Аукцион тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алулар

48
Абишев Александр Александрович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимiнде мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады, оның өткізілуін электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қамтамасыз етеді.

Электрондық мемлекеттік сатып алулардың тағы да бір тәсілі – бұл аукцион. Бұл тәсіл аз танымал (тараған) және мемлекеттік сатып алуларды өткізген кезде сирек пайдаланылады.

Заңның 1-бабы 36-тармақшасында электрондық аукционның анықтамасы берілген.

Бұл тапсырыс беруші сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер аукциондық құжаттамаға сәйкес келетін және оларға баға төмендетілген кезде айқындалған ең төмен бағаны ұсынған әлеуетті өнім беруші (аукцион өткізу барысында) біліктілік талаптарына сәйкес келетін кездегі электрондық мемлекеттік сатып алу тәсілі. 35-7-баптың 3-тармағында аукцион адымы (аукцион нысанасының бағасы төмендейтін ақшалы аралық) өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметтi сатып алу үшін бөлінген соманың жарты пайызынан бес пайызына дейінгіні құрайтыны белгіленген.

 Сатып алудың жоғарыда санамаланған барлық тәсілдерінен айырмашылығы - Заңның 35-бабына сәйкес: аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимiнде мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады, оның өткізілуін электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қамтамасыз етеді.

Бұл жердегі ең негізгі жайт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 339 қаулысымен аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысаны болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесінің бекітілуі болып табылады. Сондықтан аукционға қатысу мүмкіндігін қарастырушы әлеуетті өнім беруші бірінші іс ретінде осы тізбемен танысуы тиіс. Оның тауары, жұмысы немесе көрсететін қызметі бұл тізбеге ене ме? Егер енбесе, онда аукцион түріндегі мемлекеттік сатып алу тәсілін зерделеу де мағынасыз болып қалады, ал егер Сіздің тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметіңіз көрсетілген тізбеге кіретін болса, онда әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуының басқа да негізгі критерийлерін біліп алу кедергі келтірмейді.

Аукцион тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу электрондық конкурсқа өте ұқсас. Алайда белгілі бір айырмашылықтары да бар. Электрондық конкурстан айырмашылығы, аукцион тек бір лотқа ғана өткізіледі, бұл қажетті мәліметтер дайындауды елеулі оңайлатады және сатып алуды жүзеге асыру үдерісінің өзін жылдамдатады. Аукционда шартты бағалық жеңілдіктер қолданылмайды, демпингтік баға жоқ, жұмыс тәжірибесін, отандық тауар өндіруші немесе жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді берушінің мәртебесін растаудың қажеті жоқ. Сондай-ақ жергілікті мазмұн жөніндегі құжаттар ұсынудың да қажеттігі жоқ. Басқа да тәсілдердегідей, аукционның нысаны тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер болып табылады. Бұл ретте сатып алудың жылдық көлемінің ақшалай мәні 4000 АЕК-тен асатын сомада болады.

Электрондық конкурстан тағы да бір айырмашылығы - аукционға қатысу өтінімінің екі бөліктен құралатындығы.

Электрондық конкурсқа қатысу өтінімінде әлеуетті өнім беруші тауардың техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларымен техникалық ерекшелікті (қажет болған кезде нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсетумен) ұсынуы, тауарларды беру мерзімдерін және (немесе) көлемін, сапаға, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға кететін шығындарға кепілдіктер беруді көрсетуі қажет. Сондай-ақ сатып алуды ұйымдастырушының талаптарына сәйкес жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге келісімін растауы қажет.

Әлеуетті өнім берушіден аукционға қатысу өтінімін электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу ережелерімен белгіленген тәртіпте, аукционға тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде қамтамасыз етуді енгізу талап етіледі.

Электрондық конкурстағыдай, әлеуетті өнім беруші аукционға қатысу үшін Заңның 8-бабымен белгіленген талаптарға және жоғарыда көрсетілген жалпы және арнаулы біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Заң шығарушы барлық әлеуетті өнім берушілер үшін бірыңғай арнаулы біліктілік талаптарын белгілемейді. Сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қарай әрбір нақты жағдайда сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алулар туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткілікті материалдық, қаржылық ресурстарды иеленуі бөлігінде әртүрлі талаптар белгілейді, әлеуетті өнім беруші оларға міндетті түрде сәйкес келуі тиіс.

Және де дәл электрондық конкурстағыдай, әлеуетті өнім беруші белгіленген барлық талаптарға сәйкестігін растау үшін ұйымдастырушыға растаушы құжаттар ұсынуы қажет. Ұйымдастырушыға нақ қандай құжаттар ұсыну және оларды қалайша дұрыс ресімдеуге болатынына келсек, онда бұл мәселелер сатып алудың барлық тәсілдері бойынша келесі тарауда жан-жақты қарастырылатын болады.

Қосымша мердігерлерді (бірігіп орындаушыларды) тартқан жағдайда әлеуетті өнім беруші олардың жалпы және арнаулы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтер ұсынады. Сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің (сіздің) қосымша мердігерлерге (бірігіп атқарушыларға) мердігерлікке (бірігіп орындауға) жұмыстың (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің үштен екі бөлігінен көп бөлігін беруге тыйым салу шарты міндетті түрде сақталуы қажет.

Аукционға олардың аукционға қатысу өтінімдерін қарастыру қорытындылары бойынша аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келетін және аукциондық комиссия аукционға қатысушылар ретінде таныған әлеуетті өнім берушілер қатысады.

Аукционның басты ерекшелігі қызметін аукционға қатысушылардың тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет бағасы туралы ұсыныстарын (баға ұсынысын) қабылдау уақытының күндерді, тіпті сағаттарды құрамайтындығы, бар болғаны аукцион өткізу басталғаннан бастап отыз минут пен оған қоса тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет бағасы туралы соңғы ұсыныс түскеннен кейінгі он минут атқарады. Және де егер көрсетілген уақыт ішінде тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметтің неғұрлым төмен бағасы туралы бірде-бір ұсыныс түспесе, онда аукцион аяқталады.

Аукционның конкурстан елеулі айырмашылығы сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысу өтінімінің жалпы және арнаулы біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтері бар бөлігін ең төменгі баға анықталғаннан кейін қарайтындығы болып табылады. Аукционға қатысуға берілген өтінімнің осы бөлігін қарастыру қорытындылары бойынша екі критерийдің (ұсынылған ең төменгі баға және біліктілік талаптарына сәйкестік) қосындысы бойынша ғана аукцион жеңімпазы анықталады. 



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль