Кеден одағы елдерімен арадағы 2014 жылғы І жарты жылдықтағы экспорт пен импорт деңгейінің төмендеуі

37
Кеден одағы елдерімен арадағы 2014 жылғы І жарты жылдықтағы экспорт пен импорт деңгейінің төмендеуі
Тауар айналымының импортпен қоса экспорт бойынша да қысқарғаны байқалды. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларындағы алдын ала қорытынды бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сыртқы сауданың көлемі екі пайызға төмендеді.

Тауар айналымының импортпен қоса экспорт бойынша да қысқарғаны байқалды. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларындағы алдын ала қорытынды бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сыртқы сауданың көлемі екі пайызға төмендегенін көрдік. Бұл ретте Кеден одағы елдерімен сауданың құлдырауы елеулі болды, яғни 22,4 пайызды құрады. Сонымен қатар отандық өнімнің негізгі сатып алушысы Италия болды, біздің нарыққа тауарлардың үштен бір бөлігі Ресейден келіп түседі.

Егер қарқындылық жағынан көрсеткіштердегі өзгерістерді бақылап қарайтын болсақ, мынадай фактілерді анықтауға болады. Дәстүр бойынша жылдың І тоқсаны мерекелер мен есептік кезеңнің аяқталуына байланысты сыртқы сауда үшін жеткілікті түрде қолайлы болған жоқ – сыртқы сауда айналымы басқа айларға қарағанда төмендеп кетті, дегенмен жазға қарай көрсеткіштер теңеледі. 2014 жылғы жағдай да осыған ұқсас болды, әйтсе де өткен жылмен салыстырғанда қаңтар-ақпан айларында төмендеу қарқыны күштірек болды.

Теріс болжамдарға қарамастан, сыртқы сауданың дамуы әр жылдардағы қаңтардан бастап сәуірге дейінгі кезеңдермен салыстыратын болсақ, жалпы алғанда ахуал соншалықты жаман емес. Осы кезеңдегі экспорт пен импорт деңгейінің бұрынғы жылдардағы осыған ұқсас көрсеткіштерден айырмашылығы аз ғана десе де болады. 

Егер Қазақстанның басқа елдермен сыртқы саудасын қарастыратын болсақ, бұрынғысынша сауданың басым үлесі алыс шетелдерде екенін көруге болады. Олармен сыртқы сауда айналымы 43,6 млрд долларды, Кеден одағы елдерімен – бар жоғы 7,3 млрд долларды ғана құрады. Әсіресе, Ресейге және Беларуське экспорт бойынша 22,1 пайызға – 2 млрд-қа дейін, импорт бойынша 22,6 пайызға – 5,25 млрд долларға дейін құлдырау орын алды. Беларусьпен сауданың деңгейі өспей отырғанын ерекше айта кеткен жөн, Кеден одағы аясындағы жалпы сауда айналымының тіпті аз 3 пайызын ғана құрайды.

Дүниежүзілік банктің жақын арадағы есебінде ТМД кеңістігінде сауда жаппай құлдырай бастағаны атап көрсетілді. Қаржы институтының сарапшылары бұны «саудадағы негізгі серіктесер Қытай мен Ресейдің бәсең экономикалық дамуы». Сондай-ақ «жақын арадағы болашақта көрсеткіштердің нашарлауы Қазақстан мен Украинаның экономикасының босаңсуы» деп түсіндіреді.

Алыс шетелдегі елдермен сауда бұған қарағанда оптимистік жағдайда – экспорт 3 пайызға өсіп, 35,4 долларды құрады, бұл ретте импорт 13,6 пайызға, 15,5 млрд долларға дейін төмендеді.

Аздаған құлдырау осы жылдың ақпан-наурыз айларында байқалды. Бұған әлемдік нарықта мұнай және мұнай өнімдеріне деген сұраныстың төмендеуі әсер етті, яғни оларды әкетудің табиғи көлемі үштен бір бөлікке дейін азайды. Бұл ретте мұнайдың келісімшарттық экспорт бағалары сәл азайғанмен, мұнай өнімдеріне деген баға біраз артты. Нәтижесінде экспорттың жалпы құндық көлемі біз қарастырып отырған кезеңде 12,5 пайызға кеміді.

Қазақстанның экспорт бойынша ірі сауда серіктестіктерінің үштігіне азаю тәртібімен Италия, Қытай және Нидерланды кіреді. Елімізге тауарлар әкелуді Ресей, ҚХР, Германия және АҚШ қамтамасыз етеді. Бұл ретте алдыңғы екеуінің үлесіне барлық импорттың жартысына жуығы келеді.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях