны туралы хабарламасыз сот сіздің арызыңызды қарастырмайды.

3) Шарт бойынша тұрақсыздық төлемінің сомасын талап арыз берілген күнге есептеу керек: мерзімі өткен әр күн үшін шарттың толық сомасының 0,1 % -ы мөлшерінде (өйткені тауар жеткізілмеді). Содан соң, қажет болған жағдайда, бұл сома қайта есептелуі мүмкін.

4) Арыздың көшірмесімен бірге өнім берушіге тауарды жеткізбегені үшін шартты бұзу және мерзімін өткізгені үшін өсімпұл өндіріп алу туралы  шағым жазу керек.  Өнім берушіге оны жосықсыз қатысушы деп тану туралы арызбен бірге бір хат жіберу қажет.

5) Өнім берушіден хабарлама алғаннан кейін,  арызды сотқа жіберу керек. Сіз 30 күнтізбелік күн ішінде сотқа арыз беріп үлгеруіңіз қажет, әйтпесе сот оны жосықсыз қатысушы деп танымайды, ал сіз арызды сотқа уақытында бермегеніңіз үшін әкімшілік  жазаға тартыласыз..

6) Егер хабарламамен бірге өнім берушіден бұзу немесе өсімпұл туралы хат алсаңыз, онда жосықсыз деп тану туралы арызбен бірге шартты бұзу және өсімпұл өндіріп алу туралы арыз беруге болады. Егер сіз мұндай хат алмаған болсаңыз, онда 30 күндік кінәрат-талаптық мерзімге шыдауыңыз қажет және  шартты бұзу мен өсімпұл өндіріп алу туралы жеке арыз беруіңіз қажет. 

Өсімпұлды міндетті түрде өндіріп алу керек!

Шартты бұзу жөнінде "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі – Заң) және мемлекеттік сатып алу порталда қарама-қайшылық туындады.  Осылайша, Заңның  12-бабының 4-тармағына сәйкес тапсырыс беруші шарт тиімсіз орындалған жағдайда  бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей, сотқа жүгінуге міндетті.  Екінші жағынан, портал Заңның 12-бабының 4-тармағының 3) тармақшасын негіз ете отырып, сот шешімінсіз біржақты тәртіппен шартты бұзуға мүмкіндік береді. Алайда заң тұрғысындағы шарт тек сот шешімі бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша ғана бұзылды деп саналады.

Біржақты бұзудың ақтайтын дәлелі ретінде өнім берушінің тауарды жеткізе алмайтыны туралы хатын алуға болады.

Сонымен бірге ММ тапсырыс берушілері үшін  бөлінген қаржыны уақытында игеру маңызды болып табылады, сондықтан олар шартты бұзудың біржақты мүмкіндігін қолданады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль