Электрондық конкурс тәсілімен өткізілетін электрондық мемлекеттік сатып алу

30
Абишев Александр Александрович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Электрондық конкурсқа қатысуға шешім қабылдаған әлеуетті өнім беруші сәйкес келуі тиіс жалпы біліктілік талаптары

Электрондық конкурсқа қатысудың өз мүмкін-дігін дұрыс бағалау үшін әлеуетті өнім беруші өзінің қандай талаптарға сәйкес келуі тиіс екендігін білуі керек. Заңның 8-бабымен әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік (жалпы және арнаулы) талаптары белгіленген. Бұл баптың ережелері көп дәрежеде нақ осы электрондық конкурсқа қатысты болады.

Сатып алудың бұл тәсілі аукционмен бірге әлеу-етті өнім берушінің сатып алуды ұйымдастырушы қоятын талаптарға сәйкестігі және қажетті растаушы ақпаратты ұсыну тұрғысынан алып қарағанда, ең көлемді және күрделісі болып табылады. Бұған қоса бұл – сатып алудың ең ұзақ тәсілі. Көбінде электрондық конкурс ұйымдастырушы үшін неғұрлым маңызды өлшем осы жұмыстар мен қызметтердің сапасы болып табылатын кездегі жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларда пайдаланылады.

Сонымен, электрондық конкурсқа қатысуға шешім қабылдаған әлеуетті өнім беруші сәйкес келуі тиіс жалпы біліктілік талаптарынан бас-таймыз.

1)  Құқықтық қабілетке (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілеттілікке (жеке тұлғалар үшін) ие болу. Бұл заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуды білдіреді. Сондай-ақ қызметтің лицен-зияланатын түрлерін жүзеге асыратын әлеу-етті өнім берушінің құқықтық қабілеті тиісті мемлекеттік орган берген лицензиямен расталады.

2)  Төлем қабілеттілігінің болуы, үш айдан аспайтын мерзім ішінде салықтық қарыздарының болмауы.

3)  Банкроттыққа немесе таратылуға жатпауы.

Электрондық конкурсқа қатысушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді әлеуетті беруші көрсетілген жалпы біліктілік талаптарынан басқа мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін қажетті және жеткілікті материалдық, қаржылық және еңбек ресурс-тарына ие болуға қатысты арнаулы біліктілік талаптарына да сәйкес келуі тиіс. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түріне байланысты сатып алуларды ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші міндетті түрде сәйкес келуі тиіс әр түрлі арнаулы біліктілік талаптарын да белгілейді.

Әлеуетті өнім беруші белгіленген барлық талаптарға сәйкестікті растау үшін сатып алуды ұйымдастырушыға растаушы құжаттарды ұсынады – электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдейді.

Әлеуетті өнім беруші электрондық конкурсқа қатысуға берілген өтінімді қамтамасыз етуді әдетте, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сома-ның 1 %-ы мөлшерінде, ал конкурста жеңген жағдайда – шарт сомасының әдетте 3 %-ы мөлшерінде енгізеді. Сондай-ақ әлеуетті өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резидентінің өткізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшеріндегі банктік кепілі түрінде ұсына алады.

Электрондық конкурсқа қатысуға берілген өтінімде әлеуетті өнім берушіден тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын, тауарларды жеткізу мерзімдері және (немесе) көлемдерін, жұмыстарды, қызметтер көрсетуді орындау мерзімдерін, тауарға қызмет көрсету, тауарды пайдалану шығындарына сапа кепілдіктерін беру, тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету талаптарын ұсыну талап етіледі. Осылардың бәрі техникалық ерекшелік деп аталатынды құрайды, және де бұл мәліметтердің бәрі толтырылып, ресімделіп, ұйымдастырушыға ұсынылуы қажет.

Егер сіздер қосалқы мердігерді тартуды жоспарласаңыздар, онда әлеуетті өнім беруші сатып алуды ұйымдастырушыға тартылған қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) туралы тиісті растаушы мәліметтерді ұсынуы тиіс. Сондай-ақ сіздер әлеуетті өнім беруші-нің (Сіздердің) қосалқы мердігерлерге (бір-лесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындаушылыққа) жұмыстардың (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің үштен екісінен артығын беруге тыйым салынатын талапты сақтауларыңыз қажет.

Бұған қоса, басқа әлеуетті өнім берушілердің алдындағы басымдылық қызметін Сіздерде (Сіздердің өтінімде) мыналардың болуы атқаратынын білген жөн:

өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың нысаны болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесі;

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес отандық тауар өндірушілер үшін ұсынылатын тауарларды ерікті сертификаттаудың өткізілгенін растайтын құжат;

ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесі (сертификатталған жүйелері);

ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесі (сертификатталған жүйелері) және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растау;

тауарлардың функциялық, техникалық, сапалық сипаттамалары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге кететін шығындар;

жергілікті мазмұн.

Әлеуетті өнім беруші сатып алған тауарларда, жұмыстарда, көрсетілетін қызметтерде жергілікті мазмұнның бар екендігін растайтын құжаттар СТ-KZ формасындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар болып табылады.

Электрондық конкурста өнім берушіні таңдау ке-зінде санамаланған критерийлердің бар екендігі-нің әсер ету дәрежесін бағалау үшін заң шығару-
шы шартты баға немесе шартты баға жеңілдігі сияқты түсінік енгізген. Шартты баға – бұл конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына көрсетілген критерийлерге қатысты мәндерді қолдануды есепке алумен есептелген баға.

Айтылғандардың бәрінен бөлек, әлеуетті өнім беруші электрондық конкурста демпингтік баға си-яқты түсініктің қолданылатынын есепке алуы ти-іс. Бұл конкурсқа қатысушының мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатымен жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге осыған ұқсас жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қолданылатын бағалар-мен салыстырғанда анағұрлым төмен болып табылатын бағаны ұсынуы. Тауарларға демпингтік баға түсінігі қолданылмайды.

Егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Рес-публикасының резиденті емес болып табылса, онда ол жоғарыда көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасы-ның резиденті ұсынғандай құжаттарды немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес – әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтер қамтылған құжаттарды ұсынады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль