Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері

100
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері
Мухаметжанова Сара Султановна
Редактор-эксперт, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  «Мемлекеттік сатып алу туралы»  ҚР Заңы 51-бабының 6-тармағына сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу ҚР қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

К сведению! Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – үкіметтік емес ұйымдар бюджет қаражаты есебінен орындайтын әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру нысаны.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Бұл ретте мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тапсырыс берушілері республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, яғни, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер мен жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар болып табылады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы»  ҚР Заңының 5-бабында көзделген бағыттар бойынша жарғылық мақсаттарға сәйкес қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары қатысады.

Үкіметтік емес ұйым азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар ерікті негізде құрған әлеуметтік бағдарламаларды, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік жобаларды іске асырушы коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда).

 

Внимание! Әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурс тәсілімен, тек электронды түрде республикалық мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптары мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу мерзімдері «Мемлекеттік сатып алу туралы»  Қазақстан Республикасының заңымен регламенттелмейді. Әлеуетті өнім берушілер өздерінің төлем қабілеттілігін, сондай-ақ материалдық ресурстарының болуын растамайды.

 

Маңызды. Егер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар бір қаржы жылынан асатын мерзімге жүргізілетін болса, әлеуетті өнім беруші онда бекітілген конкурстық құжаттамада көзделген материалдық ресурстардың болуын растауға міндетті. Бұл ретте конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің материалдық-техникалық базасына сипаттамалар және талаптардың қамтылуы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін міндетті талап болып табылады.

Егер әлеуетті өнім берушінің материалдық-техникалық базасы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, оның өтінімі сатып алуға қатысуға қабылданбайды.

Ұйымдастырушы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілермен ұсынылатын техникалық ерекшелікті бағалау үшін мынадай өлшемшарттарды көздейді:

1) әлеуетті өнім берушімен ұсынылған жобаның тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігіндегі талаптарына сәйкестігін;

2) сатып алынатын қызметтердің тапсырыс беруші ұйымының және салалық мамандығының миссияларына сәйкестігін (құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның мақсаты);

3) әлеуетті өнім берушінің «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорыңда»  болуы туралы мәліметтерін;

4) жұмыс тәжірибесінің болуы;

5) жобаны іске асыру шеңберінде әлеуетті қызметті алатындардың сапалы және сандық құрамы (барлық іс-шаралардың тікелей қатысушылары);

6) жобаны іске асыру тиімді қорытындысын бағалау индикаторларының бар болуы;

7) бюджеттік емес көздерден қосымша қаржыларды тарту мүмкіндігі туралы мәлімет (сандық және пайыздық түрінде);

8) тапсырыс берушімен қойылған мақсаттарға қол жеткізу бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының бар болуы (іс-шараның атауы мен нысаны, мақсаттық топ, өткізілетін орны және мерзімі, халықты қамту).

К сведению! Осылайша, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты өткізу кезінде конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына әсер ететін өлшемшарттардың пайыздық мәнін қолданбайды.

Важно. Әлеуетті өнім берушінің Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларындағы конкурстық құжаттамаға 12-қосымшада белгіленген техникалық ерекшеліктерді бағалау өлшемшарттарына сәйкес келуі маңызды болып табылады.

Например. Сонымен, егер әлеуетті өнім беруші ұсынған техникалық ерекшелік конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келсе – 1 балл беріледі, егер ол неғұрлым үздік сипаттамаларды қамтыса – 2 балл беріледі.

Сатып алынатын қызметтің тапсырыс берушінің салалық мамандандыру ұйымы миссиясына (ұйым мақсатының құрылтайшы құжаттарға сәйкес келуі) сәйкес келгені үшін:

1 балл – егер миссиясы/мақсаты сатып алынатын қызметке сәйкес келсе, бірақ Тапсырыс берушінің салалық мамандандануына сәйкес келмесе;

2 балл – егер миссиясы/мақсаты сатып алынатын қызметке сәйкес келсе және Тапсырыс берушінің салалық мамандануына ішінара сәйкес келсе;

3 балл – егер миссиясы/мақсаты сатып алынатын қызметке сәйкес келсе және Тапсырыс берушінің салалық мамандануына сәйкес келсе.

Важно. Техникалық ерекшелігі мен ұйымының миссиясы тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына және салалық мамандануына сәйкес келмеген өнім әлеуетті беруші жалпы жиналған баллдардың санына қарамастан, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 11 баллдан төмен әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді, олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін өтінімдер ашылған күннен бастап он күн ішінде  қарайды.

Конкурстық комиссия барлық өлшемшарттар бойынша қойған баллдар порталда автоматты түрде жинақталады, соның нәтижесінде әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігіне баллдармен көрсетілген қорытынды баға қойылады. 

 

Внимание! Жалпы жиналған баллдардың санына қарай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық ұсыныстарына мынадай шартты азайту қолданылады:

1) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 15 баллдан 20 баллды қоса есептегенде құраса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 10 %-ға шартты азайтылады;

2) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 21-ден 27-ге дейін баллды құраса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 20 %-ға шартты азайтылады;

3) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 27 баллдан жоғары болса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 30 %-ға шартты азайтылады.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсынымдарына бағаны шартты азайтуды қолданады.
    Мемлекеттік сатып алу порталы автоматты түрде конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын салыстырады және ең төменгі шартты баға негізінде жеңімпазды айқындайды.

Важно! Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған жағдайда, сатып алынатын қызметтің нарығында жұмыс тәжірибесі көп конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Әлеуетті өнім берушілер өздерінің техникалық ерекшеліктерін бағалау үшін ұсынған талаптар шақа енгізіледі.

Внимание! Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі мыналар болып табылады:

1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбейді;

2) конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына әсер ететін өлшемшарттарды қолданбайды;

3) конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау рәсімдері жүзеге асырылмайды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында көрсетілетін қызметтерді орналастыру және орындау үшін тапсырыс берушілердің жауапкершілігі мәселесін қарай келе, оны жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын атап өткен жөн:

1) заңға сыйымдылық;

2) ҚР-да әлеуметтік бағдарламаларды,әлеуметтік жобаларды іске асырудың тиімділігін арттыру;

3) ҚР азаматтарының әлеуметтік міндеттерді шешуге қатысуы;

4) үкіметтік емес ұйымдардың конкурсқа қатысу үшін тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үдерісінің ашықтығы мен жариялылығы.

Важно! Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылауды тапсырыс беруші, сондай-ақ өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  ҚР Кодексінде, ҚР Қылмыстық кодексінде, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  ҚР Заңында тапсырыс берушілердің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру және орындау туралы заңнамаларды бұзғаны үшін жауапкершілігі көзделген.

Әлеуметтік тапсырысты орындау және орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты әлеуметтік жобаларды іске асыратын тапсырыс берушілермен қатар өнім берушілердің де жауапкершілігі маңызды болып табылады.

Сонымен қатар, өнім берушінің шарт бойынша, сондай-ақ іс-шаралардың атауы мен нысаны, мақсаттық топ, өткізілетін орны және мерзімі, халықты қамту көзделген тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізу бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары аясында барлық міндеттемелерін орындауы маңызды рөл атқарады.

 Дереккөз: "Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар", № 9



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль