Конкурс өткізу кезінде жіберілетін қателіктер

110
Конкурс өткізу кезінде жіберілетін қателіктер
Тапсырыс берушінің (ұйымдастырушының), конкурстық (аукциондық) комиссияның конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде мемлекеттік сатып алуды өткізу және әлеуетті өнім берушіні таңдау кезеңінде жіберетін заң бұзушылықтары

Тапсырыс берушілер (ұйымдастырушылар), конкурстық (аукциондық) комиссия конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізген кезде мынадай заңнама талаптарын бұзушылық орын алуы мүмкін және соның салдарынан әлеуетті өнім берушінің құқығы бұзылады:

  • Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерінің олардың біртекті түрлері және (немесе) оларды беру орны (орындау, көрсету) бойынша лоттарға бөлінбеуі;
  • Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптар белгілеу не сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілілігін айқындайтын сипаттамаларын көрсету арқылы конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарының бұзылуы;
  • Конкурстық (аукциондық) құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге және (немесе) олардың жұмысқа немесе көрсетілетін қызметке тартылған мердігерлеріне (бірлесіп орындаушылар) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу;
  • Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттама) талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін, конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) сауал жіберуі немесе басқа да әрекеттері;
  • Конкурстық құжаттамаға конкурс қатысушыларының конкурстық баға ұсыныстарына ықпал ететін өлшемшарттардың енгізілмеуі;
  • Конкурс қатысушыларының конкурстық баға ұсыныстарына ықпал ететін салыстырмалы мәндегі өлшемшарттардың конкурстың баға ұсыныстарында қолданылмауы;
  • Әлеуетті өнім берушілердің және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделмеген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына және конкурстық (аукциондық) құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеуі.

Бұзушылықтардың көрсетілген тізімі толық емес, осы бөлімде тапсырыс берушінің (ұйымдастырушы), конкурстық (аукциондық) комиссияның конкурс немесе аукцион тәсілімен әлеуетті өнім берушіні таңдау кезеңінде жіберетін негізгі қателіктері көрсетілген, іс жүзінде басқа да қателіктер кездесуі мүмкін.

Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, егер олардың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, шағым жасауға құқылы.

Заңнама бұзушылыққа және соған сәйкес бақылау органдары тарапынан ескертулерге жол бермес үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексін басшылыққа алу ұсынылады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль