Веб-порталда шарттармен жұмыс істеу

107
Веб-порталда шарттармен жұмыс істеу
Мемлекеттік сатып алу веб-порталында шарт жобасын қалай құруға болады?

1. Шарт жобасын жасау

Шарт жасау үшін"Тапсырыс беруші" рөліндегі қолданушы "Менің шарттарым" тарауындағы "Жұмыс кабинеті" менюіне кіруі керек. Әрі қарай шарт жасау үшін лоттарды іздеуді толтыру нысаны көрінеді. Лот іздеу үшін міндетті тармақтар «Сатып алу тәсілі», «Жоспар тармағының үлгісі», «Сатып алу мәнінің түрі»болып табылады. Пайда болған менюден шарт жасаудың электрондық нысанына сәйкес келетін сатып алу тәсілін таңдау керек (2.1-қараңыз.Үлгілік, үлгілік емес (файлды тіркеу жолымен) немесе қағаз нысанда шарт жасау талаптары):

     Баға ұсыныстарын сұрату;
     Білікті өнім берушілер арасындағы конкурс;
     Екі кезеңдік конкурс;
     Екі кезеңдік рәсімді қолдану арқылы конкурс (Екікезеңдік рәсімді қолдану конкурсының 2-кезеңі); 
     Аукцион;
     Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен;
     Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен.

Талап етілетін лоттарды қанатбелгімен белгілеп,«Шарт жасау» батырмасын басу керек. Шарттың жасалғаны жөнінде хабарлама шығады. Шартты ашу үшін шарт нөмірінің белсенді сілтемесін басу қажет.

"Жалпы мәліметтер"  қосымшасында мына міндетті өрістерді толтыру керек: «Шарт нөмірі», «Шарттың қазақ тіліндегі сипаттамасы», «Шарттың орыс тіліндегі сипаттамасы», «Орындаудың жоспарланған күні», «Шарттың қолданылу мерзімі». Толтырып болғаннан кейін «Сақтау» түймешесін басасыз.

"Шарт мәндері" қосымшасында лоттар туралы ақпарат пайда болады. Толығырақ ақпаратты қарау үшін нөмір сілтемесін немесе редакциялау пиктограммасын басу қажет. "Лоттың жоспарланған орындалу мерзімі" өрісін міндетті түрде толтыру керек. "Бірлігі үшін баға (ҚҚС-ты есепке алмай)" өрісінде өнім берушінің баға ұсынысына сәйкес келетін мән пайда болады. Редакцияланған жағдайда сақтау керек.

"Тапсырыс беруші мен өнім беруші" қосымшасында өнім беруші мен тапсырыс беруші туралы ақпарат көрінеді. Қажет жағдайда"ҚҚС төлеуші"белгісін өзгертіп, пайда болған менюден сәйкес мәнді таңдайсыз. Әлеуетті өнім берушіні ҚҚС төлеуші ретінде тексергіңіз келсе, http://kgd.gov.kz/ru/services/ndspayer_search сілтемесіне өтуге болады.

"Шарт және келісім" қосымшасында шарт жобасы орналастырылады. Беттің төменгі жағында Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің) тізбесі мен шарт келісімінің сатылары көрінеді. Шарт бойынша барлық міндетті өрістер толтырылғаннан кейін "Шартты келісуге жіберу" түймешесін басу керек. Шартты тез толтыру үшін"Енгізу нысаны"қосымшасына өту ұсынылады.Қандай да бір мәнді толтыру үшін белсенді сілтемені басасыз, енгізу нысаны көрінеді.

"Келісу" қосымшасында келісім бойынша тапсырыс беруші мен өнім берушінің әрекеті көрінеді. Шарт бойынша сұрақ туындаған жағдайда өнім беруші тапсырыс берушіге хабарлама жібере алады, ол үшін сұрақ мәтінін енгізу өрісіне орналастырып, "Хабарлама жіберу" түймешесін басу керек.

Қажет жағдайда бұрын жасалған шартты іздей аласыз, фильтрді қолдануға болады. Кеңейтілген іздеу үшін"Кеңейтілген іздеу" белсенді сілтемесін басу қажет.

2.Өнім берушінің шартты мақұлдауы

Тапсырыс беруші шартты толтырып, келісуге жібергеннен кейін, өнім беруші шартты мақұлдау үшін "Менің шарттарым" тармағына "Жұмыс кабинеті" менюіне өтеді. Шарт статусы "Өнім берушінің келісуіне жіберілді"статусына, өнім беруші статусы – "Жеңімпаз" статусына өтеді. Шартты редакциялау үшін, пиктограмманы басу керек. Шарт карточкасы көрінеді.

"Жалпы" қосымшасында шарт бойынша ортақ ақпарат көрінеді. Қосымша мәліметтерді көру үшін қосымшаларға өту қажет.

"Шарт және келісім" қосымшасында шарт жобасы орналастырылады. Беттің төменгі жағында Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің) тізбесі (1-қосымша) мен  шарт келісімінің сатылары көрінеді. Шарт бойынша барлық міндетті өрістер толтырылғаннан кейін "Шартты келісуге жіберу" түймешесін басу керек. Шартты тез толтыруүшін "Енгізу нысаны" қосымшасына өту ұсынылады.

"Келісу" қосымшасында келісім бойынша тапсырыс беруші мен өнім берушінің әрекеті көрінеді. Шарт бойынша сұрақ туындаған жағдайда өнім беруші тапсырыс берушіге хабарлама жібере алады, ол үшін сұрақ мәтінін енгізу өрісіне орналастырып,  "Хабарлама жіберу" түймешесін басу керек.Өнім беруші "Шартты келісуге жіберу" батырмасын басқаннан кейін, шарт статусы"Тапсырыс берушінің келісуіне жіберілді" статусына өзгереді.

Шартпен жұмысты жүзеге асыру үшін, редакциялау пиктограммасын басып,"Шарт және келісім"қосымшасына өту керек.Өнім беруші енгізген мәліметтерді қарау қажет. Енгізілген мәліметтермен келіскен жағдайда"Мен шарт мәліметтерімен келісемін" терезешесіне қанатбелгі қойып, "Шартты келісуге жіберу" түймешесін басу керек.Өнім беруші шартты бекіткеннен кейін, жүйе бекіту хабарламасын көрсетеді және шарт статусын «Тапсырыс берушінің келісуіне жіберілді» статусына өзгертеді.

Тапсырыс беруші шартты мақұлдағаннан кейін Өнім беруші тарапынан «Шарт және келісім» қосымшасына өтеді. Өнім беруші енгізген мәліметтерді қарау керек. Енгізілген мәліметтермен келіскен жағдайда «Мен шарт мәліметтерімен келісемін» терезесіне қанат белгі қою талап етіледі және «Шартты келісуге жіберу» түймешесін басу керек.

Келісу немесе қол қою сатысында шарт жобасына өзгерістер енгізу қажет болса, «Келісуді қайтару»түймешесін басамыз.Бұл түймеше шарт «Қолданыста» статусына енгенше белсенді болады (мына статустарда: Тапсырыс берушінің келісуіне жіберілді, Тапсырыс берушінің қол қоюында, Өнім берушінің қол қоюында, Басып шығару нұсқаларын жасау, Тіркеуге жіберуге дайын).

3. Шартқа қол қою

Өнім беруші шартты мақұлдағаннан кейін, Тапсырыс беруші шарт жобасын қарау нысанындағы «Шарт және келісім» қосымшасында («Шарт» шағын қосымшасы) «Шарт мәліметтерімен келісемін»өрісіне қанатбелгі қойып,«Келісімді аяқтау» түймешесін басу керек.Шартқа«Тапсырыс берушінің қол қоюында»статусы беріледі.

Экранда «Шарт бекітілді, тапсырыс беруші оның мазмұнымен келісті, құжат жасау күтілуде» хабарламасы көрінеді. «Шарт жасау»түймешесін басу керек,жүйе PDF форматындағы файлды қалыптастырады, көру үшін белсенді сілтемені басу талап етіледі. Шартқа немесе техникалық ерекшелікке қол қою үшін«Қол қою» түймешесін пайдалану қажет.Шартқа қол қояр алдында міндетті түрде техникалық ерекшелікке қол қою талап етіледі. Шартқа «Басшы (қол қою құқығы)» өкілеттігі бар қызметкерлер ғана қол қоюға құқылы.

Тапсырыс беруші мен өнім беруші тарапынан шартқа қол қойылғаннан кейін «Шарт және келісім» («Шарт» ішкі қосымшасы) қосымшасында шартты көру нысанында«Басып шығару нұсқаларын жасау» түймешесі қолжетімді болады.

ЭЦҚ-мен қол қойғандар туралы ақпаратты көру үшін «Көрсету» түймешесін басу керек.

 «Басып шығару нұсқаларын жасау» түймешесін басқаннан кейін шарттың жасалғаны туралы хабарлама көрінеді. Қазынашылықта тіркелетін шарт статусы «Тіркеуге жіберуге дайын» статусына ауысады, Қазынашылықта тіркелмейтін шарт үшін статус «Қолданыста» статусына ауысады. «Басып шығару нұсқасы» тармағында идентификаторды, шарттың жүйелі нөмірін және сыртқы жария сервис сілтемесін қамтитын PDF форматында жасалған файл орналастырылатын болады. Көру және жүктеу үшін белсенді сілтемені басу керек.

Өнім беркушінің тарапынан шарт жобасына қол қою мерзімінің бұзылуы веб-порталда автоматты түрде анықталады. Бұндай бұзушылыққа жол берген өнім беруші уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль