ҚР мемлекеттік медициналық ұйымдарындағы мемлекеттік сатып алудың түрлері мен ерекшеліктері

33
ҚР мемлекеттік медициналық ұйымдарындағы мемлекеттік сатып алудың  түрлері мен ерекшеліктері
Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР заңнамасының аясында медициналық ұйымдар мемлекеттік функцияларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ орындауға қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ақылы негізде сатып алады.

Бүгінгі күні әрбір медициналық ұйым медициналық қызметтердің бәсекеге қабілетті нарығындағы әлеуетті өнім беруші болып табылады.

Бұл ретте ҚР әрбір азаматы медициналық ұйымдарды олар көрсететін медициналық қызметтің сапасы мен қол жетімділігі, материалдық-техникалық жарақтандырылуы, медициналық мамандардың біліктілігі деңгейіне қарай өз бетінше таңдауға құқылы.

Назар аударыңыз! Медициналық ұйымдар өз қызметін инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды ескере отырып, бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану қағидатының негізінде жүзеге асыруға тиіс. 

Мемлекеттік медициналық ұйымдар өздерінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары бойынша мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар болып табылады және оларға ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылады. 

Бұл ретте емдеу профилактикалық мекемелер өз қызметінде «Мемлекеттiк сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) нормаларын, ҚР Азаматтық Кодексін және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін  басшылыққа алады.

Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР заңнамасының аясында медициналық ұйымдар мемлекеттік функцияларды немесе тапсырыс берушінің жарғылық қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ орындауға қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ақылы негізде сатып алады. 

Назар аударыңыз! Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұйымдастырушылар мемлекеттік сатып алу қағидаттарына, атап айтқанда бюджет қаражаттарын оңтайлы және тиімді жұмсауға, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдеріне қатысуға тең мүмкіндік беруге, әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестікке, мемлекеттік сатып алу үдерісінің ашықтығы мен жариялылығына назар аударулары және мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі мен сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу керектігін естерінде ұстаулары тиіс. 

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылыққа жол бермеу мақсатында, ұйымдастырушылар Заңда және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген нормаларды дәл сақтаулары тиіс. 

Мысалы, техникалық ерекшелікті қалыптастыру кезінде жекелеген әлеуетті өнім берушіні тікелей немесе жанама анықтайын сипаттамаларды көрсетуге тыйым салынады.

Сондай-ақ әлеуетті өнім берушілерге заңнамада көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға болмайды. Яғни, әлеуетті өнім берушіге, оның (заңды тұлғаның) құқық қабілеттілігінің, азаматтық әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін), төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы, банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы сияқты біліктілік талаптарынан басқа талаптар қоюға болмайды. 

Маңызды! Бұдан басқа, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау кезінде Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген негіздер бойынша ғана конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына сәйкестік туралы шешім қабылдау қажет.

Дереккөз: "Мемлекеттік тапсырыс.Сұрақтар мен жауаптар", №10



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях