Әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуларға қатысуы

18
2014 жылғы 14 қаңтардағы өзгерістерге сәйкес ҚР-ның «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы (бұдан әрі мәтін бойынша - Заң) мемлекеттік сатып алуларға әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының қатысу тәртібі мен ерекшеліктерін регламенттейтін 44-1-бабымен толықтырылды.

2014 жылғы 14 қаңтардағы өзгерістерге сәйкес ҚР-ның «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы (бұдан әрі мәтін бойынша - Заң) мемлекеттік сатып алуларға әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының қатысу тәртібі мен ерекшеліктерін регламенттейтін 44-1-бабымен толықтырылды.

Заңмен мұндай әлеуетті өнім берушілер санатына мыналар жатқызылады:

  1. Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар;
  2. түзету мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
  3. шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері.

Және де егер 14.01.2014 жылға, өзгерістер енгізілгенге дейін қолданылған Заң редакциясымен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған,тауарлар  шығаратын, жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететін ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсету көзделсе, онда мемлекеттік сатып алуларға түзету мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қатысу ерекшеліктері жаңа нормалар болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің әрбір санатының мемлекеттік сатып алуларға қатысуын жан-жақты қарастырайық.

Бұрынырақта Заңмен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарынан (бұдан әрі мәтін бойынша – Мүгедектер ұйымдары) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кейбір санаттарын сатып алуды жүзеге асыру міндеті көзделгеніне қарамастан қолданыстағы редакцияда бұл норма елеулі өзгерістерге ұшырады.

Маңызды. Мысалы, Мүгедектер ұйымдарынан жүзеге асырылатын сатып алулар енді үш түрге бөлінген, олардың әрқайсысында өз ерекшеліктері мен міндетті талаптары бар:

Сатып алулардың бірінші түрі – бұл мүгедектердің мұқтаждықтары үшін тағайындалған тауарларды (тифлотехникалық құралдар, қозғалудың арнаулы құралдары, міндетті гигиеналық құралдар) сатып алулар, олар  Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен, Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, осындай тауарлар өндіретін және (немесе) беретін ұйымдардан ағымдағы жылы мұндай тауарларды сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің елу пайыздан кем емес көлемінде  конкурс тәсілімен жүргізілуі тиіс;

Осылайша, егер тапсырыс берушіге мүгедектердің мұқтаждықтары үшін тағайындалған тауарларды сатып алу қажет болса, онда ол сатып алуды жүзеге асыру кезінде мынадай талаптарды сақтауға міндетті:

  1. Сатып алу тәсілі – тек қана конкурс және тек Мүгедектер ұйымдарының арасында;
  2. Конкурсқа өндіретін де, сондай-ақ беретін де Мүгедектер ұйымдары қатыса алады;
  3. Сатып алынатын тауарлардың көлемі – қаражаттың жалпы көлемінің 50%-ынан кем болмауы, яғни тауарлардың қалған көлемін Ұйымдардан, сондай-ақ басқа әлеуетті өнім берушілерден сатып алуға болады.
  4. Сатып алулардың екінші түрі – бұл 1) тармақшада көрсетілмеген өзге тауарларды Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, өнімдер өндіретін ұйымдардан ағымдағы жылы бұл тауарларды сатып алу үшін бөлінген қаражаттың елу пайызынан кем емес көлемде сатып алу;


Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях