Экономикалық белсенділікті қолдауға арналған ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы шаралары

41
Гафуров Ернар Еркенович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Әлемдік экономиканың өсуінің төмендеуі, негізгі сауда серіктестерінің нығаю қарқындарының әлсіреуі, мұнай бағасының төмендеуі ірі экономикалық сектордың сенімділігін азайтты.

Сауда кәсіпорындарында сатылған тауарлардың көлемі 2016 жылға қаңтарда 270,5 млрд теңгені құрады немесе 2015 жылдың қаңтар айына қарағанда 9,6 %-ға аз. Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес өнімдер (бөлшек сауданың жалпы көлемінің 67 %-ы) басым. Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 7,8 % -ға азайды, азық-түлік өнімдері – 5,5 %-ға өсті.

2016 жылғы 1 ақпанға қарағанда бөлшек саудадағы сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі 345,2 млрд теңгені, күнге шаққандағы сауда-саттық – 77 күнді құрады. 2016 жылғы қаңтар айында республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі ең көп салыстырмалы үлесі Алматы (31,2 %), Астана (11,1 %) және Қарағанды ​​(9,1 %) қалаларына тиесілі.

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) сарапшылары 2016 жыл Қазақстан экономикасы үшін қиын жыл болуы мүмкін деген болжам жасайды. Алайда, ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы іс-шаралар аясында қабылдаған пәрменді шаралары экономикалық белсенділікті қолдауға, төлем балансының қиындықтарын шектеуге және 2016 жылдың соңына қарай инфляцияны төмендетуге мүмкіндік береді.

Әлемдік экономиканың өсуінің төмендеуі, негізгі сауда серіктестерінің нығаю қарқындарының әлсіреуі, мұнай бағасының төмендеуі ірі экономикалық сектордың сенімділігін азайтты. Дегенмен, өңдеу өніркәсіптері, құрылыс және қызмет көрсету сферасының кейбір салалары икемді айырбас бағамы режиміне көшу және сыртқы бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру арқылы белгілі бір даму уәжіне ие болды.

Сонымен қатар, ЕАДБ сарапшылары қолайлы факторлардың ішінен, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін, құрылымдық мемлекеттік реформаның жүзеге асырылуын, оның ішінде экономиканың жеке секторын нығайтуға бағытталған, сондай-ақ халықтың табысы мен инвестициялық белсенділігін қолдауға қабілетті дағдарысқа қарсы шаралар аясында экономиканың ынталандырылуын атап көрсетті.

Банк сарапшыларының пікірінше, сыртқы бәсекеге қабілеттіліктің жақсаруына қарамастан, экспортты ұлғайту мүмкіндіктерінің шектелуі салдарынан және импорттағы жоғары қажеттілікке байланысты АОШ (ағымдық операциялар шоты) тапшылығының қалыптасу ықтималы сақталуда.

Соған қарамастан, халықаралық резервтердің үлкен көлемі есебінен сыртқы тұрақтылық жоғары деңгейде қалып отыр. Мемлекеттік қаржының ахуалы мемлекеттік бюджеттің шығыстары мен кірістерін оңтайландыру жөнінде қабылданып жатқан кешенді іс-шараларға байланысты 2016 жылы жақсаруы мүмкін.

 ЖІӨ-нің өсу қарқынының баяулауына және сыртқы сауда айналымының азаюына қарамастан, мемлекеттік бюджет кірістерінің өсімі 2015 жылдың соңында оң күйінде сақталып қалды.

Бұған ҚР Ұлттық қорының қаражаттарын фискалдық қажеттіліктерге белсенді пайдалану, сондай-ақ 2015 жылдың төртінші тоқсанында салық түсімдерінің күрт артуы себеп болды – бұндай нәтижеге девальвацияның ірі салық төлеушілердің, атап айтқанда шикізат экспорттаушылардың салық төлемдерінің көлеміне тигізген оң әсерінің нәтижесінде қол жеткізілді.

 «Шығыстарды шоғырландыру және оңтайландыру жөніндегі белсенді шаралар аясында мемлекеттік бюджет кірісінің оң өсімін сақтап қалу, жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет тапшылығын едәуір шектеді», – деп санайды.

Сонымен бірге, инфляцияның жоғары қарқыны 2016 жылдың бірінші жартысы ағымында сақталуы мүмкін, бірақ 2016 жылдың екінші жартысында, олар қатаң ақша-несие саясатының, шектеулі ішкі сұраныстың және сыртқы дефляциялық факторлардың әсерінен төмендеуі тиіс. Жыл қорытындысы бойынша ЖІӨ өсу қарқынының 2014 жылғы экономика 4,3 % -бен салыстырғанда 1,2 % -ға дейін баяулағаны тіркелген.

Сыртқы ортаның қолайсыздығы өнеркәсіпке айтарлықтай әсер етті. Осы тұрғыда, ауыл шаруашылығы, құрылыс және кейбір қызмет көрсету салалары өсудің негізгі локомотивтері ретінде алға шықты. Бұл салалар тұтынуды және инвестициялық сұранысты ынталандыруға бағытталған мемлекет тарапынан жасалған дағдарысқа қарсы шаралар арқылы қолдау тапты.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль