Мемлекеттік сатып алулар туралы шартта орындалудың қабылдауға болмайтын мерзімдерін белгілеу

32
Биятова Жанар Рахметоллаевна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, СКО
Өнім беруші үшін шартты орындаудың қабылдауға болмайтын мерзімдерін белгілейтін жағдаятқа

Бұзушылықтың мәні

Өнім беруші көбінде тапсырыс беруші өнім беруші үшін шартты орындаудың қабылдауға болмайтын мерзімдерін белгілейтін жағдаятқа кез болады. Мысалға, мемлекеттік сатып алудың қорытындылары 5-күні шығарылып, ал орындау мерзімінің 6-күнге белгіленуі.

Қарсы әрекет қандай болуы керек?

Заңнан дәйексөз. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 31-бабына сәйкес өнім берушіде Тапсырыс беруші қол қойылған шартты ұсынғанғаннан кейін шартқа қол қою үшін 7 жұмыс күні болады. Осы Заңның 40-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы Заң оған тапсырыс беруші мен өнім беруші қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркеуге жататын болса, онда ол қазынашылықтың аумақтық органдарында тіркелгеннен кейін күшіне енеді. Осылайша, шарт талаптарымен келіскен өнім беруші оны көрсетілген мерзімде (тіпті шарт күшіне енген сәттен бастап келесі күні) орындауға міндетті. Сондықтан, сатып алуға қатысушы шартты белгілі бір мерзімде орындау мүмкіндігін баға ұсынысын бергенге дейін бағалап алуы керек.

Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы болып танылған жағдайда, егер өнім беруші қандай да бір себептермен шартты орындау мерзіміне үлгермейтін болса, немесе тапсырыс беруші белгілеген мерзім өнім беруші үшін қабылдауға болмайтындай болса, онда соңғысына шартқа қол қоюдан немесе оны орындаудан жазбаша бас тартуды ұсынудың қажеті жоқ. Өйткені бұл өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізуге әкеп соғуы мүмкін.

Тапсырыс берушінің шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы және тиісінше орындамауы

Бұзушылықтың мәні

Заңның 37-бабы, 12-тармағына сәйкес тапсырыс беруші және өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда аталған шарт орындалды деп есептеледi.

Бұзушылықтар мыналар болып табылуы мүмкін:

шарт бойынша төлемді өз  уақытында төлемеу;

өнім берушінің өз міндеттемелерін орындау үшін қажетті жағдайлардың жоқтығы (мысалы, жөндеу үшін үй-жайдың ұсынылмауы);

тиісінше орындалған жұмыстарды немесе көрсетілген қызметтерді қабылдап алудан бас тарту.

Қарсы әрекет қандай болуы керек?

Өнім беруші шарт талаптарына және қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті: төлем сомасын өндіріп алу туралы, шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мәжбүрлеу, бұзушылықтардың барлық түрлері үшін тұрақсыздық төлемін қолдану туралы талап арыздар беру жолымен жауап беруі тиіс. Сондай-ақ тапсырыс берушінің шарттың орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына кінәлі дауазымды тұлғаларына ықпал етудің тәртіптік және әкімшілік шараларын қолдану жолымен ықпал етуі қажет.

Тапсырыс берушінің тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, фирмалық атауларды, патенттерді, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, тауардың шыққан жері мен өндірушінің атын көрсетуі

Бұзушылықтың мәні

Көбінде тапсырыс берушілер тауарды сатып алған кезде ол туралы неғұрлым толық ақпарат көрсетеді, сөйтіп, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 31-бабы, 1-тармағын бұзады, онда тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға арналған сілтемелердің болуына жол берілмейтіні көрсетілген.

Мұндай шарттардың орналастырылуына тек мынадай:

негізгі (орнатылған) жабдықтар толық жасақталған, жаңғыртылған және толық жарақталған;

тауарды лизингке беру жөнінде көрсетілетін қызметтерді беруші айқындалған және лизинг нысанын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттігі туындаған жағдайларда ғана жол беріледі.

Қарсы әрекет қандай болуы керек?

Өнім берушіге шарт жасасу, ал одан кейін заңсыз талапқа сілтеме жасай отырып, сипаттамаға сәйкес келмейтін тауарды қабылдауға қол жеткізу ұсынылмайды. Тапсырыс берушінің көрсетілген Заң талаптарын бұзуы анықталған жағдайда өнім беруші сатып алуға қатысқанға дейін қаржылық бақылау органдарына шағыммен жүгінуі немесе оның іс-әрекетіне сот тәртібімен шағымдануы және сатып алудың заңнама талаптарына сәйкес өткізілуіне қол жеткізуі қажет.

Берілетін тауарға сатып алу туралы ақпаратта келісілмеген талаптарды ұсыну

Бұзушылықтың мәні

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 31-бабы, 1-тармағына сәйкес тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың нысаны болып табылатын тауарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасында елеулі талаптарын және техникалық шарттарын көрсете отырып, нақты көрсетуге және сипаттауға міндетті.

Егер тапсырыс беруші шарт жобасында барлық елеулі талаптарын көрсетсе және техникалық шарттарын көрсете отырып, тауарды сипаттаса, ал өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасында көрсетілген  сатып алынатын тауардың сипаттамалары мен талаптарынан ерекшеленетін тауар берсе, онда тапсырыс беруші тауарды қабылдаудан бас тартуға құқылы. Егер өнім беруші тауар берсе, ал тапсырыс беруші сатып алынатын тауардың нақты сипаттамаларын көрсетпесе, онда соңғысы тауарды қабылдауға міндетті, өйткені оның өзі Заңның көрсетілген норма талаптарын сақтаған жоқ.

Қарсы әрекет қандай болуы керек?

Мұндай бұзушылық туындаған жағдайда өнім беруші қаржылық бақылау органдарына шағыммен жүгінуі немесе тапсырыс берушінің әрекетіне сот тәртібімен шағымдануы (берілген тауарды қабылдау мен төлемін жасау туралы талап арыз ұсыну) қажет.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль