Мемлекеттік сатып алудағы ұлттық режим

24
Кеден одағына қатысушы елдердің кәсіпорындары Қазақстандағы ұлттық режим қолданылатын мемлекеттік сатып алуларға қатысуға құқылы. Кеден одағына қатысушы елдердің шетелдік тауар өндірушілеріне мемлекеттік сатып алуға қатысуға отандық тауар өндірушілер және өнім берушілермен тең шарттарда қатысуына рұқсат беріледі.

Кеден одағына қатысушы елдердің кәсіпорындары Қазақстандағы ұлттық режим қолданылатын мемлекеттік сатып алуларға қатысуға құқылы. Кеден одағына қатысушы елдердің шетелдік тауар өндірушілеріне мемлекеттік сатып алуға қатысуға отандық тауар өндірушілер және өнім берушілермен тең шарттарда қатысуына рұқсат беріледі.

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 33-3) тармақшасына сәйкес, ұлттық режим шетелде шығарылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілердің отанымызда шығарылатын тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен және осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілермен тең шарттарда мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат беруді көздейді.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимді қолдану

Заңның 44-бабының 1-тармағында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстарға, қызметтерге ұлттық режим қолданылатыны көзделген.

Бұл режим қазақстанда шығарылған тауарлармен, тиісінше қазақстандық әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстармен, қызметтермен тең шарттарда қолданылады.

Маңызды. Ұлттық режимді қолдану арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда және шарттарда көзделген жағдайларда мүмкін болады.

Шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, жұмыстарға, көрсететілетін қызметтерге берілетін рұқсатқа тыйым салуды кім белгілейді?

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстарға, қызметтерге берілетін рұқсатқа тыйым салуды белгілеуге құқылы. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі аталған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге берілетін рұқсатқа шектеу белгілеуге құқылы.

Заңнан дәйексөз. Заңның 44-бабының 2-тармағына сәйкес аталған тыйым салу және шектеу:

  • елдің конституциялық құрылысының негіздерін қорғау;
  • құқықтық тәртібін;
  • ұлттық қауіпсіздігін және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау;
  • ұлттық экономиканы дамыту;
  • отандық тауар өндірушілерді, отандық жұмыс, көрсетілетін қызмет берушілерді қолдау мақсатында белгіленеді.

Тауарларды шығарған елді айқындау

Тауарларды шығарған елді айқындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге рұқсат беру шарттарын белгілеуге кім құқылы?

Заңның 44-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстарға, қызметтерге рұқсат беру шарттарын белгілеуге құқылы.

Заңның 44-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі оларға қатысты тиым салған және шектеу белгілеген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге рұқсат берілмейді.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях