MCFR.KZ Госзакупки

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізілімі

  • 27 августа 2018
  • 59
Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізілімі

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танудың негіздерін, шарттарын және тәртібін реттейтін бірқатар нормалардан тұрады.

Өнім берушілер және/немесе әлеуетті өнім  берушілер қандай жағдайларда тізілімге енгізіледі

 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың (бұдан әрі – ЖҚТ) тізілімі:

          1) тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды біржақты тәртіппен бұзған, орындалуы барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіндігі немесе өзінің осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені, соның нәтижелері бойынша осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік бергені анықталған өнім берушілердің;

         2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілердің (екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің);

         3) өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне Заңның 39-бабы 3-т. 1), 2), 27) және 36)  тарм. көзделген жағдайларда анықталған әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер енгізілмейді.

Тізілімге енгізу тәртібі

Әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді ЖҚТ-ге енгізу мына түрде жүзеге асырылады:

1) жүйемен автоматты түрде  егер жеңімпаз деп танылған немесе екінші орын алған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімдерде веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймаса,  мұндай әлеуетті өнім беруші веб-портал арқылы қабылданған уәкілетті органның шешімімен автоматты түрде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізіледі; 

2) уәкілетті органның шешімімен – егер өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасай отырып,  шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды уақтылы орындамаса;

3) соттың шешімімен – жосықсыз қатысушылар тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес тапсырыс берушілер уәкілетті органға сот шешімінің көшірмесін (электрондық көшірмені), сондай-ақ осы әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметті  веб-портал арқылы электрондық түрде береді.

 Өнім беруші тізілімге қандай мерзімге енгізіледі

Заңның 12-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

  Заңның 12-бабының  4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер уәкілетті орган оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

Тізілімге енгізілген өнім берушімен шарт жасау

Тізілімге енгізілген әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасауға бола ма? 

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізілімі 

Арайлым Ахметрасулова

"Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар" журналының бас редакторы, мемлекеттік сатып алулар бойынша «ACTUALIS» ЭЖ сарапшысы
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде тапсырыс беруші шартты жасау сатысында жеңімпазды анықтағаннан кейін жеңімпаз мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілетін жағдайға тап болуы мүмкін.

Тізілімге енгізудің тәртібі мен нәтижесі қандай

ЖҚТ-ге енгізу үшін өтінімді жасау және жіберу

Жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізуге арналған мәліметтермен өтінім жасау және жіберу үшін «Жұмыс кабинеті» – «ЖҚТ-ге енгізу өтінімдері» бөліміне өту керек.

Мәліметтері бар өтінімді басқару нысанында басқарудың мына элементтері орналасқан:

Өріс атауы

Тәртібі

Өтінім нөмірі

Мәліметтері бар өтінімнің ерекше сәйкестендіру нөмірін шығару бағаны, оны басқанда, өтінім «Жасалды» статусында тұрған жағдайда, өтінімдегі мәліметтерді редакциялау парағы ашылады

Өнім берушінің атауы

Мәліметтері бар өтінімді жасау кезінде таңдалған өнім берушінің тіркеу деректерінің атауы көрсетіледі

Өнім берушінің БСН/ЖСН

Мәліметтері бар өтінімді жасау кезінде таңдалған қатысушы деректерінің тіркеу БСН/ЖСН көрсетіледі

Өнім берушінің СТСН/СТЕН

Мәліметтері бар өтінімді жасау кезінде таңдалған ҚР бейрезиденті – қатысушы деректерінің тіркеу СТСН/СТЕН көрсетіледі

Сот шешімінің нөмірі

Мәліметтері бар өтінімді жасау кезінде қолданушы көрсеткен сот шешімінің нөмірін шығару бағаны

Статус

Мәліметтері бар өтінімнің статусын шығару бағаны

Өтінім жіберген тұлға

Уәкілетті органға өтінім жіберген қолданушының Т. А. Ә. шығару бағаны

Тапсырыс берушінің өтінімдерін жіберу күні мен уақыты

Мәліметтері бар өтінімді өңдеуге жіберудің күні мен уақытын шығару бағаны

УО-ның өтінімді енгізу/қабылдамау күні мен уақыты

Уәкілетті органның мәліметтері бар өтінімді қарау күні мен уақытын шығару бағаны

Функциялар

Пәрмені бар баған уәкілетті органға өтінім жіберу/«Жасалды» статусындағы өтінімді жою үшін қызмет етеді

Уәкілетті органға әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы мәліметтері бар өтінімді жіберу үшін, «ЖҚТ-ге енгізу мәліметтері» бөлімінде «Өтінім жасау» батырмасын басу керек, ашылған терезеде мәліметтерді толтыру қажет. «Өнім берушіні (әлеуетті) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану негіздемесі» өрісінде мынадай мәліметтер болады:

А) Әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптары бойынша  анық емес ақпарат берді;

Б) Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 6-бабының талаптарын бұзуға жол берді;

В) Өнім беруші онымен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамады немесе тиісінше орындамады;

Г) Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасай отырып,  шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды уақтылы орындамады.

А)/ Б)/ В) негіздемелерін таңдау кезінде сот шешімі туралы мәліметтерді толтыру жөніндегі өріс қолжетімді болады және растаушы құжатты тіркеу міндетті шарт болып табылады. «Файлды таңдаңыз» батырмасын басқанда қатқыл дискіде файлға жол көрсету жүргізіледі. Файлды таңдағаннан кейін ЭЦҚ-ның тіркелген файлына қол қою қажет. Аталған тізілім заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жасалады.

Г) негіздемесін таңдағанда сот шешімі туралы мәліметтерді толтыру бойынша өріс қолжетімсіз және растаушы құжатты тіркеу міндетті шарт болып табылмайды. Уәкілетті орган аталған негіздемедегі өтінімді растағаннан кейін жүйе өтінімге PDF форматында уәкілетті органның бұйрығын жасайды және тіркейді.

Тапсырыс берушілердің уәкілетті органға жіберген өтінімдері жоюға және редакциялауға жатпайды. 

Уәкілетті орган ЖҚТ-ге енгізу туралы мәліметтері бар өтінімді сәтті түрде растаған жағдайда «Статус» бағанасында «ЖҚТ-ге енгізілді» мәні көрсетіледі.

Өнім беруші туралы ақпарат Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне беріледі. Өнім беруші қатысуға өтінім беру мүмкіндігінсіз жосықсыз қатысушы атанады.  Уәкілетті орган ЖҚТ-ге енгізуді растағаннан кейін жүйе бір күн ішінде  деректерді өңдейді және  мемлекеттік сатып алу веб-порталының басты бетінде (https://v3bl.goszakup.gov.kz/ru/searchanno) «Тізілімдер» тауарында «Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі» қосымша менюінде ақпаратты көрсетеді.

Егер өнім беруші тізілімге енгізілген болса, шартты бұзу  


Шартты бұзудың заңдылығы

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізілімі 

Рауана Карабаева

заңгер, "Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар" журналының авторы, мемлекеттік сатып алулар бойынша «ACTUALIS» ЭЖ сарапшысы
Шарт ағымдағы жылдың соңына дейінгі мерзімде орындалады деп жасалды, бірақ өнім беруші басқа шарт бойынша ЖҚТ-не енгізілді. Шартты бұзу керек пе?

Тізілімнен алып тастау

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміндегі мәліметтер Заңның 12-бабы 6-тармағының бірінші және екінші бөліктерімен белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетілген тізілімнен алынып тасталады.

 Мұндай тізілімге ілінбес үшін, әлеуетті өнім беруші, оған сатып алуды ұйымдастырушы тарапынан қойылатын талаптарды мұқият зерделеуі және жоғарыда көрсетілген санамада көзделген бұзушылықтарға жол бермеуі тиіс.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться