Тапсырыс берушінің өнім берушіге қол қойылған шартты өз уақытында ұсынбауы немесе ұсынбауы

22
Биятова Жанар Рахметоллаевна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, СКО
Тапсырыс беруші шартты ұсынбаған және оған қол қоймаған жағдайда өнім беруші сотқа шартты мәжбүрлеп жасату туралы талап

Бұзушылықтың мәні

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 31-бабы, 9-тармағына сәйкес тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындысы бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде шарт жобасына қол қояды және оны әлеуетті өнім берушіге жібереді. Бұл талаптарды бұза отырып, кейбір жағдайларда сатып алуды ұйымдастырушылар шартты өз уақытында ұсынбайды. Бұл ретте өнім берушінің шартты өз уақытында орындау мүмкіндігіне қауіп төнуі мүмкін. Кейде шарт мүлде ұсынылмайды, бұл оның орындалу мүмкіндігін толықтай жоққа шығарады.

Қарсы әрекет қандай болуы керек?

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тек «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңмен ғана емес, сондай-ақ көрсетілген Нормативтік қаулымен, азаматтық заңнамамен де реттеледі. Азаматтық кодекстің 399-бабы, 4-тармағымен егер осы Кодекске немесе өзге де заң құжаттарына сәйкес шарт жасасуға мiндеттi тарап оны жасасудан жалтарса, екiншi тарап шарт жасасуға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгiнуге құқылы екендігі, Шарт жасасудан негiзсiз жалтаратын тарап екiншi тарапқа шарт жасасудан бас тарту туғызған залалдың орнын толтыруға тиiс екендігі көзделген.

Осылайша, тапсырыс беруші шартты ұсынбаған және оған қол қоймаған жағдайда өнім беруші сотқа шартты мәжбүрлеп жасату туралы талап арызбен немесе қаржылық бақылау органына бұзушылықтарды жою туралы шағыммен жүгінуге құқығы бар, сондай-ақ тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шартты өз уақытында ұсынбауынан немесе ұсынбауынан туындаған залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Бұған қоса, еске алынған Нормативтік қаулының 6-тармағымен тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіні шарт жасасудан жалтаруы негізінде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арыз берген кезде тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу кодексінің 65,  66- баптарына сәйкес сотқа өзінің шарт жобасын тиісінше жіберуінің дәлелдемелерін (мысалы, шарт жобасының жеткізілгені туралы пошта хабарламасын, өнім берушінің алғаны туралы қолхатын) ұсынуға немесе оның бұл міндетін орындамау себептерін көрсетуге міндетті екендігі көзделген. Тапсырыс берушінің өзіне жүктелген көрсетілген міндетті орындамауы әлеуетті өнім берушіні шарт жасасудан жалтару негізі бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызды қанағаттандырудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

Жеңіп шыққан қатысушыға шарт жасасуға және оны орындауға кедергілер келтіру

Бұзушылықтың мәні

Ең төменгі баға ұсынысын жасаған мемлекеттік сатып алуға қатысушы ұйымдастырушының айқын немесе жасырын қарсы әрекетіне тап болуы мүмкін, ол сатып алуды «өз» өнім берушісінің ыңғайына қарай өткізіп, оның жеңіп шығуына жағдай жасайды.

Бұл:

Шарттың орындалуына негізделмеген қосымша талаптар ұсынумен;

басқа өнім берушінің пайдасына шарт жасасудан бас тартуды ұсынумен;

жасалған шартты басқа өнім берушінің орындауына ұсыныс жасаумен білдірілуі мүмкін.

Қарсы әрекет қандай болуы керек?

Көрсетілген бұзушылықтарда айқын сыбайлас жемқорлықтық сипат бар. Қаржылық бақылау органдарына шағымданудан бөлек, қаржы полициясы органдарына жүгіну де тиімді болып шығуы мүмкін.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях