Сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым душар болған - мемлекеттік сатып алу саласы

36
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыс-керлікпен күрес жөніндегі

Бас прокурор Асхат Дауылбаев заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыс-керлікпен күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы барысында сыбайлас жемқорлықпен кү-рес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы әрекетке бағытталған шаралар іске асырылуда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұған қарамастан, жұмсалған күш-жігер әзірше сезінерліктей нәтижелерге қол жеткізетін емес.

Ағымдағы жылдың бас кезінен бастап қаржы полициясының органдары 2240 сыбайлас жемқорлық қылмыстарын айқындады. Алайда бұл цифр елдегі сыбайлас жемқорлық қылмыскерлігінің шынайы көрінісін бейнелемейді. Қылмыстардың негізгі үлесі қызметтік жалғандықпен, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену және талан-таражға салумен, қызмет жағдайын пайдаланған алаяқтықпен байланысты. Мұнымен бірге, пара алу фактілерін айқындау үштен бірге қысқарды және барлық айқындалған қылмыстардың оннан бір бөлігін (259) ғана құрады. Пара беру мен парақорлықтағы делдалдықпен байланысты қылмыстар өте аз айқындалды – 9 айдың ішінде пара берудің 164 фактісі тіркелді.

Әдетте, көбінесе қатардағы қызметкерлер болмашы қылмыстары үшін қылмыстық істердің тұлғаларына айналады, ал жүйелі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасайтын лауазымды тұлғалар уәкілетті органдардың назарынан тыс қалып жатады. Мысалы, биылғы жылы жауап-кершілікке республикалық деңгейдегі 6, және об-лыстық  буындағы  167  басшы  ғана  тартылды.

Сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым душар болған мемлекеттік сатып алу саласы болып қалуда. Оның үстіне, бюджеттік қаражат көп дәрежеде жоспарлау сатысының өзінде-ақ талан-таражға салулар үшін жағдай жасайтын бағдарламалар әкімшілерінің кінәсінен талан-таражға түседі.

Мысалға, Қылмыстық-атқару жүйесі коми-тетінің үш тергеу оқшаулатқышының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 300 млн. теңге салынған, ал іс жүзінде оған бар-жоғы 13 млн теңге ғана жұмсалды. Ақтау теңіз сауда порты «АИ-92» маркалы 80 мың литр бензинді литрі үшін 168 теңге бағасымен көтере сатып алу туралы хабарландыру берген, ал оның бөлшек саудадағы белгіленген бағасы 112 теңге болатын.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері қалыптасқан жағдаятқа қағидатты және объективті баға берді, сыбайлас жемқорлықтың таралу, сондай-ақ онымен күрес тиімділігінің төмендігі себептеріне талдау жасады. Талқылаудың қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлықпен ойдағыдай күресуге, оның кез келген көріністерін өз уақытында айқындап және жолын кесуге мүмкіндік беретін нақты заңнамалық және ұйымдастырушылық-іс-тәжірибелік шаралар ұсынылды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық базаны жетілдіру шеңберінде қылмыстық заңда пара бергені үшін жауапкершілікті  оны алғаны үшін көзделген санкцияларға ұқсас күшейту ұсынылды.

Бас прокурор сыбайлас жемқорлыққа карсы әрекеттің стандартты емес және тиімді шешімдерін іздестіру, қоғамда алдын алу және түсіндіру жұмы-сын күшейтудің қажеттігіне ерекше назар аударды. Халықтың кең топтарының ділін өзгерту, сыбайлас жемқорлықты қабылдамауға бағытталған қоғамдық сана қалыптастыру маңызды, деп атап көрсетті ол. Өз қатарларында сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылықтар жасау үшін жағдайларды жоюдың, сыбайлас жемқорлыққа бейімділікке тұрақты мониторинг жүргізудің маңызы одан да зор.

Электрондық мемлекеттік сатып алулар жүйе-сіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында Бас прокуратура мемле-кеттік сатып алуларды жоспарлауға арналған бағалар мониторингінің орталығын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуларды өткізу жөніндегі тәуелсіз мемлекеттік орган құруды ұсынды.

Бас прокурор уәкілетті органдардың басшыларынан сыбайлас жемқорлық көріністерін айқындау мен жолын кесу жөніндегі жұмыстың нәтижелілігін арттыруды, сыбайлас жемқорлықпен күресте ведомствоаралық өзара әрекеттестікті белсендіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін жазалауды қатаңдандыруды талап етті.



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль