Бір көзден алу тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алулардың қорытындылары туралы хаттама

183
Биятова Жанар Рахметоллаевна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, СКО
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға сараптамалық қорытынды қоса тіркеледі.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 34-бабы 1-тармағында көзделгендей, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тиісті хаттама жасауға міндетті, онда мынадай ақпарат:

  • бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қолдану негіздемесі;
  • бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;
  • әлеуетті өнім берушінiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы;
  • мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы қамтылуға тиіс.

Жоғарыда аталған Заңның 34-бабы 2-тармағына және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесінің 152-тармағына сәйкес тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей хаттама мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

Аталған талап мәліметтері мемлекеттік құпия болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды (Ереженің 153-тармағы).

Көрсетілген Ереженің 151-тармағына сәйкес егер бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін сараптама комиссиясы не сарапшы бекітілген жағдайда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға сараптамалық қорытынды қоса тіркеледі.

Ұйымдастырушы сұралған ақпаратты әлеуетті өнім беруші ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы қалыптастырады және веб-порталға орналастырады (Электрондық мемелекеттік сатып алуды жүргізу Қағидаларының 90-тармағы).

Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қандай жағдайда өтпеді деп танылады?

Аталған Ереженің 154-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу:

  • егер әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы осы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түскен;
  • егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу Заңның 32-бабы 4) тармақшасының негізінде бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
  • егер әлеуетті өнім беруші қатысудан бас тартқан жағдайларда өтпеді деп танылады.

Тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен сатып алуды қандай баға бойынша өткізуге құқылы?

Тапсырыс беруші сатып алуды кез келген өнім берушімен жүзеге асыруға құқылы, бірақ ол баға тек жылдық жоспарда тиісті қаржы жылына көзделген сомадан аспауы тиіс. Бұл талап «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 5-бабы 7-тармағында көзделген, онда тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспары негізінде қабылдайтыны көрсетілген.

Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды өткізген кезде тапсырыс беруші жол беретін негізгі қателіктер

Тапсырыс беруші сатып алуды қайтадан баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізбейді.

Тапсырыс берушілер сатып алуды бір көзден алу тәсілімен өткізу туралы шешім қабылдауда «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 32-бабы 4) тармақшасының талаптарын сақтамайды, ол мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 31-бабының 5 және (немесе) 7-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса, сатып алуды бір көзден алу тәсілімен өткізуді көздейді.

Заңның 31-бабы 5 және 7-тармақтарында былай делінеді: егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға ұсынысы табыс етілген болса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп таниды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Егер баға ұсыныстары осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алудың веб-порталында автоматты түрде қабылданбағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға ұсынысы қалған болса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.

Тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен өткізу кезінде жол беретін қателігі Заңның 31-бабы 5 және 7-тармақтарымен көзделген талаптарды сақтамауы болып табылады, ол мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда мемлекеттік сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан өткізбеуді білдіреді.

Тапсырыс берушінің заңмен көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуі

«Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 5  Нормативтік қаулысының 7-тармағында көрсетілген Заңның 8-бабы 9-тармағына сәйкес 4-баптың 1-тармағында (Заң нормаларын қолданбастан), 30, 31-баптарында (баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен), 32-бабының 4) тармақшасында (баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу шарт жасауға әкелмеудің нәтижесінде бір көзден алу) және 36-бабында (тауарлардың тауар биржасы арқылы өткізілуі) көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысушы әлеуетті өнім берушілер өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынбайтыны көзделген. Тапсырыс берушінің көрсетілген әлеуетті өнім берушілерге тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын, техникалық сипаттамасын растайтын қандай да бір құжаттарды, лицензияны ұсыну туралы талаптар қойған жағдайдағы іс-әрекеттерін сот негізсіз деп бағалайды және оларды сотқа жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талаптар ұсынылған жағдайда өнім берушінің пайдасына түсіндіріледі. Мемлекеттік сатып алу ерекше және арнаулы тәртіптер қолдану арқылы конкурс тәсілімен өткізілетін жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушінің қандай да бір өзге біліктілік талаптарын белгілеуіне жол берілмейді (Заңның 41 және 42-баптары).

Көрсетілген Заңның 33-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы шақырған, өтпеді деп танылған конкурсқа қатысушы аталған конкурсқа қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды нақ сол мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қайтадан табыс етпеуге құқылы.

Тапсырыс берушінің шартты қазынашылықтың аумақтық органында өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбестен тіркеуі

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 37-бабы 5-тармағына, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 156-тармағына, Электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларының 159-тармағына сәйкес өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде көзделген тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы Үлгі шарттың 62-тармағында және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы Үлгі шарттың 79-тармағында шарттың оны тапсырыс беруші қазынашылықтың аумақтық органында тіркегенннен және өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін өз күшіне енетіні көрсетілген.

Тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен өткізу кезінде жол беретін қателігі шартты қазынашылықтың аумақтық органында өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбестен тіркеуі болып табылады, осының салдарынан бұл шарт күшіне енбеген және жарамсыз болып табылады. Тапсырыс беруші шартты тіркеудің алдында жауапкердің шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу бойынша өз міндеттемелерін орындағандығына көз жеткізуі қажет.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алулар бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль