Бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алулар

105
Биятова Жанар Рахметоллаевна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, СКО
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алулар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (15.01.2014 ж. берілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) 32-бабына сәйкес өткізілуі мүмкін.

Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алулар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (15.01.2014 ж. берілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) 32-бабына сәйкес өткізілуі мүмкін.

Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер:

- қандай да бiр өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алған мемлекеттік кәсіпорында, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғада және олармен үлестес заңды тұлғада қолда бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиямен, жұмыстармен немесе көрсетілетін қызметтермен бiрiздендiру, стандарттау немесе үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнім берушіден басқа да сатып алуды жүргiзу қажеттiгi туындаса;

- конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылса, жүргізілуі мүмкін. Осы ереже конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды:

- егер осындай мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі тұтынысын қамтамасыз етуге қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті және (немесе) апта сайынғы тұтынысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса;

- мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 31-бабының 5 және (немесе) 7-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса;

- аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, жүргізілуі мүмкін. Осы ереже аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды.

Жоғарыда көрсетілген Заңның 31-бабы 5-7 тармақтарына сәйкес,  егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға ұсынысы табыс етілген болса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп таниды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

Егер баға ұсыныстары мемлекеттік сатып алудың веб-порталында автоматты түрде қабылданбағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға ұсынысы қалған болса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.

Жоғарыда көрсетілген Заңның 37-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап баға ұсыныстарын сұрату, тауар биржалары арқылы, осы Заңның 32-бабы 4) тармақшасының негізінде бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда оны берген өнім берушілерге, осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерге қолданылмайды.

Өз кезегінде бұл Заңның 31-бабы 6-тармағында мынау көрсетілген: әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы:

  • егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;
  • егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы лотқа баға ұсынысын берген;
  • осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1) 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу веб-порталының одан автоматты түрде бас тартуына жатады.

Өзге негіздер бойынша баға ұсыныстарынан бас тартуға жол берілмейді.

Бұл ретте  «екіден аз баға ұсынысы» сөзі бір баға ұсынысын немесе бірде-бір баға ұсынысының болмағанын білдіреді. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізуге келетін болсақ, Заңның 32-бабының 4-тармақшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 31-бабының 5 (екіден аз баға ұсынысы жасалса) және (немесе) 7-тармақтарында (автоматты бас тартудан кейін екіден аз баға ұсынысы қалса) көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса, онда мемлекеттік сатып алу бір көзден алу тәсілімен өткізілуі мүмкін.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 33-бабы 1-тармағында бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жіберетіні көрсетілген.

Осылайша, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру үшін әлеуетті өнім берушілерді өздігінен анықтайды, оны өткізу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпей қалғаннан кейін жүзеге асырылады.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 32-бабы 1-тармағының мағынасынан бастапқыда көпшілік жағдайларда мемлекеттік сатып алуларды бір көзден алу тәсілімен  өткізуге болмайтыны көрініп тұр. Көбінесе мемлекеттік сатып алулар бастапқыда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, конкурс немесе аукцион тәсілімен өткізілуі тиіс. Сатып алулар бір көзден алу тәсілімен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 32-бабы  2 және 5-тармақтарында көрсетілгендей,конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпей қалған болып танылған кезде өткізілуі мүмкін. Бұл ереже конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған, сондай-ақ көрсетілген Заңның 32-бабы 4-тармағында көрсетілгендей, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңның 31-бабы 5 және 7-тармақтарымен көзделген шараларды қабылдауы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаған жағдайларға қолданылмайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 141-тармағында бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші Заңның 32-бабында белгіленген жағдайда қабылдайтыны көрсетілген.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алулар бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль