Әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін бағалау

39
Абишев Александр Александрович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Әлеуетті өнім берушілердің кімдер екендігіне тоқталу.

Қазіргі уақытта электрондық сатып алуларға қатысу өте перспективалық бағыт болып табылады.

Төменде әңгіме электрондық сатып алулардың тәсілдері, олардың арасындағы негізгі айымашылықтар, артықшылықтар, кемшіліктері туралы, әлеуетті өнім берушілердің қандай негізгі талаптарға сәйкес келуі тиіс екендігі, бәрінен бұрын неге назар аудару қажет екендігі туралы болады. Бұл материалды зерделегеннен кейін әлеуетті өнім берушіге өзі үшін сатып алудың қандай тәсілінің неғұрлым қолайлы болатыны түсінікті бола түседі.

Алайда, бастама үшін әлеуетті өнім берушілердің кімдер екендігіне тоқталу қажет.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабына сәйкес әлеуетті өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Көпшілік жағдайларда әлеуетті өнім беруші рөлінде жеке кәсіпкерлер немесе кез келген формадағы жеке кәсіпорындар – ЖШС, АҚ және т. б. әрекет етеді.

Заңның 12-бабына сәйкес электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізудің 5 негізгі тәсілі бар, атап айтқанда: электрондық конкурс; баға ұсыныстарын сұрату; бір көзден алу; электрондық аукцион және тауар биржалары арқылы.

Біз әлеуетті өнім берушінің барлық 5 тәсіл бойынша электрондық сатып алуға қатысу мүмкіндігін дәйекті қарастырамыз және бағалаймыз.

Алайда, бірінші кезекте Заңның 6-бабымен мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер белгіленгеніне назар аударған жөн, олардың көпшілігі сатып алудың барлық тәсілдеріне жатады.

Әлеуетті өнім беруші, егер:

1) әлеуетті өнім беруші және (немесе) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілі басшыларының зайыбы (жұбайы), жақын туыстарында өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығын иеленсе немесе өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

2) әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның қызметкері тапсырыс берушіге немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға сараптамалық, сабағаттық және (немесе) өткізілген сатып алуды дайындау жөнінде өзге де қызметтер көрсетсе, объект құрылысына жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманы және техникалық-экономикалық негіздеуді әзірлесе;

3) әлеуетті өнім берушінің (заңды тұлғаның) басшысы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысса, басқарса, құрылтайшысы болса. Әлеуетті өнім берушінің (заңды тұлғаның) басшысы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген жеке тұлға (жеке кәсіпкер) болып табылса және керісінше, әлеуетті өнім беруші (жеке кәсіпкер) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушінің (заңды тұлғаның) басшысы болып табылса;

4) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрады.

5) Баланстық құны негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігердің (бірігіп орындаушының) мүлкіне тыйым салынды. Әлеуетті өнім берушіде және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігерде орындалмаған атқару құжаттары бар, және де оларды уәкілетті орган (Сот актілерін орындау жөніндегі департамент) борышкерлердің тиісті тізіліміне енгізген.

6)  Әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігердің (бірігіп орындаушының) қызметі Қазақстан Респуб-ликасы заңнамасына немесе әлеуетті өнім беруші – Қазақстан Республикасының резиденті еместің мемлекеті заңнамасына сәйкес уақытша тоқтатылды.

7) Әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігер (бірігіп орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылар (акционерлер) лаңкестік пен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген.

Әлеуетті өнім беруші мен әлеуетті өнім берушімен үлестес тұлғада (шешім қабылдай және (немесе) әлеуетті өнім берушінің шешіміне ықпал ете алатын кез келген жеке немесе заңды тұлғада және керісінше, әлеуетті өнім берушіде кез келген жеке және заңды тұлғаға қатысты осындай құқық болғанда) бір конкурсқа (лотқа) қатысу құқығы болмайды. Бұл ереже мемлекеттік сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.

Оның мүдделері үшін мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тапсырыс берушіде мұндай сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысу құқығы жоқ.

Шектеулердің бұл тізбесінде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі деген түсінік кездесті. Бұл тізілім нені білдіреді және электрондық сатып алуға әлеуетті қатысушының оған түспеуі несімен жақсы?

Заңның 11-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі:

1) біліктілік талаптары бойынша дәйексіз ақпарат табыс еткен әлеуетті өнім берушілердің;

2)  осы Заңның 6-бабы талаптарының бұзылуына жол берген әлеуетті өнім берушілердің;

3)  жеңімпаздар деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілердің;

4) мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасасқан шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар-дың тізілімі заңды күшіне енген соттар шешімдерінің негізінде қалыптастырылады.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай бойы мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

Бұл тізілімге енбеу үшін қажетті қорытынды: әлеуетті өнім берушінің өзіне сатып алуды ұйымдастырушы тарапынан қойылатын талаптарды өте зейінді зерделеуі және жоғарыда көрсетілген тізбеде көзделген бұзушылықтарға жол бермеуі қажет.

Ал енді тікелей электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдеріне көшейік. Олардың ішіндегі біріншісі – электрондық конкурс.



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль