ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының 2013 жылғы бақылаушылық іс-шараларының қорытындылары.

22
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бұл қаржылық бақылау органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі

 Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына орай ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы (бұдан әрі – Инспекция) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау, халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру барысы туралы ақпараттандыру және Инспекция қабылдаған шешімдердің мөлдірлігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін белгілі бір жұмыс жүргізілуде, басшылық пен бөлім жетекшілерінің газет, журналдардың беттерінде сөздерін жариялау, радио және теледидар арқылы сөз сөйлеулері өткізілуде.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бұл қаржылық бақылау органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Сондықтан Инспекция жұмысы оның негізгі функцияларын – бюджеттік қаражат пен активтерді негізсіз және тиімсіз пайдалануды айқындау, оның жолын кесу мен жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылықтар үшін жағдайлар жасайтын бұзушылықтарды болдырмауды орындау мақсатымен бақылаушылық шаралардың сапасын арттыруға бағытталған .

Инспекция сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірледі, ол үнемі бақылауға алынып, мүлтіксіз орындалып отырады.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың жүгіністерін қарастыру тәртібі туралы» Заңына сәйкес Инспекция өз құзіреті шектерінде заңды және жеке тұлғалардың жүгіністерін қарастырады. Барлық хаттар мен жүгіністерге толық және егжей-тегжейлі жауаптар беріледі.

 Инспекция 407 объектіні бақылаумен қамтыды. Бұдан бөлек, құқық қорғау органдарының тапсырмалары бойынша мамандардың 55 қорытындысы берілді.

Айқындалған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 31 033 359,0 мың теңгені құрады.

 Бұған қоса, қорытындылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзылуына ықпал ететін, жалпы сомасы 58 919 105,0 мың теңге болатын бұзушылықтар анықталды.

2013 жылы қабылданған шаралар мен бақылаушылық шаралардың қорытындылары бойынша бюджетке қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс жалпы 8 551 574,5 мың теңге соманың 8 380 316,3 мың теңгесі қалпына келтірілді және өтелді, бұл 98 %-ды құрайды.

Бақылаушылық шаралардың қорытындылары бойынша, айқындалған бұзушылықтар мен оларға жағдай жасайтын себептер мен жәйттерді жою мақсатымен есептік кезеңде 425 ұсыныс жіберілді, ұсыныстардың негізінде бақылаудың 23 объектісі бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындыларының күші жойылды. Жол берілген бұзушылықтар үшін тексерілген бақылау объектілерінің 678 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 4 лауазымды тұлға атқаратын лауазымынан босатылды.

Есептік кезең ішінде Инспекция әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша жалпы сомасы 14227,6 мың теңге болатын 140 іс қозғады, олардың ішінен бюджетке 12983,8 мың теңге немесе 91,3% өндіріп алынды.

Есептік кезең ішінде құқық қорғау органдарына бақылаудың жалпы сомасы 42 850 957,5 мың теңге болатын 18 материалы берілді, оның ішінде: прокуратура органдарына сомасы 29 450 092,4 мың теңге болатын 9 материал, және қаржы полициясы органдарына сомасы 13 400 862,1 мың теңге болатын 9 материал берілді.

Инспекцияның бастамасымен берілген 3 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 2013 жылы Инспекция жариялылықты қамтамасыз ету бойынша 161 іс-шара өткізді, оның ішінде:

- бұқаралық ақпарат құралдарындағы (жергілікті) жариялаулар - 27;

- бұқаралық ақпарат құралдарындағы (республикалық) жариялаулар - 10;

- радио мен теледидардағы сөз сөйлеулер - 6;

- әртүрлі тақырыптарға өткізілген дөңгелек үстелдер – 5;

- басқа бақылаушы органдардың қатысуымен өткізілген семинар-кеңестерге қатысу – 11;

- мекемелер және кәсіпорындар қызметкерлерімен өткізілген кеңестер – 97.

 Мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі, Инспекция жоспардан тыс және жоспарлы тексерулерді орындау кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың тапсырыс берушілер мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың жекелеген субъектілерді мемлекеттік қолдаудың тиісті шараларын сақтамауы сияқты бұзушылықтар анықталады. Жоғарыда көрсетілген тексерулердің қорытындылары бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде, сондай-ақ шарттарды қолданыстағы заңнаманы бұзушылықпен жасауға байланысты мәмілелерді жарамсыз деп тану жөнінде кінә қоюшылық-талап арыздық жұмыстар жүргізіледі.

 Бақылау аяқталғаннан кейін мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылық қызмет басшыларымен және қызметкерлерімен кеңес өткізіледі, онда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу тәртібінің, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен есептілігінде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бюджеттік қаражат есебінен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындауды, қызметтік іссапарларға бөлінген бюджеттік қаражаттың жұмсалуын, сыйлықақылар беру мен материалдық көмек көрсетуді және де басқа мәселелерді бейнелеу мәселелері егжей-тегжейлі талқыланады.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях