«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістерді ескере отырып қайта құру, жөндеу бойынша жұмыстарды жүзеге асырудың ерекшеліктері

25
Конкурстық құжаттаманы дайындау кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 2-бабына назар аудару қажет. Осы баптың 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Конкурстық құжаттаманы дайындау кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 2-бабына назар аудару қажет.

Осы баптың 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Нормативтік құқықтық актілер иерархиясынан келіп шығатыны, ҚР АК нормалары Заң нормаларынан жоғары, сондай-ақ Заңның 2-бабында ҚР АК иерархия бойынша «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының нормаларына қарағанда біршама жоғары сатыда белгіленген.

Сондықтан, конкурстық құжаттаманы, әсіресе жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік жұмысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын қалыптастыру кезінде, ҚР АК (ерекше бөлім) 32-тарауының 4 §-ының «Мердігерлік»: Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiктiң ерекшелiктерi нормаларын қолдану қажет деп санаймын. Өйткені дәл сол көрсетілген параграфта арнайы нормалар бар:

669-бап. Тапсырысшының (тапсырыс берушінің) мiндеттерi

4) мердігермен бiрге дайын жобалау-сметалық құжаттаманы құзыреттi мемлекеттік органдармен және жергiлiктi өзiн өзi басқару органдарымен келiсуге қатысуға;

5) мердiгерге қатысы жоқ мән-жайлардың салдарынан жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған бастапқы деректердiң өзгеруiнен пайда болған қосымша шығындарды өтеуге;

6) жасалған жобалау құжаттамаларының немесе орындалған iздестiру жұмыстарының кемшiлiктерiне байланысты үшiншi тұлға тапсырысшыға қойған талап бойынша мердiгердi iске қатысуға тартуға мiндеттi.

670-бап. Мердiгердiң мiндеттерi

Жобалау және іздестіру жұмыстарына арналған мердігерлік шарт бойынша мердiгер:

1) жұмыстарды шарт жасасу кезiнде жобалауға берiлген бастапқы деректерге сәйкес орындауға;

2) дайын жобалау-сметалық құжаттаманы тапсырысшымен, ал қажет жағдайда тапсырысшымен бірге құзыреттi мемлекеттік органдармен және жергiлiктi өзiн өзi басқару органдарымен келiсуге;

3) егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшыға дайын жобалық-сметалық құжаттаманы және iздестiру жұмыстарының нәтижесiн бір мезгiлде беруге міндетті.

Бұлар – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 353 Қаулысымен жаңа редакцияда бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларына 20-қосымшаға сәйкес нысанда жасалған конкурстық құжаттама құрамындағы мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт жобасына енгізуі тиіс қосымша талаптар деп санаймын.

Сонымен қатар, жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаларды әзірлеу бойынша әлеуетті өнім берушіні таңдауды конкурстық негізде сатып алу тәсілімен жүзеге асырған дұрыс екендігіне назарларыңызды аударамын. Бұндай жағдайда әлеуетті өнім беруші «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 8-бабында белгіленген жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс деп есептеймін.

Заңнан дәйексөз. Бұл ретте мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы 6-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның қызметкері техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес делінген бөлігі бойынша талаптарын сақтауға тиіс.

Осы баптың 4-тармағына сәйкес, осы баптың талаптарының бұзылуына жол берген әлеуетті өнім беруші не өнім беруші осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуге тиіс.

Конкурстық құжаттаманы қалыптастыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ЖСҚ әзірлеуге техникалық ерекшеліктің құрамына жоғарыда келтірілген құжаттамалардан басқа, конкурсқа қатысуға өтінімнің құрамында әлеуетті өнім беруші қызмет түріне, яғни жобалауға беретін лицензия түрін де белгілеуі тиіс.

Бұдан басқа «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 353 Қаулысына сәйкес, Қағиданың 134-бабында жоғарыда аталған жұмыстарға демпингтік бағаны айқындау тәртібі белгіленген, атап айтқанда: «Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық-экономикалық негiздемені және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу бойынша конкурсқа қатысу өтiнiмiнiң бағасы, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік нормативтерге сәйкес тапсырыс беруші есептеген бағадан бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады».



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях