Конкурстағы сараптама комиссиясының рөлі

83
Конкурстағы сараптама комиссиясының рөлі
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру кезінде ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынған ТЖҚ сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші тартатын, өткізілетін мемлекеттік сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнайы және (немесе) техникалық білімі, тәжірибесі мен біліктілігі бар жеке тұлға. Сараптама комиссиясы –  сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін сарапшыларды тарта отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші құратын алқалы орган.

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу кезінде ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы. Сараптау комиссиясын құру не сарапшыны тарту туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда сараптау комиссиясын құру туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшы не жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.

Сарапшылар (сараптама комиссиясы) төрағадан, төраға орынбасарынан және сараптама комиссиясының басқа да мүшелерінен тұрады. Төраға жоқ болған кезде оның қызметтерін төраға орынбасары атқарады. Сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ сандардан тұруы керек және үш адамнан кем болмауға тиіс. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде сарапшылар комиссиясы немесе сарапшы әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер талаптарының конкурстық құжаттамаға заттық сәйкестігіне қатысты сараптама қорытындысын береді.

Конкурстық комиссия сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысын, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегінде құрылған жағдайда ғана міндетті түрде ескереді. Конкурстық комиссия сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысын, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегінде құрылған жағдайда ғана міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытындыға сараптау комиссиясының мүшелері не сараптау комиссиясын құрмай-ақ сарапшыны анықтаған жағдайда, сарапшы қол қояды және конкурстық комиссия хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталдағы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамасына, мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы туралы хаттамаға қоса беріледі.

Сараптау комиссиясының әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтауы ашық дауыс берумен жүзеге асырылады және егер сараптау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда сараптау комиссиясының төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Сараптау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда осы сараптау комиссиясының кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады. Тиісті сараптамалық қорытындыда сараптау комиссиясының қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.

Мынадай адам сарапшы бола алмайды:

1) мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің нәтижелеріне мүдделі;

2) тапсырыс берушімен, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушымен не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарымен не әлеуетті өнім берушілермен еңбек қатынастарында байланысты;

3) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарының бірінші басшыларының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын адам.

Белгіленген талаптарға сәйкес келетін сарапшылар болмаған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші сарапшы ретінде жұмыс істеу үшін тиісті бейіндегі мемлекеттік қызметшілерді не мамандануы сатып алынатын тауарларға сәйкес келетін өзге де мамандарды тартады. Мемлекеттік қызметшілер сарапшылар ретінде өтеусіз негізде тартылады, ал өзге де мамандар тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы да, өтеусіз де негізде тартылады.

Сарапшылар ретінде тартылатын мемлекеттік қызметшілер не өзге де мамандар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль