Ағымдық жөндеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері

63
Мемлекеттік сатып алуды реттеу мәселесі бүкіл әлемдегі заң шығарушылар тарапынан қалт етпей назар аударылатын объекті болып табылады – өйткені, аталған жағдайда сатып алушы – мемлекеттің өзі бұл үдерістің неғұрлым тиімді болуына мүдделі.

Мемлекеттік сатып алуды реттеу мәселесі бүкіл әлемдегі заң шығарушылар тарапынан қалт етпей назар аударылатын объекті болып табылады – өйткені, аталған жағдайда сатып алушы – мемлекеттің өзі бұл үдерістің неғұрлым тиімді болуына мүдделі.  

Bnews.kz сілтеме жасаған Алматы қаласы Статистика департаментінің ақпаратына сәйкес, 2014 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы құрылыс жұмыстарының көлемі  26 млрд 621,7 млн теңгені құраған. Алматы қаласы бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің неғұрлым көп бөлігін жеке құрылыс ұйымдары (80,5%), шетелдік меншік нысанындағы (19,3 %) және мемлекеттік меншік нысанындағы кәсіпорындар (0,2 %) орындаған. Алматы қаласы құрылыс ұйымдары орындаған құрылыс жұмыстарының үлесі  республикалық көлемнің 10,8 %-ын құрады.

ҚР экс-премьер-министрі С. Ахметов мырзаның «Кеден одағының  өнім берушілеріне мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат берілгеннен кейін отандық  (жергілікті) тауар өндірушілерді қолдау туралы» 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 20-11/6306 депутаттық сауалына берілген жауаптан алынған тағы да бір ақпарат:

«2012 жылы барлық мемлекеттік сатып алулардың 34,9 %-ын құрайтын  2 млрд 651,7 млн АҚШ долларымен алғандағы сомаға жұмыстарды орындауға шарттар жасалған».

Мен құрылыс жұмыстарының ауқымын көрсететін сандарды келтірдім, олар құрылыс нарығының сыйымдылығы мен жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік шығыстардың едәуір бөлігін құрайтын құрылысты қаржыландыру құнының шамамен қаншалықты екенін  білуге мүмкіндік береді. 

Маңызды. Бірқатар ерекшеліктерден тұратын құрылыс жөніндегі жұмыстардың күрделі болып табылатынын және бұндай сатып алуларды жүзеге асырушы тапсырыс берушілердің арасында құрылыс мамандықтары бойынша тиісті біліктіліктерге ие мамандардың жеткіліксіз екенін ескере отырып, жоғарыда аталған себептерге байланысты, құрылыс салу бойынша жұмыстарды сатып алу кезінде құрылыс және мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жиі бұзушылыққа жол беріледі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар орын алады.

Бұл тақырып ерекше назар аударуға лайықты, сондай-ақ түсінуді және  құзыреттілікті талап етеді.

Құрылыс бойынша жұмыстарды жоспарлау кезінде, тапсырыс берушілер ең алдымен мемлекеттік сатып алу, құрылыс мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде белгіленген түсініктерге, сондай-ақ азаматтық заңнама нормаларына сүйенулері тиіс.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес жұмыстар – шикiзат кен орындарының құрылысымен, жайластырылумен байланысты, заттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге қызмет.

Құрылыс қызметі  (құрылыс) түсінігі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы 1-бабының 31) тармақшасында белгіленген, онда құрылыс қызметi (бұдан әрi – құрылыс) – жаңа объектiлер салу және (немесе) бар объектiлердi (үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндiру), сондай-ақ аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндiрiстiк және өндiрiстiк емес негiзгi қорларды құру жөнiндегi қызмет делінген.

Маңызды. Бұл сондай-ақ, құрылыс жобасына (құрылыстық  жобаға)  енгізілетіндердің барлығы – көлемдiк-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлiк, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешiмдердi қамтитын жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргiзуге, аумақты инженерлiк жағынан дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеулерҚазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабының 13-тармағы) құрылыспен байланысты деп саналады.

2014.14.01 № 161-V ҚР Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына  өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) – өзінің бірегей коды бар, мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жүйеленген тізбесі түсінігі (33-2-тармақшасы) енгізілді.

Құрылыс жөніндегі жұмыстарды жоспарлау кезінде тапсырыс беруші МСЖЖ-да (мемлекеттік сатып алуды жылдық жоспары) жұмыстарды, оның ішінде 41,42,43 сандарынан басталатын ТЖҚС тарауларының тиісті кодтары бар ғимараттар мен имараттарды тұрғызу бойынша жұмыстар мен қызмет көрсетулерді, азаматтық құрылыс объектілерін тұрғызу бойынша құрылыс қызметтерін сатып алуға  тиісті он төрт мәнді  (ТЖҚ) кодты белгілеуі тиіс.

Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу жоспарында сатып алынатын жұмыстардың атауы, сатып алынатын жұмыстардың қысқаша сипаттамасы ТЖҚС-қа сәйкес көрсетіледі.

Бүгінгі күні бұл елеулі мағынаға ие, өйткені Заңның 16-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құрылыс бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада құрылыспен тығыз байланысты жұмыстарды және құрылыспен байланысты емес тауарларды лоттарға бөлуге міндетті.

Сондықтан, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы  жобасы (жобалық-сметалық құжаттамасы) бар құрылысқа (жұмысқа) жеке конкурс (лот) өткізуі тиіс. Тиісінше, жобалық-сметалық құжаттамада қамтылмағандардың барлығы жеке конкурс (лот) өткізу арқылы сатып алынады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 470 Қаулысына сәйкес, отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шаралары айқындалған. Осы Қаулының 2-тармағына сәйкес, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды Заңға сәйкес жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар отандық тауар өндірушілер шығаратын және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбесіне енгізілген тауарларды, сондай-ақ номенклатурада көрсетілген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды жеткізушілердің дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілер арасында осы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінің 100 % ы көлемінде заңнамада белгіленген тәртіппен өткізеді.

2) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды жеткізушілердің дерекқорына енгізілген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге сәйкес келетін, талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын көрсетеді және сипаттайды

Осы негізде 4-тармаққа сәйкес, егер осы қаулыға сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, оған барлық әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беріледі.

Бұл ретте номенклатурада мына тармақтар қамтылады:

1) ағымдағы жөндеу бойынша құрылыс жұмыстары;

20) ғимарат пен құрылыстар тұрғызу бойынша жұмыстар;

21) құрылыс-монтаждау, жер қазу және бетондық жұмыстар;

22) электрді тарату желісі мен магистралдық байланыс желісін өткізу бойынша құрылыс жұмыстары;

23) магистралдық құбырларды өткізу бойынша құрылыс жұмыстары;

24) электромонтаждау және БӨПжА жұмыстары;

25) бұрғылап жару жұмысы;

26) поршень және плунжер сорғы гидравликалық қорабын күрделі қалпына келтіру бойынша жөндеу жүргізу;

    Сондай-ақ, құрылыс бойынша жұмыстарды сатып алуды жоспарлау кезінде тапсырыс беруші сатып алу тәсілін айқындауы тиіс.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 13-бабы 24-1) тармақшасына сәйкес аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілген.

 Естеріңізге саламын, Заңның 35-бабына сәйкес, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимiнде мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады, оның өткізілуін электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қамтамасыз етеді.

Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына «Республикалық бюджет туралы»  Заңда белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер аукционның нысанасы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы №339 қаулысымен бектіліген аталған Тізбенің 33-тармағына сәйкес,  тізбесі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленетін техникалық күрделі құрылыс объектілерін қоспағанда (күрделі және ағымды жөндеуді қоса алғанда), күрделі және ағымды жөндеуді қоса алғанда, құрылыс қызметтерін көрсету және құрылыс объектілері аукцион тәсілімен сатып алынады.

Маңызды. Сондықтан, тапсырыс беруші ең алдымен құрылысты жүзеге асыруға қандай тәсілді – конкурсты немесе аукционды – қолданатынын алдын ала айқындап алуы тиіс.

Жоғарыда көрсетілген тізбеден келіп шығатыны, тізбесі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленетін техникалық күрделі құрылыс объектілері (күрделі және ағымды жөндеуді қоса алғанда) конкурс тәсілімен сатып алынады.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 44) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1656 қаулысымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызу ережесіне сәйкес құрылыс объектісінің техникалық күрделілігі негіздер мен құрылыс құрастырмаларының сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесі бойынша оның жауапкершілік деңгейіне байланысты анықталады, бұлар есептер, жүктемелер және әсерлер бойынша негізгі ережелерді айқындайтын мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтермен белгіленеді.

Салынуы белгіленген объектінің жауапкершілік деңгейін (бірінші – күшейтілген, екінші – қалыпты немесе үшінші – төмендетілген) жобаны әзірлеуші (бас жобалаушы) жобалау үдерісінде берілген:

  1. объектінің функционалдық қызметіне;
  2. оның тіреу және қоршау құрастырмаларының ерекшеліктеріне;
  3.  қабаттар (конструкциялық қатарлар) санына;
  4.  сейсмикалық қауіптілігіне немесе салынатын жерінің өзге де айрықша жағдайларына;
  5.  өзге де сыртқы әсерлерге (жел немесе қар жүктемесі және сол сияқтылар)

Осы Ереженің 5 және 6 тармақтарына сәйкес,  техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) өндірістік-шаруашылық құрылыстарды, оның ішінде тауарларды немесе материалдарды сақтау үшін айрықша жағдайларды, сондай-ақ құрылыс және пайдалану кезіндегі өрт-жарылыс қауіпсіздігін, аэрацияны, ылғалдылықты, температуралық режимді белгілі бір деңгейде ұстаудың айрықша жағдайларын қамтамасыз етуге, дірілді және өзге де арнайы талаптарды шектеуге бағытталған басқа да арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін жеке тұрған қоймалар мен сақтау орындарын қоса алғанда, жауапкершілігі бірінші (күшейтілген) және екінші (қалыпты) деңгейге жататын өндірістік мақсаттағы барлық ғимараттар мен құрылыстар жатады.

Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жауапкершілігі бірінші (күшейтілген) деңгейдегі барлық ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ осы, жауапкершілігі екінші (қалыпты) деңгейдегі барлық ғимараттар мен құрылыстар жатады.

Бұларға мынадай ғимараттар мен құрылыстар жатпайды:

 1) сейсмикалық қауіптілігі жоғары немесе арнайы жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандарда (аймақтарда) салынып жатқандарды қоспағанда, жер үстіндегі биіктігі 3 қабаттан аспайтын тұрғын үйлер;

 2) келушілерді (көрермендер, клиенттер, науқастар, жолаушылар, сатып алушылар, қонақүйде және тағы сол сияқты тұратындар), сондай-ақ оларға қызмет көрсетуші қызметкерлер мен персоналды қоса алғанда, ішкі үй-жайларында бір мезгілде 50-ден аспайтын адам болатын, жер үстіндегі биіктігі 2 қабаттан аспайтын қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;

 3) бір мезгілде саны 10 бірліктен аспайтын көлік құралына қызмет көрсететін жеке тұрған бір қабатты автосервис пункттері, сондай-ақ сыйымдылығы 15 автомобильден аспайтын жер үсті немесе жер асты гараж-тұрақтар.

 Техникалық жағынан күрделі объектілерге жауапкершілігі үшінші (төмендетілген) деңгейдегі барлық құрылыстар, оның ішінде контейнерді және блоктарды пайдаланып жасалатын ұтқыр кешендер, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған құрылыстар жатқызылмайды.

Тапсырыс беруші сатып алуды жоспарлау кезінде жұмыстың атауын, ТЖҚС кодын, сондай-ақ сатып алу тәсілін дұрыс айқындамауы заң бұзушылық болып табылатындықтан және лауазымды тұлғалардың әкімшілік, азаматтық және қылмыстық жауапкершілігіне әкеп соғатынына байланысты мен бұларға кеңінен тоқталдым.

Заңнан дәйексөз. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабы  2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келiсiм бойынша тапсырысшы (меншiк иесi) жобалау (жобалау-смета) құжаттамаларынсыз не нобайлар (нобайлық жобалар) бойынша:

қосымша жер учаскесiн (аумақ телiмдерiн) бөліп берудi талап етпейтiн, тiреу конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен коммуникацияларды қандай да болсын өзгертуге байланысы жоқ, сәулеттiк-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапаларды нашарлатпайтын, пайдалану кезiнде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтiн тұрғын ғимараттардағы (үйлердегi) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) жүзеге асыра алады.

Қалған жағдайларда объектілердің және олардың кешендерінің құрылысы (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу), сондай-ақ коммуникацияларды төсеу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, елді мекеннің бас жоспары негізінде орындалған құрылыс салу жобасына (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасына) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бір мезгілде әзірлеуге жол беріледі.

Бұл ретте осы бап 2013 жылғы желтоқсанда 1-1-тармақпен толықтырылыды, оған сәйкес «объектілерді және олардың кешендерін бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салған (кеңейткен, жаңғыртқан, техникалық қайта жарақтандырған, реконструкциялаған, қалпына келтірген, күрделi жөндеуден өткізген) жағдайда, құрылыс-монтаждау жұмыстары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тоқтатыла тұрады.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын қайта бастау белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлген тиісті жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы болған кезде ғана жүргізіледі».

Маңызды. Сондай-ақ ҚР ҚН 1.02-03-2011 1.1. тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамада өзгеше көзделмеген болса, белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжаттамасынсыз құрылыс салуға жол берілмейді. Сондықтан, құрылысты салар алдында жобалық (жобалық-сметалық) құжаттама әзірленуі тиіс.

Жобалық және жобалық-сметалық құжаттама түсінігі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында белгіленген. Осы Заңның 60-бабы 4-тармағына сәйкес, алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеу мен келiсу тәртiбi, оның мiндеттi құрамы мен мазмұны сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен мемлекеттiк нормативтермен белгiленедi.

ҚР ҚН 1.02-03-2011 «Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен құрамы туралы нұсқаулық» осындай нормативтік құжаттардың бірі болып табылады.

Жобалау үдерісі кезеңінде бастапқы берілген параметрлерді, сипаттамаларды, құрылғылық сызбаларды немесе басқа көлемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық және технологиялық жобалау шешімдерді бөлшектеу жене нақтылауды талап ететін мерзімділігі 24 айдан асатын жобалауға жататын ірі құрылыстар үшін тұрғын үй-азаматтық немесе өндірістік мақсаттағы объектілердің (ғимараттар, құрылыстар, кешендер, көліктік және инженерлік құрылғылар, басқа да тіршілікті қамтамасыз ету объектілері) жобалау құжаттамасы екі сатылы әзірленеді:

- бірінші сатысы – жоба алдындағы көрсеткіштері және қорытындылары негізінде ереже бойынша әзірленетін және белгіленген заңнама тәртібінде бекітілуге жататын жоба (Ж);

- екінші сатысы – бірінші сатысында бекітілген жоба негізінде әзірленген жұмыс құжаттамасы (ЖҚ).

Мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді қозғайтын ең маңызды объектілер құрылысына қатысты және мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен іске асырылатын жоба бойынша жобалау құжаттамасы екі сатылы әзірленеді.

ҚР ҚН 4.3-тармағына сәйкес жобалық құжаттаманы жасау және беру тіліне (яғни қазақ және орыс тілдерінде) Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес талаптар қойылғанына назарларыңызды аударамын.

Жоғарыда аталған ҚР ҚН 1.02-03-2011 5.5-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші мердігерлік жобалау ұйымына (бас жобалаушыға) жобалау тапсырмасымен бірге бастапқы материалдарды, сәулет және қала құрылысы жергілікті (қала, аудан) органы берген сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын қоса береді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысымен бекітілген Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесінің 3-тармағына сәйкес:



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль