Мемлекеттік аудит жүйесі

68
Мемлекеттік аудит жүйесі
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР жаңа Заңы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың біртұтас жүйесін мемлекеттік органдар қызметін сақтандыру және талдау арқылы қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Заңнамада көзделген өзгерістер

Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында 2016 жылдың басынан бері мынадай жаңа заңдар іске кірісті:

1) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңы

 (12.11. 2015 жыл);

 2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы (4.12. 2015 жыл № 434-V).  

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР жаңа Заңы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың біртұтас жүйесін мемлекеттік органдар қызметін сақтандыру және талдау арқылы қалыптастыруға мүмкіндік береді.  

Аудиттің бақылаудан айырмашылығы сол, аудит жазалаушы емес, сақтандырушы сипатқа ие. Бұл ретте мемлекеттік аудит берілген және басқа да сәйкессіздіктерді белгілеп қана қоймайды, мемлекеттік қаржылық ресурстарды пайдалану, басқару қорлары мен әлеуетін үлкен қайтарыммен және тиімділікпен анықтайды.

Бұдан бөлек, мемлекеттік аудитті толыққанды енгізу үшін Департамент қызметкерлері мемлекеттік аудитор біліктілігін алу үшін біліктілікті арттырудан өтеді.

Мемлекеттік аудитор – мемлекеттік аудитті және (немесе) қаржылық бақылауды жүзеге асыратын, мемлекеттік аудитор сертификатына ие мемлекеттік әкімшілік қызметкер.

Мемлекеттік аудитор біліктілігін алуға үміткер тұлғалардың кәсіби, іскери және әлеуетті мүмкіндіктері туралы жан-жақты әрі әділ сипаттама алу мақсатында сертификаттау өткізіледі.

Мемлекеттік аудиттің жаңа жүйесін жүзеге асыру

Еліміздің дамыған экономикасы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы заңнама экономикалық қатынастардың маңызды бағыттарының бірін реттейді және тиісінше үнемі жетілдіруді талап етеді. Мемлекет басшысы мемлекеттік сатып алу саласы негізгі сала екенін және мемлекеттік бюджеттің тиімді орындалуына тікелей әсер ететінін бірнеше рет атап өтті.

Сондықтан бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша Ұлт жоспарының 93-ші қадамын орындау аясында жаңа институт – камералдық бақылау енгізілді.

Хабарландырудан бастап шарт жасасқанға дейін, электрондық форматта камералдық бақылауды өткізу мүмкіндігі мемлекеттік сатып алу процестерін толық түрде автоматтандырудың және веб-порталда жаңа платформа енгізудің арқасында пайда болды.

Камералдық  бақылаудың құқықтық ережелері «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңдарында бекітілген. Көрсетілген заңдардың негізгі ережелерінде камералдық бақылауды аудитор кабинеттен шықпастан және объектіні араламай-ақ, ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы қашықтықтан өткізетіні бекітілген.  

Нәтижесінде бұл жаңалықтар бақылау объектісіне әкімшілік жүктемені төмендетуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және тексеріліп отырған тұлғаның мемлекеттік аудит объектісімен тікелей және көзделмеген байланыс жасау мүмкіндігін болдырмауға әкелді.  

Сонымен бірге камералдық бақылау бастапқы кезеңде-ақ бұзушылықтың бетін қайтаруға мүмкіндік береді.  Бұзушылық конкурстық құжаттама жобасына түзетулер енгізу жолымен жойылады және мемлекеттік сатып алу процесінің тұтас алғанда күші жойылмайды. Бұл мәселенің маңыздылығы дау тудырмайды, бюджеттік қаржыны мерзімінде игеру, азаматтардың әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды орындау ғана емес, көлеңкелі экономикамен күрес те осыған байланысты.

Бұған сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында енгізілген жаңа институт – конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау да ықпал етті. Енді әлеуетті өнім берушілер техникалық өзгешелікпен ертерек таныса алады және қажет жағдайда конкурстық құжаттаманың «орындалмайтын» шарттарымен келіспеуіне болады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік аудит объектілеріне сәйкес хабарлама рәсімделеді және жіберіледі. Осы мақсатта қолданыстағы құқыққа арнайы түзетулер енгізілді,  оған сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою немесе қателіктерді түзету кезінде, мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.  

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың тағы да бір маңызы зор жаңалықтарының бірі – өтінімді ашқаннан кейін құжаттарды өзара қарау жүйесінің енгізілуі. Енді сатып алуға қатысушылар олардың бәсекелестері өтінімге қандай құжаттар салғанын көре алады.  Бұл тапсырушылар қабылдаған шешімдердің негіздемесін бағалауға мүмкіндік береді.  Заңда тапсырыс берушілердің растайтын құжаттарды көрсете отырып, өтінімнен бас тарту себептерін жан-жақты және нақты сипаттау міндеті белгіленген.

Бұл мемлекеттік сатып алу процесінің неғұрлым ашық та жария түрде өтуіне мүмкіндік берді.

Камералдық бақылау нәтижелері

Жыл басынан бері камералдық бақылау 21 800 рәсімді қамтыды, олардың 4 342 жағдайында жалпы сомасы 25 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдеріндегі бұзушылық анықталды, оларды ерікті тәртіппен тапсырыс берушілер өзгерту, мемлекеттік сатып алу қорытындыларын қайта қарау және шарттарды бұзу арқылы жойды.

Жағдайдың басым көпшілігінде мемлекеттік аудит объектілері анықталған бұзушылықтармен келісе отырып, бұзушылықтарды немесе кемшіліктерді жоюға бағытталған өз бетінше шаралар қабылдайды. Әрине, бұған қуана қоймаған тапсырыс берушілер де кездеседі, олар қағида тұрғысында көрінеу жеңілген айқындаманы сақтап қалады, оларға қатысты уәкілетті орган заңға сәйкес бюджеттік қыспақ шараларын қабылдауға мәжбүр, оның ішінде олардың қазынашылық органдарында немесе екінші деңгейлі банктерде ашқан шоттарын тоқтату жөнінде шаралар қабылдайды және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартады.

Осылайша, Департаменттің заңдық талаптарын орындамағаны үшін өткен кезеңде мемлекеттік аудит объектілерінің бірінші басшыларына қатысты сомасы 519,6 мың теңге болатын 3 әкімшілік іс қозғалды, ол ақша мемлекет бюджетіне толық көлемде өндіріліп алынды.

Ішкі аудит Департаменті қызметінің қорытындылары бойынша мемлекеттік аудит объектілеріндегі бұзушылықтар саны азайып келеді. Өз кезегінде бір лотқа қатысуға тілек білдірген қатысушылар саны көбейген және тиісінше өтінімдердің жалпы санындағы конкурсқа қатысуға жіберілгендердің үлесі көтеріліп келеді, бюджеттің орындалу тиімділігі артты, ал ең бастысы – бюджеттік қаржыны үнемдеу айтарлықтай өскен.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 8 айы ішінде мемлекеттік сатып алудан өндірілген бюджеттік қаржыны үнемдеу тек Алматы қаласы бойынша 2 130,0 млн теңгені құрады.

Осы айтылғандардың барлығынан мынадай қорытынды жасауға болады: мемлекеттік сатып алу жүйесінің қатысушылары заңнамалық деңгейде көзделген мемлекеттік аудит жүйесімен байланысты жаңа енгізілімдерді оң бағалады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях