Конкурстық комиссияның өтінімдерді, олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін қарауы

45
Конкурстық комиссияның өтінімдерді, олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін қарауы
Мухаметжанова Сара Султановна
Редактор-эксперт, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Конкурстық комиссия барлық өлшемшарттар бойынша қойған баллдар порталда автоматты түрде жинақталады, соның нәтижесінде әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігіне баллдармен көрсетілген қорытынды баға қойылады.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді, олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін өтінімдер ашылған күннен бастап он күн ішінде  қарайды.

Жалпы жиналған баллдардың санына қарай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық ұсыныстарына мынадай шартты азайту қолданылады:

1) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 15 баллдан 20 баллды қоса есептегенде құраса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 10%-ға шартты азайтылады;

2) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 21-ден 27-ге дейін баллды құраса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 20%-ға шартты азайтылады;

3) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 27 баллдан жоғары болса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 30%-ға шартты азайтылады.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсынымдарына бағаны шартты азайтуды қолданады.

Мемлекеттік сатып алу порталы автоматты түрде конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын салыстырады және ең төменгі шартты баға негізінде жеңімпазды айқындайды.

Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған жағдайда, сатып алынатын қызметтің нарығында жұмыс тәжірибесі көп конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Әлеуетті өнім берушілер өздерінің техникалық ерекшеліктерін бағалау үшін ұсынған талаптар шақа енгізіледі.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі мыналар болып табылады:

1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбейді;

2) конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына әсер ететін өлшемшарттарды қолданбайды;

3) конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау рәсімдері жүзеге асырылмайды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында көрсетілетін қызметтерді орналастыру және орындау үшін тапсырыс берушілердің жауапкершілігі мәселесін қарай келе, оны жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын атап өткен жөн:

заңға сыйымдылық;

ҚР-да әлеуметтік бағдарламаларды,әлеуметтік жобаларды іске асырудың тиімділігін арттыру;

ҚР азаматтарының әлеуметтік міндеттерді шешуге қатысуы;

үкіметтік емес ұйымдардың конкурсқа қатысу үшін тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үдерісінің ашықтығы мен жариялылығы.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылауды тапсырыс беруші, сондай-ақ өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінде, ҚР Қылмыстық кодексінде, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңында тапсырыс берушілердің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру және орындау туралы заңнамаларды бұзғаны үшін жауапкершілігі көзделген.

Әлеуметтік тапсырысты орындау және орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты әлеуметтік жобаларды іске асыратын тапсырыс берушілермен қатар өнім берушілердің де жауапкершілігі маңызды болып табылады.

Сонымен қатар, өнім берушінің шарт бойынша, сондай-ақ іс-шаралардың атауы мен нысаны, мақсаттық топ, өткізілетін орны және мерзімі, халықты қамту көзделген тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізу бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары аясында барлық міндеттемелерін орындауы маңызды рөл атқарады.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях