text
MCFR.KZ Госзакупки

Қосымша келісім жасау

  • 29 октября 2018
  • 593
Қосымша келісім жасау

Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгеріс енгізу негіздері

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 45-бабының 2-тармағында өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі талабымен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгеріс енгізуге:

1) ТЖҚ-ға бағаны азайту бөлiгiнде;

2) сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе, осындай өзгеріс сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде;

3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген ТЖҚ бірлігі үшін бағаның өзгермеуі талабымен осы сатып алынатын тауарлардың, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің көлеміндегі қажеттіліктің азаюына не ұлғаюына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде жол беріледі. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген сомалар шегінде жол беріледі;

4) өнім беруші ТЖҚ бірлігі үшін бағаның өзгермеуі талабымен мемлекеттік сатып алу туралы өзімен жасалған шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудің, жұмысты орындаудың, қызметті көрсетудің неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын не мерзімдерін және (немесе) талаптарын ұсынған жағдайда;

5) Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының өзгеруiнен туындаған, аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржы жылындағы (жылдарындағы) жұмыстарды орындауға мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлiгiнде;

6) аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржы жылындағы (жылдарындағы) жұмыстарды орындау жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту бөлiгiнде;

7) мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт сомасының өзгермеуі талабымен мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру өзгертілген немесе жұмыстардың сметалық құны азайтылған және кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерiстер енгiзілген жағдайда, жұмыстарды орындау жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімдерін өзгерту бөлiгiнде;

8) тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің лауазымды адамына қатысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуымен байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда, жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде;

9) егер өнім беруші берілетін тауардың тауар өндірушісі болып табылса, тауарды беру жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жол беріледі.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Госзакупки» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Шарт сомасын ұлғайту

Тапсырыс берушілер қосымша келісімді қандай сомаға жасау керектігін жиі сұрайды. 10 кг-ға шарт жасай отырып, санын 50 кг-ға ұлғайтуға бола ма? Шарттың және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жасалған қосымша келісімнің жалпы сомасы

 4000 АЕК-тен асса, бұзушылыққа жата ма?

Заңның 45-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында  шарт сомасын ұлғайту жағдайлары тек сатып алынатын тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер көлемінде бірлігі үшін бағаның өзгермеуі жағдайында қажеттіліктердің ұлғаюына байланысты ғана көзделген. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттағы мұндай өзгеріске аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін жылдық жоспарда көзделген сомалар шегінде жол беріледі. Осы тармақта көзделген өзгерістер негізгі шартқа қосымша келісім жасау жолымен, сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу жолымен  ресімделуге тиіс.

Мәселен, жоспарда 1500 теңгеден 300 бума қағаз көзделген, жеңімпаз өнім беруші  тауарды 1200 теңгеден жеткізді, тапсырыс берушіде 90 000 теңге үнем қалды, сәйкесінше ол осы сомаға тағы да 75 бума қағаз сатып ала алады.

Осылайша, қосымша келісімді тек қана бір нақты сатып алудан үнемделген сомаға жасауға болады. Сол тауарға, жұмысқа немесе көрсетілетін қызметке бөлінген қосымша ақшаға жаңа сатып алу жариялау қажет.

Порталда қосымша келісім жасау

Қосымша келісім жасауды "Тапсырыс беруші" рөліндегі пайдаланушы орындайды, ол үшін "Жұмыс кабинеті" мәзірінде "Менің шарттарымды" таңдауы қажет.

Сүзгілер жиынтығының көмегімен негізгі шартты іздеуді жүзеге асыру қажет. Неғұрлым толығырақ іздестіру үшін Кеңейтілген іздеу белсенді жазбасын басу керек.

Негізгі шарттың статусы "Қолданыста" немесе "Орындалған" болуға тиіс. Шарттың "Орындалған" статусы үшін, жүйе шартты ұзарту бойынша әрекеттерді ғана таңдауға мүмкіндік береді.

Қолданыстағы шартта "Қосымша келісім" қосымша парағын таңдау қажет.

Қосымша келісім жасау негіздемелерінің ықтимал түрлерін таңдау және "Қосымша келісім жасау" батырмасын басу керек.

Қосымша келісім жасау негіздемелері анықтамалығының мәндері және олармен байланысты жоспар тармақтарының талап етілетін өзгерістері төмендегі кестеде ұсынылған.

Қосымша келісім жасау

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты