Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі

52
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі
Байканова Дилара Елеубаевна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Астана
Қазақстан Республикасының Президенті 2015 жылғы 4 желтоқсанда қол қойған жаңа № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Біз мақалада заңдағы өзгерістерге нақты тоқталамыз және олардың мағынасын қарастырамыз.

Қазақстан Республикасының Президенті 2015 жылғы 4 желтоқсанда қол қойған жаңа № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Біз мақалада заңдағы өзгерістерге нақты тоқталамыз және олардың мағынасын қарастырамыз.

Заңның «Әлеуетті өнім берушінің анық емес ақпарат беруінің салдарлары» 11-бабына өзгерістер енгізілді.

Бұрынырақта әлеуетті өнім беруші жосықсыз өнім берушілер тізіліміне біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат беруінің негізінде енгізілсе, аталған бапқа өзгеріс енгізілгеннен кейін, жосықсыз өнім берушілердің тізіліміне кез келген анық емес ақпаратты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында берген өнім берушілер енгізілетін болады.

Аталған баптың негізінде әлеуетті өнім беруші ұсынатын ақпараттың анықтығын тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында анықтай алады.

Заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік берген анық емес ақпаратты беру фактісін анықтаған уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл жөнінде:

1) егер мұндай факт мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғаннан кейін анықталған болса, тапсырыс берушіні;

2) егер мұндай факт мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін анықталған болса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны жазбаша хабардар етеді.

Бұл ретте хабарламаға осындай фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.

Өздерінің конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік берген анық емес ақпарат берген, соның нәтижелері бойынша олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі.

Сондай-ақ, Заң бойынша сатып алу қорытындысы бойынша екінші орын алған, шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер де жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі.

Бұрын жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізу тек сатып алу қорытындысы бойынша айқындалған жеңімпаздарға ғана қатысты болған, енді 2016 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізуге себеп екінші орын алған әлеуетті өнім берушілерге де қатысты болады.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях