Заңнамадағы өзгерістер және кәсіби мемлекет құру

25
Бурковская Марина Петровна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, ВКО
2015 жылдың соңына қарай Заң жаңа редакцияда қабылданып, жаңартылды және осы өзгерістердің басым үлесін сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оның ішінде мемлекеттік сатып алу аясындағы іс-шаралар құрайды.

2015 жылғы 4 желтоқсанда мемлекет басшысы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң мемлекет басшысының тапсырмаларына, сондай-ақ, өзге де міндеттерді арасында мемлекеттік қызметшілерді тұрақты оқыту жүйесін заңнамалық бекіту, «әрбір азамат шенеуніктер мен кәсіпкерлер заңға бағынатын мінез-құлық үлгісін көрсеткен жағдайда, ол да солар сияқты заң аясында әрекет ету қажеттігін түсінетін» сенімді құқықтық орта қалыптастыру көзделген бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадамдар» – Ұлт жоспарының аясында қабылданды.

Тұтастай алғанда 2015 жылдың соңына қарай заң 80 жаңа редакцияда қабылданып, жаңартылды және осы өзгерістердің басым үлесін сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оның ішінде мемлекеттік сатып алу аясындағы іс-шаралар құрайды.

Өткен 2015 жылдың басты оқиғалары Қазақстан мемлекет тұрақтылығын сақтай отырып, жаңаруға, оның ішінде кәсіби мемлекет құруға бағыт алғанының куәсі болды.

Мемлекеттік сатып алу саласында жұмыс істей отырып, біз бұл мемлекеттік институттың қаншалықты маңызды міндеттерді шешетінін көреміз. Мемлекеттік қаражатты ақылға қонымды жұмсаудан басқа, бұл сонымен қатар сатып алудағы салауатты бәсекелестікті құру яғни, сол арқылы тұтастай алғанда біздің бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл сатып алуды электрондық алаңға көшіру арқылы сыбайлас жемқорлықпен күресу және өз өкілеттіктерін теріс пайдаланатын тұлғаларға қатысты жауапкершілікті қатаңдату. Ол мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы өзгерту және оны халықаралық нормалар мен қазіргі заманғы әлемдік экономиканың талаптарына сәйкес келтіру үшін жасалып отыр.

2016 жылдың басында, мемлекеттік сатып алу саласында маңызды өзгерістер орын алды. Сонымен, шарттардың электрондық нысанынының енгізілуі ұйымдастырушылармен қатар өнім берушілерге де әсерін тигізді: олар жеткізу шарттары мен техникалық ерекшеліктерді неғұрлым мұқият жасай және зерделей бастады, өйткені сатып алу жүргізілгеннен кейін шарт талаптарын өзгертуге еш мүмкіндік болмайды. Сатып алудың жылдық жоспарына айына бір реттен аспайтын өзгертулер енгізу, тапсырыс берушілерді жоспарлауды қатаң аяда жүргізуге мәжбүр етті.

Осы және басқа да өзгерістер сатып алуды ұйымдастырушылардың кәсіби деңгейін және өнім берушілердің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде, көбінесе қасақана емес, сатып алу нысанын білмегендіктен жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды азайтады. Нәтижесінде, ол бизнес тарапынан мемлекетке деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Өзгерістердің арасында, біздің пікірімізше мемлекеттік сатып алу үдерісін жаңа сапалық деңгейге көтерген бір нәрсе бар. Ол мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылау.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен Камералдық бақылау жүргізу қағидалары бекітілді. Бұл қағидалар ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды.

Заңның 16-бабының нормаларында уәкілетті орган ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды, оның ішінде камералдық бақылауды жүзеге асыратыны белгіленген.

Уәкілетті орган – бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган деп қазынашылық органдары ұғынылады.

Камералдық бақылау дегенімін не?

Ұғымға сәйкес, камералдық бақылау – ақпараттық жүйелер деректерін, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстырып тексеру негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісіне бармай Комитет және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асыратын бақылаудың өзге нысаны.

Басқаша айтқанда, мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылау – бұл мемлекеттік сатып алу субъектілерін мемлекеттік сатып алуды веб-портал арқылы жариялау және өткізу кезіндегі бұзушылықтарды анықтау нысанына тұрақты түрде қашықтықтан тексеру.

Камералдық бақылау едәуір күрделі ұйымдстыру жүйесін құрайды және мынадай элементтерден тұрады: а) бақылау субъектілері; б) бақылау объектілері; в) бақылау нысаны; г) бақылау мақсаттары; д) бақылауды жүзеге асыру әдістері.

  • Бақылау субъектілері – ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті және оның аумақтық құрылымдары.
  • Бақылау объектілері – тапсырыс берушілер, ұйымдастырушылар, бірыңғай ұйымдастырушылар.
  • Бақылау нысаны – мемлекеттік сатып алуды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыру.
  • Бақылау мақсаттары – бұзушулықтардың алдын алу және болдырмау.
  • Бақылау әдістері – мемлекеттік сатып алудың ағымдағы ахуалын http://www.goszakup.gov.kz/ веб-порталы арқылы онлайн режимде тексеру.

Камералдық бақылаудың басты мақсаты бұзушулықтардың дер кезінде алдын алу және болдырмау. Бұл ретте тексеру жүргізу кезінде уәкілетті орган бұзушылыққа жол берген тұлғаны жазалауды өз алдына мақсат етіп қоймайды, өйткені камералдық бақылаудың маңызды бөлігі тексеру объектісіне камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру болып табылады.

Сондай-ақ бұл үдерістің маңызды бөлігіне, камералдық бақылаудың тек жоюға болатын бұзушылықтарға ғана қолданылу жағдайы жатады. Яғни, егер камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтардың жойылған туралы хабарлама алынған жағдайда, яғни бұл бұзушылық жойылуға жатса және ол уақытында жойылса, жазалау орын алмайды.

Заң бұзушылықтарды анықтаудың қисынды қарапайым және адал жүйесі осындай.

Әлбетте, бұл жағдай мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылау үдерісінде бақылау субъектіс/объектісі мен әлеуетті өнім берушілер арасында сенімділік ахуалын құратыны сөзсіз. Бұндай сенім сатып алуды өткізу рәсімдері туралы сенімді және толық ақпаратқа негізделеді сол арқылы Заңның 4-бабында көзделген бірнеше қағидаттар, атап айтқанда:

1) әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;

2) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

3) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы;

4) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу қағидаттары бірден іске асырылады. 



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль