Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР заңнамасындағы өзгерістер ескерілген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды мемлекеттік сатып алу

37
Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР заңнамасындағы өзгерістер ескерілген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды мемлекеттік сатып алу
Мухаметжанова Сара Султановна
Редактор-эксперт, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің материалдық-техникалық базасына сипаттамалар және талаптардың қамтылуы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін міндетті талап болып табылады.

Егер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар бір қаржы жылынан асатын мерзімге жүргізілетін болса, әлеуетті өнім беруші онда бекітілген конкурстық құжаттамада көзделген материалдық ресурстардың болуын растауға міндетті.

Егер әлеуетті өнім берушінің материалдық-техникалық базасы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, оның өтінімі сатып алуға қатысуға қабылданбайды.

Ұйымдастырушы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілермен ұсынылатын техникалық ерекшелікті бағалау үшін мынадай өлшемшарттарды көздейді:

1) әлеуетті өнім берушімен ұсынылған жобаның тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігіндегі талаптарына сәйкестігін;

2) сатып алынатын қызметтердің тапсырыс беруші ұйымының және салалық мамандығының миссияларына сәйкестігін (құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның мақсаты);

3) әлеуетті өнім берушінің «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорыңда» болуы туралы мәліметтерін;

4) жұмыс тәжірибесінің болуы;

5) жобаны іске асыру шеңберінде әлеуетті қызметті алатындардың сапалы және сандық құрамы (барлық іс-шаралардың тікелей қатысушылары);

6) жобаны іске асыру тиімді қорытындысын бағалау индикаторларының бар болуы;

7) бюджеттік емес көздерден қосымша қаржыларды тарту мүмкіндігі туралы мәлімет (сандық және пайыздық түрінде);

8) тапсырыс берушімен қойылған мақсаттарға қол жеткізу бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының бар болуы (іс-шараның атауы мен нысаны, мақсаттық топ, өткізілетін орны және мерзімі, халықты қамту).

Осылайша, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты өткізу кезінде конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына әсер ететін өлшемшарттардың пайыздық мәнін қолданбайды.

Әлеуетті өнім берушінің Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларындағы конкурстық құжаттамаға 12-қосымшада белгіленген техникалық ерекшеліктерді бағалау өлшемшарттарына сәйкес келуі маңызды болып табылады.

Сонымен, егер әлеуетті өнім беруші ұсынған техникалық ерекшелік конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келсе – 1 балл беріледі, егер ол неғұрлым үздік сипаттамаларды қамтыса – 2 балл беріледі.

Сатып алынатын қызметтің тапсырыс берушінің салалық мамандандыру ұйымы миссиясына (ұйым мақсатының құрылтайшы құжаттарға сәйкес келуі) сәйкес келгені үшін:

1 балл – егер миссиясы/мақсаты сатып алынатын қызметке сәйкес келсе, бірақ Тапсырыс берушінің салалық мамандандануына сәйкес келмесе;

2 балл – егер миссиясы/мақсаты сатып алынатын қызметке сәйкес келсе және Тапсырыс берушінің салалық мамандануына ішінара сәйкес келсе;

3 балл – егер миссиясы/мақсаты сатып алынатын қызметке сәйкес келсе және Тапсырыс берушінің салалық мамандануына сәйкес келсе.

Техникалық ерекшелігі мен ұйымының миссиясы тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына және салалық мамандануына сәйкес келмеген өнім әлеуетті беруші жалпы жиналған баллдардың санына қарамастан, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 11 баллдан төмен әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях