Мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін бұзғаны үшін жауапкершілік

80
Мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін бұзғаны үшін жауапкершілік
Хусаинова Диана Шайкемеловна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешім қабылдауына негіз болған, сараптама комиссиясының не сарапшының көрінеу жалған сараптамалық қорытынды дайындауы - елу айлық есептік көрстекіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

ҚР ӘҚБтК 207-бабының 10-тармағына сәйкес, конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешiм қабылдауына негiз болған, сараптама комиссиясының не сарапшының көрiнеу жалған сараптамалық қорытынды дайындауы – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

ҚР ӘҚБтК 207-бабының 11-тармағында көзделген әкімшілік жауапкершіліктің болуы мемлекеттік сатып арәсімінде маңызды рөл атқарады, атап айтқанда, мынадай:

1) тапсырыс беруші өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты біржақты тәртіппен бұзған, оны орындау барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіні немесе нәтижесінде осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік берген осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені анықталған;

2) өнiм берушi өзiмен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған жағдайларда, тапсырыс берушiнiң әлеуеттi өнiм берушiлердi, өнiм берушiлердi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнбеуi немесе уақтылы жүгiнбеуi –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. Сонымен Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес, тапсырыс берушінің өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге мерзімі көзделген.

ҚР ӘҚБтК 207-бабының 12-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында  көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру – лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Заңның 39-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайдаларда жүзеге асырылады.

Заңның 27-бабының 3-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі нысанасына конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қарау туралы шешім қабылданған күні қол қояды.

Конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасында қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталып, оның ішінде әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, конкурсқа қатысуға берілген өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

Әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келген жағдайда, конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделмейді.

Заңның 28-бабының 2-тармағына сәйкес, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамада мынадай:

1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру туралы;

2) осы Заңның 27-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес конкурстық комиссияның сұрау салулары туралы;

3) конкурсқа қатысуға берілген өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталып, оның ішінде біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, олар туралы ақпарат;

4) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.

Мемлекеттік сатып алу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартудың ҚР ӘҚБтК 207-бабының 13-тармағына сәйкес келесі негіздемесі – конкурсқа (аукционға) қатысуға алдын ала жіберу хаттамаларында конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімін қабылдамау себептерін егжей-тегжейлі сипатталуын, оның ішінде оның біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсетпеу, өйткені бұл лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Қорытындылай келе, мемлекеттік сатып алу бойынша әкімшілік жауапкершіліктің болуы барлық мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, мемлекеттік сатып алудың қағидаттарын, әсіресе мемлекеттік сатып алудың ашықтығы мен жариялылығы, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдеріне қатысуға тең мүмкіндіктер беруін және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қағидаттарын сақтауға мүмкіндік береді.

Әкімшілік жазаға тартылғаннан кейінгі бір жыл ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қайталап бұзған жағдайларда жауапкершілік қатаңдатылатынын ескеру қажет.

Алайда, ҚР ӘҚБтК 207-бабы 2-тармағының негізінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар дербес жойылған жағдайда, лауазымды адам осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайтынын ескеру қажет.

Дереккөз:  "Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар" журналы, № 9



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль