Мемлекеттік сатып алу – электрондық дүкендерде

35
Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жобасын әзірледі, 2017 жылдан бастап электрондық дүкендер енгізу, екі деңгейлі конкурс, сондай-ақ мониторингтің жаңа жүйесі оның өзекті жаңалықтары болып табылады.

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жобасын әзірледі, 2017 жылдан бастап электрондық дүкендер енгізу, екі деңгейлі конкурс, сондай-ақ мониторингтің жаңа жүйесі оның өзекті жаңалықтары болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның жаңа жобасын әзірлеу қажеттігі туралы Қазақстанның қаржы вице-министрі Бахыт Сұлтанов ақпан айында өзі басқаратын мемкеменің алқалы жиынында сөйлеген сөзінде айтқан болатын.

«Бюджетті орындаудың басты проблемаларының және құқық қорғау органдарының қалт етпей бақылайтын нысанының бірі мемлекеттік сатып алу болып табылады. Мемлекет басшысының сатып алудың шектен тыс «регламенттелгіштігі», олардың бюджетті орындауды тежеушілігі туралы айтқан сыны әділетті. Сондықтан, Заңды одан әрі жетілдіре түсу қажет. Ол тек ашықтылықты ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қарай бюджетті де үнемдеуі тиіс. Мемлекеттік ресурстардың тиімді айналымы арқылы шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру да маңызды. Сондықтан, қаржы министрлігіне ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін мемлекеттік сатып алудың мүлдем жаңа заңнамалық жобасын әзірлеуді ұсынамын», – деді ол, қол астындағыларға және сол кездегі еліміздің бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке арнаған сөзінде.

Маңызды. Бахыт Сұлтановтың айтуынша, «онда қазіргі халықаралық тәжірибе ескерілетін болады, әсіресе БҰҰ (UNCITRAL – БҰҰ-ның халықаралық сауда құқығы туралы комиссиясы) ЮНСИТРАЛ-дың жаңа үлгілік заңы, FIDIC стандарттары», сондай-ақ өзімізге таныс ақпараттық технологияны қолдану мен мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру тәжірибесі ескерілмек».

Нәтижесінде қаржы министрлігі міндеттерді кестеден бұрын орындап шықты және мамыр айының аяғында заңның жаңа жобасымен таныстырды. Бұл сондай-ақ ДСО-ның талаптарына сәйкес, мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік компаниялардың сатып алулары әртүрлі заңмен реттелуі тиістігіне де байланысты. Осыған байланысты қаржы министрлігі әзірлеген Заң жобасы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің сатып алуларын реттеуді ұсынады.

Қазіргі кезде қолданыстағы заңнама мемлекеттік сатып алуды тек электрондық тәсілмен өткізуді көздейді, бұл қаржы министрлігінің пікірінше мемлекеттік сатып алуға қатысушы өнім берушілердің санын 184,4 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Мекемеде «бизнес-үдерістер транспорентті бола бастады, сонымен, қатысушылардың бір лоттағы саны 20-ға дейін жетеді, сонымен қатар біз бәсекелестік орта құрдық және мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша электрондық мемлекеттік сатып алу кезеңінде 242,6 млрд теңге ақша қаражаттарын шартты үнемдеу пайда болды.

Бахыт Сұлтанов жоғарыда аталған алқалы жиында сөйлеген сөзінде «мемлекеттік органдардың әлсіз менеджменті, рәсімдердің 2-ші және 3-ші тоқсандарға дейін созылуы бюджеттік бағдарламаларды уақтылы және толық іске асыруға тікелей әсерін тигізеді. Мемлекет басшысының тапсыруымен өткен жылы әзірленген және қабылданған, сондай-ақ 2014 жылғы 29 қаңтарда бекітілген Заңда, бірінші басшылардың жауапкершіліктері айқындалған және сатып алу рәсімдері жақсартылған», – дегенді ерекше атап өткенін айта кетуге болады. Соның нәтижесі ретінде, министр конкурстарды өтпеді деп танудың ресми санының, сонымен қатар олардың созылып кету мерзімдерінің қысқаратынын күткен. Және орталықтандыруға да көңіл аударған.

 «Бұдан басқа, мемлекеттік органдардың басшылары «қол режимінде» өткен жылғы мониторингтің тәжірибесі бойынша шарттардың жасалу және орындалу рәсімдерін апта сайын бақылау жүйесін қамтамасыз етулері қажет». Сатып алуларды бірыңғай ұйымдастырушы арқылы орталықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біз тиісті Комитет құру туралы ұсыныс жасадық. 2015 жылғы қаңтардан бастап, осыған ұқсас органдарды жергілікті деңгейлерде құру көзделуде. Бұл ретте, бірінші кезеңде бюджеттік инвестициялық жобалар орталықтандырылады. Одан кейін стандартты сатып алулар бойынша бірнеше рәсімдерді біріктіру ұсынылады», – деді Бахыт Сұлтанов.

Жаңа жобаны таныстыра отырып, «2014 жылғы 29 қаңтарда күшіне енген өзгерістермен, біз өнім берушіге өз ұсыныстарын түзету құқығын бере отырып, бәсекелестік ортаны арттырдық, сол арқылы өтпей қалған конкурстар саны едәуір азайды. Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны құру, сапалы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді таңдау, электрондық шарттарды енгізу бөлігіндегі өзгерістер, мемлекеттік сатып алудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – делінді.

Егер, тұтас алғанда заңды әзірлеушілердің базалық тәсілдері туралы айтатын болсақ, олар өз қызметтерінің негізіне мыналарды алған. Біріншіден, сатып алу туралы қазақстандық заңнама соның негізінде құрылған БҰҰ (UNCITRAL – БҰҰ-ның халықаралық сауда құқығы туралы комиссиясы) жаңа редакцияда қабылдаған ЮНСИТРАЛ-дың ережелері (Сатып алу туралы жаңа үлгілік заң). Екіншіден, сатып алуды жүргізу процесінің негізгі қағидаттарынан тұратын ЕЭО шартының кодталған жобасы, үшіншіден, ФИДИК талаптары, құрылыс жүргізу және мердігерлермен шарт жасасудың халықаралық тәжірибеде қабылданған жалпы ережелері.

Маңызды. Бұл ретте жаңартпалар төрт негізгі:

  • мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін керексіз реттеулерді болдырмау;
  • мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін оңайлату;
  • мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуына бақылау орнату;
  • наразылық білдіру және шағым беру рәсімдеріне тиімді қадағалау жүргізу механизмдерін орнату сияқты бағытта ұсынылады.

Егер нақты не ұсынылатыны туралы айтатын болсақ, Қаржы министрлігінде «қолданыстағы Заң электрондық сатып алуды дамыту үдерісінде оңайлату жағына қарай өзгертуді қажет ететін сатып алу процесін нақтылайтын нормалардан тұратынын» мақұлдап отыр.

Осыған байланысты заң жобасында тапсырыс беруші мен өнім берушінің құқықтарын, сондай-ақ сатып алуды жүргізу процесінің негізгі кезеңдерін реттейтін нормаларды көздеу ұсынылады. Сатып алудың қандай да бір бизнес-процестерін жүзеге асыру күндерінің санын реттейтін, тапсырыс беруші, сондай-ақ өтінім беруші ретінде әр пайдаланушының веб-портал жұмысын қолдану бойынша әрекеттерін белгілейтін осындай директивалар веб-порталды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда регламенттелуі тиіс. Осы жаңартпаның нәтижесінде әзірлеушілер айтқандай, «біз Заңдағы тұрақтылыққа ие боламыз». Ал заңнаманы қолдану процесі кезінде туындайтын веб-порталды пайдалану бойынша шешілмеген мәселелерді, олардың пікірінше заңға бағынысты деңгейде шешуге болады.

Екінші бағытқа, атап айтқанда мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңайлатуға қатысты, бұл арада заң шығарушы авторлар қызығушылық тудыратын 2 жаңарпта ұсынады.

Былайша алғанда, конкурстың жаңа түрі екі кезеңге бөлінген. Әзірлеушілердің ойынша, бірінші кезеңді Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы өткізеді – олар тауарладың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір түрлері бойынша білікті өнім берушілердің тізімін қалыптастырады.

Екінші кезеңді тапсырыс берушінің комиссиясы өткізеді, олар конкурсқа қатысуға білікті өнім берушілерді шақырады, үздік техникалық ерекшеліктерді іріктейді және қатысушы өнім берушілерден олардың бағасын ұсынуын сұрайды.

Яғни, авторлар «конкурстың осы түрі арқылы конкурстан конкурсқа дейін білікті өнім берушілерді іріктеу, олардың сол бір құжаттарды ұсынуы қайталана беретін үрдістен тұратын барлық конкурстардың проблемалары шешіледі» деп есептейді.

 «Осыларды шешудің ұсынылып отырған жолы – бұл Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір жекелеген түрлері бойынша білікті өнім берушілердің тізілімін жасауы. Сонымен қатар, бұл сыбайластық мүмкіндікті қысқартады деп санаймыз. Аталған жаңартпаның нәтижесінде біз конкурсты өткізу мерзімін (10 күнге) қысқартамыз және бизнестегі шығындарды азайтамыз. Бұған қоса, конкурстың бұл түрін ЮНСИТРАЛ-дың сатып алу туралы жаңа Үлгілік заңы ұсынады» – деп есептейді қаржы министрінің бұрынғы орынбасары.

Жобаның екінші жаңартпасы, бұл сатып алудың конкурстан бөлек жаңа тәсілі – электрондық магазин. Авторлардың пікірінше, оның жаңалығы сатып алудың бір күнде жүзеге асырылуында. Веб-порталда тапсырыс берушіге тауарларды жеткізу бойынша оның талабына сәйкес, осындай тауарды беруші өнім берушілердің тізбесі ұсынылатын болады. Егер өнім беруші ұсынатын тауар бағасы жағынан бюджеттен бөлінген сомадан аспайтын болса, онда тапсырыс беруші шарт жасасатын өнім берушіні таңдайды. Бұндай өнім берушілердің тізбесі мемлекеттік сатып алу веб-порталында пайдаланушылардың (өнім берушілердің) ерікті түрде өз ұсыныстарын орналастыру арқылы жүргізілетін болады. Алайда әзірлеушілер, бұл тәсілді нақты сипатталған стандарттық талаптары бар тауарлар бойынша оларды өткізудің алғашқы кезеңінде ғана енгізуге болады деп санайды. Дегенмен, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарға да нақты стандарттар әзірленген жағдайда бұл тәсілді көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды сатып алуға да қолдануға болатынын жоққа шығармайды.

Маңызды. Қаржы министрінің бұрынғы орынбасары: «Бірақ электрондық дүкенді тиімді енгізу үшін веб-порталда өнім берушілерден келіп түсетін ұсыныстарды қалыптастыру қажет болады, яғни бұл тәсілді Заң күшіне енгеннен кейін белгілі бір уақыт өткеннен кейін іске қосқан дұрыс деп санаймыз – бұл 2017 жылға қарай болуы мүмкін» – деген болжам айтты.

 «Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі күрделі және проблемалары міндеттердің бірі шартты орындау болып табылады.

Заң жобасында бұл проблеманы жеңімпаз өнім берушінің банкте арнайы шот ашуы туралы норманы және мемлекеттік сатып алу саласындағы жобаларды басқару институттарын енгізу арқылы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына бақылау жүргізу жолымен шешу ұсынылады. Бюджеттік қаражатты жұмсаудың тиімділігін арттыру мен ақша ағынына әкімшілік жасаудың ашықтығы аталған жұмыстың нәтижесі болып табылуы тиіс. Бірінші кезекте арнайы шот ашу бойынша жүйені құрылыс бойынша шарттарды орындау кезінде енгізу ұсынылады.

Әзірлеушілердің ойынша іс жүзінде бұл былайша болуы тиіс. Жеңімпаз өнім беруші банкте ақша қаражаттары аударылатын арнайы шот ашады. Банкпен арнайы шотты сүйемелдеу жөнінде шарт жасалады, онда банктың шоттағы ақшаны есептен шығаруы тапсырыс беруші тарапынан қол қойылған орындалған жұмыстар туралы аралық акті бар болған кезде ғана жүзеге асырылатынын көздеу ұсынылады. Қаржы министрінің бұрынғы орынбасарының айтуынша бұндай жүйе шарт бойынша өтетін ақша ағынын бақылауға мүмкіндік береді, тиісінше өнім берушінің шарттың орындалуын авансқа тең қамтамасыз етуі қажеттігін болдырмайды.

Бұдан басқа, заң шығарушы авторлардың пікірінше салынып жатқан объектіні пайдалануға беруді қабылдауды жүргізу бойынша тапсырыс берушінің, оған тән емес функцияларды орындауын болдырмау мақсатында, мемлекеттік сатып алу саласындағы жобаларды басқару институттарын енгізу қажеттігі туындайды. Олардың көзқарасынша, жобаны басқару жөніндегі команданың қызмет етуі, конкурстық негізде жобалау және құрылыс салу жөніндегі жұмыстарды сатып алуды, жобалау және құрылыс салу жөніндегі жұмыстарды бақылауды, сондай-ақ аталған жұмыстарды қабылдау және пайдаланушы ұйымдарға тапсыруды кәсіби түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде пайдаланушы ұйым да сапалы құрылыс пен объектіні пайдалануға қабылдау бойынша бақылау жүргізетін болады. Қаржы министрінің бұрынғы орынбасарының жорамалдауынша: «Бұндай өзара қайшы бақылаулар бюджет қаражатын тұтастай алғанда тиімді игеруге мүмкіндік береді».

Жоба авторлары наразылық білдіру және шағым беру рәсімдеріне тиімді қадағалау жүргізу механизмдерін белгілеуге қатысты, тапсырыс берушіге, егер шағыммен келіскен жағдайда немесе әлеуетті өнім беруші мен тапсырыс беруші арасындағы дауды сотқа дейін реттеу мақсатында бұзушылықтарды өз бетімен анықтаған жағдайда мемлекеттік сатып алу рәсімін кейінге қалдыру (болдырмау) құқығын беруді ұсынады.

Сондай-ақ жобада мемлекеттік сатып алу туралы шартты жеңімпаз айқындалған күннен бастап 10 күн өткеннен кейін жасау, яғни бюджетті уақтылы орындау мақсатында конкурстық комиссияның іс-әрекетіне ішкі аудит қызметіне шағымдануды шарт жасалғанға дейін жүзеге асыру ұсынылады. Шағым қанағаттандырылған жағдайда – шағымданушының құқықтарын сотқа дейінгі тәртіппен қалпына келтіруге мүмкіндік беру үшін. Егер өнім беруші ішкі аудит қызметінің тексерістерімен келіспеген жағдайда, оған олардың іс-әрекетіне ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органға шағымдану құқығы беріледі.

Маңызды. Қаржы министрінің бұрынғы орынбасарының айтуынша базалық жаңартпалардан басқа жобада сонымен қатар ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасауға арналған, аз бюджетті және ауылдық мекемелер үшін сатып алу рәсімдерін жеңілдету мақсатында, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары 5,5 млн теңгеден аспайтын ұйымдарға мемлекеттік сатып алуды рәсімдерді қолданбастан жүзеге асыруды ұсынады.

Ал, ірі сомаларға сатып алуды өткізу кезінде адал өнім берушілердің қатысуын қамтамасыз ету үшін – өтінімді қамтамасыз ету мөлшері сомаға байланысты сараланғаны дұрыс. Мысалы, 100 000 АЕК-ке дейінгі сатып алу бойынша – 0,5 %, 500 000 АЕК-ке дейінгі сатып алу бойынша – 1 %, 500 000 АЕК-тен жоғары сатып алу бойынша – 2 %.

Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу арқылы инвестиция тарту үшін офсеттік мәмілелерді қолдану аясын кеңейту ұсынылады. Қолданыстағы Заңда офсет тек қорғаныс саласы үшін сатып алуда көзделген.

Осыған қоса, қаржы министрінің бұрынғы орынбасары: «сатып алудың транспоренттілігін көтеру мақсатында өнім берушілерге сатып алу тәсілдеріне шағымдану құқығын беру керек. Бүгін бұл қиын емес, өйткені сатып алу жоспарынан бастап шарт жасасуға дейін, процесс сатып алу веб-порталы арқылы іске асырылған, ал әлеуетті өнім берушілерді жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізуді жеделдету үшін, жобада бұндай тізілімді ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның тұжырымдамасының негізінде қалыптастыру ұсынылған»,деп мәлімдеді.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях