Бағаларды шартты азайтудың мөлшерлерін қолдану туралы ұсынымдар

42
Вишнева Наталья Георгиевна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Мемлекеттік сатып алу веб-порталында бағаларды шартты азайтудың мынадай мөлшерлерін қолдану туралы ұсынымдар жарияланды.

Сонымен бірге, мемлекеттік сатып алу веб-порталында ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган ретінде оларды бірыңғай қолдану мақсатында бағаларды шартты азайтудың мынадай мөлшерлерін қолдану туралы ұсынымдары жарияланды.

1. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қарау кезінде, осы конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау нарығындағы ғана жұмыс тәжірибесі қаралады. Бұл ретте конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, сатып алынатын жұмыстардың нарықтағы жұмыс тәжірибесінің әрбір жылына нөл бүтін оннан бес пайызы (0,5%), бірақ бес пайыздан аспайтын мөлшерде шартты жеңілдік береді. Жұмыс тәжірибесі бір жылға дейін болған немесе ол болмаған жағдайда мұндай пайыз белгіленбейді. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің шартты бағасына осы критерийдің жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспауы тиіс.

2. Сатып алынатын жұмыстар жөніндегі ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға арналған осындай өтінімнің бағасын үш пайызға шартты түрде азайтады.

3. Сатып алынатын жұмыстар жөніндегі қоршаған орта басқармасының сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға арналған осындай өтінімнің бағасын екі пайызға шартты түрде азайтады.

4. Жергілікті қамтудың болуын қарау кезінде конкурстық комиссия жергілікті қамтудың әрбір бір пайызы үшін конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімнің шартты бағасын оннан бір (0,1) пайызға азайтады.

5. Конкурстық комиссия қызметтердің отандық өнім берушісінің конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінім бағасын бес пайызға шартты түрде азайтады.

6. Конкурстық комиссия Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) Тарабы мемлекетінің резиденті болып табылатын жұмыстардың әлеуетті өнім берушісінің конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінім бағасын бес пайызға шартты түрде азайтады.

7. Конкурстық комиссия түзету мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын жұмыстардың әлеуетті өнім берушісінің конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінім бағасын он бес пайызға шартты түрде азайтады.

Тиісті нарықтағы жұмыс тәжірибесін, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптарын әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 4-қосымшаға сәйкес Біліктілігі туралы мәліметтерді беру арқылы растайды. Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушіге мемлекеттік шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға қажетті материалдық және еңбек ресурстарын растайтын құжаттарды әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетуі мүмкін.

Сондай-ақ, осыған ұқсас нормалар мемлекеттік сатып алуды аукцион тәсілімен өткізу кезінде де көзделген.

Біліктілік туралы мәліметте әлеуетті өнім беруші, аукционда сатып алынатындарға ұқсас соңғы оң жыл ішінде орындаған жұмыстардың көлемін, жұмыстарды орындауға қажетті конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) немесе ұқсас (қосымша) жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) бар болуы туралы мәліметті растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерінің қосып бере отырып, көрсетеді, сондай-ақ жұмыстарды орындауға тартылатын ҚР азаматтарының еңбекақы қорын көрсетуге құқылы.

Маңызды. Бұл мәліметтер әлеуетті өнім берушіні таңдауда және оған шартты баға жеңілдіктерін қолдануда негізге алынатын құжаттардың бірі болып табылады.

Сонымен қатар, құрылыс бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде демпингтік бағаны айқындау тәртібі белгіленген, Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларының 134-тармағына сәйкес, «Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған конкурсқа қатысу өтiнiмiнiң бағасы техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшiн) және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк сараптамадан немесе Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасына сәйкес ведомстволық сараптамадан өткен және белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетiлген бағадан бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады».

Ең төмен бағаның және барлық жоғарыда келтірілген ақпараттың негізінде конкурстық комиссия мемлекеттік шарт жасауға үміткер әлеуетті өнім берушіні айқындайды.

Белгіленген тәртіпте олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалуы тиіс. Осы сәттен бастап шарттың маңызды талаптарын тапсырыс берушілер мен өнім берушілер бұза бастайды.

Біріншіден, ғимараттар мен имараттардың құрылысы және т.б. құрылысы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіпте кем дегенде он жұмыс күні ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді бастау туралы мемлекеттік сәулет құрылысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдардың хабарлауынан кейін, жүргізілуі және жер учаскесін таңдау актісі міндетті болған жағдайларда, сараптаудың оң қорытындысының көшірмесін қоса беру арқылы жүзеге асырылады.

Маңызды. Тапсырыс берушінің өзі осындай хабарламаны жоғарыда көрсетілген мерзімде жүзеге асыруы тиіс. Бұдан басқа, «ҚР ҚН 1.02-03-2011» ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІ. ӨНЕРКӘСІП, ҒИМАРАТ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТАР ҚҰРЫЛЫСТАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ҚР ҚНжЕ-ге, сондай-ақ ҚР АК мен «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тапсырыс беруші қабылдау-тапсыру актісі бойынша мердігерге жер учаскесін, электр энергиясына, суға, жылуға және т. б. нүктелерге рұқсатты беруге міндетті, яғни мердігердің жұмыстарды орындауына қажетті жағдайлар жасауы тиіс.

Осының барлығы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шартының жобасында көрініс табуы тиіс, өйткені жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта тек жалпы нормалар мен міндеттемелер ғана қамтылған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстарды орындау кезінде авторлық және техникалық қадағалау жүзеге асырылуы тиіс.

Құрылысты жобалау сатысында тапсырыс берушінің мыналарды жүзеге асыруына назарларыңызды аударғым келеді, ол:

  •  құрылыс алаңын дайындауды;
  • жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді және бекітуді;
  • әдеттегідей конкурстық негізде жұмыстарды, құрылыста көрсетілетін қызметтерді орындаушыларды таңдауды және олармен шарт жасасуды;
  •  мердігерлік шартта көзделген материалдық және өзге де ресурстарды жеткізуді, егер бұл функция мердігерге тапсырылған болса;
  • жұмыс сапасын бақылауды;
  • орындалған жұмыстарды қабылдауды;
  • жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді уақтылы төлеуді;
  • объектіні пайдалануға беруді; объектіні меншік иелеріне және пайдаланушы ұйымдарға тапсыруды;
  •  кепілді пайдалану кезеңіндегі жұмыстардың сапасын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.


Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль