Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілетін электрондық мемлекеттік сатып алулар

36
Абишев Александр Александрович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Сатып алудың бұл тәсілі әдетте сериялық өнімді (тауарларды) сатып алу үшін қолданылады. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өте сирек сатылып алынады.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілетін электрондық мемлекеттік сатып алулар электрондық сатып алулардың ең танымал және кең тараған тәсілі. Мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында жарияланған барлық хабарландырулардың, лоттардың үштен екісінен көбі – баға ұсыныстары. Бұған қоса, ол өткізу мен сатып алуларға қатысу тұрғысынан алып қарағанда, ең қарапайымы, өйткені қатысуға өтінім дайындауды талап етпейді, қысқа мерзімдерде өткізіледі, сатып алудың бұл тәсілінде ол бойынша жеңімпаз анықталатын, мәні жағынан бір ғана шешуші талап бар – бұл баға. Сатып алудың бұл тәсілі толықтай автоматты, яғни сатып алу мерзімі аяқталғаннан кейін жүйе қорытындыларды автоматты түрде шығарады және жариялайды, бұл жерде барынша төмен баға ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз атанады. Сатып алудың бұл тәсілі әдетте сериялық өнімді (тауарларды) сатып алу үшін қолданылады. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өте сирек сатылып алынады.

Заңның 30-бабы 1-тармағына сәйкес егер мұндай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәніндегі жылдық көлемі 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспаса (2013 жылғы бір АЕК 1731 теңгені құрайды), онда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік электрондық сатып алулар біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жүргізіледі.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушіге өзінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін растауының қажеті жоқ. Ол тек қана өзін қызықтырған лотты табуы, хабарландыруда көрсетілген ақпаратты, шарт жобасын мұқият зерделеуі және осының бәріне келіссе, онда веб-портал арқылы өзінің баға ұсынысын беруі қажет.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық сатып алуды өткізу іс-тәжірибесінен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу кезінде ұйымдастырушы өзіне әлеуетті өнім берушінің құқық қабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуды талап ететін жәйт қалыптасты. Бұл - жеке тұлғалар үшін жеке кәсіпкерді жеке куәлігімен мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік немесе заңды тұлғаларға арналған филиалда немесе өкілдікте тіркелген заңды тұлға туралы анықтама. Сондай-ақ егер мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін әлеуетті өнім беруші қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуы тиіс болса, онда ұйымдастырушы одан тиісті лицензияның көшірмесін талап етеді. Бұл жерде электрондық конкурстан айырмашылығы, әдетте баға ұсынысын беруге хабарландыру жарияланған сәттен бастап 5 жұмыс күнінен көп емес уақыт берілетінін есепке алған жөн.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях