Қаржылық тексерісті (аудит) өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу

60
Бурковская Марина Петровна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, ВКО
Қаржылық тексерісті (аудит) өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңының 1-қосымшасының 80-тармағына сәйкес, аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін I класты лицензия қажет.

Қаржылық тексерісті (аудит) өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәсілдері мемлекеттік сатып алудың ағымдағы жылдағы жылдық жоспарында көзделген сомаға байланысты. Егер бұл көрсетілетін қызметтің жылдық құны 100 АЕК-тен аспаса,  онда сатып алудың шартты тікелей жасау арқылы бір көзден алу  тәсілін таңдауға болады.

Егер сома 100 АЕК-тен 4000 АЕК-ке дейін болса, онда заңда баға ұсыныстарын сұрау тәсілі қарастырылған. Алайда бұл тәсілді осы жағдайда қолдануға болмайды, өйткені «Мемлекеттік сатып алулар туралы» (ары қарай – Заң) ҚР Заңының 37-бабы 4-тармағында шектеу белгіленген: «Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат алуды немесе хабарлама жіберуді талап ететін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға тыйым салынады».

 Лицензия болғанда ғана сатып алу тәсілдері бойынша шектеу баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен сатып алуларға ғана белгіленген. Шартты тікелей жасау арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алу кезінде заңда мұндай талаптар көзделмеген. Бұл ретте ұйымның осы қызметті көрсету үшін барлық қажетті құқықтарды иеленгеніне сенімді болу үшін, мүмкіндігінше өнім берушіде лицензияның бар екеніне көз жеткізу керек.

Егер жылдық сома 100 АЕК-тен асса, онда сатып алу тәсілі – электрондық конкурс.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 11) тармақшасында рейтингілік агенттіктердің, қаржылық қызмет көрсетудің қызметтерін шартты тікелей жасау арқылы бір көзден сатып алу көзделген.

Сонымен қатар бұл норма бойынша қаржылық аудитті сатып алуға болмайтынын есте ұстау қажет, өйткені «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын Мемлекеттік реттеу, бақылау және  қадағалау туралы» ҚР Заңына сәйкес,  қаржылық көрсетілетін қызметтер – сақтандыру нарығына,  бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі, банк қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, орталық депозитарийдің, бірыңғай тіркеушінің және өзара сақтандыру қоғамдарының лицензиялауға жатпайтын қызметі.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль