Мемлекеттік сатып алу жоспарымен жұмыс

125
Мемлекеттік сатып алу жоспарымен жұмыс
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (алдын ала жылдық жоспарды) соңғы өзгерістерге байланысты веб-порталда орналастыру. Бір және одан да көп алдын ала жылдық жоспарларды жасау және бекіту.

Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (даму жоспарының) негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.

Тапсырыс беруші тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлеуге және бекітуге құқылы.

Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгенге дейін қолданылады.

Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына ауысады.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілген (нақтыланған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді (нақтылайды).

Тапсырыс беруші мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекiтілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.

Веб-порталдағы әрекеттер

Мемлекеттік сатып алу жоспарын мемлекеттік сатып алу веб-порталында екі тәсілмен орналастыруға болады: 

  • Planimports үлгісінің көмегімен файлдан импорт жолымен жоспардың көп мөлшерін жүктеу; 
  • Жоспар тармағын жеке-дара жасау.

25.09.2017 жылдан бастап мемлекеттік сатып алудың веб-порталы «Бекітілді» статусындағы бір және одан да көп алдын ала жылдық жоспарларды бір мезгілде жасауға және бекітуге, оның ішінде жылдық жоспар бекітілгеннен кейін алдын ала жылдық жоспарды жасауға және бекітуге мүмкіндік береді.

Бір қаржы жылы үшін 1 ғана жылдық жоспар (осы жылғы жылдық жоспарды қайта жасауға тырысу кезінде жүйе мұндай әрекетті қолданыстағы бекітілген жылдық жоспарға өзгеріс енгізу ретінде анықтайтын болады) жасауға болады.

 «Бекітілді» статусымен бұрын бекітілген алдын ала жылдық жоспар бар болса және алдыңғы алдын ала жоспарды өзгертпестен жаңа алдын ала жоспарды жасау қажет болса, мынадай әрекеттерді орындау керек:

1. «Жылдық жоспарды жасау» батырмасын басыңыз.

2. Ашылған «Жылдық жоспарды жасау» нысанында «Қаржы жылы», «Акт нөмірі», «Акт күні» өрістерін толтырып, бекітілген құжаттың сканерленген көшірмесін бекіту керек.

3. «Алдын ала жоспар» қанатбелгісін қойыңыз.

4. «Өзгертілетін алдын ала жылдық жоспарды таңдаңыз» өрісін толтырмай-ақ, «Сақтау» батырмасын басыңыз.

5. Жүйе «Жоба» статусымен жаңа алдын ала жылдық жоспарды жасайды, бұл ретте алдыңғы алдын ала жоспардың жоспар тармақтары ауыспайды.

6. Жоспар тармақтарын қосыңыз, әрі қарай жоспарды бекітіңіз.

7. Алдын ала жоспар бекітілгеннен кейін жүйе алдын ала жылдық жоспардың статусын «Жоба» статусынан «Бекітілді» статусына ауыстырады, бұл ретте алдын ала жылдық жоспардың статусы «Бекітілді» статусы болып қала береді.

«Бекітілді» статусымен бұрын бекітілген бірнеше алдын ала жылдық жоспарлар бар болса, олардың біреуін немесе бәрін өзгерту керек (мәселен, бір алдын ала жылдық жоспарға біріктіру). Ол үшін мына әрекеттерді орындау қажет:

1. «Жылдық жоспарды жасау» батырмасын басыңыз.

2. Ашылған «Жылдық жоспарды жасау» нысанында «Қаржы жылы», «Акт нөмірі», «Акт күні» өрістерін толтырып, бекітілген құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеңіз.

3. «Алдын ала жоспар» қанатбелгісін қойыңыз.

4. «Өзгертілетін алдын ала жылдық жоспарды таңдаңыз» батырмасын басыңыз.

5. Жүйе өзгертілетін алдын ала жылдық жоспарды таңдау нысанын көрсетеді.

6. Ашылған нысанда қанатбелгінің көмегімен өзгертілетін алдын ала жылдық жоспарды таңдаңыз (егер бірнеше жоспарды бір алдын ала жылдық жоспарға біріктіру қажет болса, бірнешеуін таңдаңыз) және «Қолдану» батырмасын басыңыз.

7. Бұдан соң жүйе жоспардың барлық тармақтарын таңдалатын алдын ала жоспардан жаңа алдын ала жылдық жоспарға ауыстырады.

8. Жүйе «Жоба» статусымен жаңа алдын ала жылдық жоспарды жасайды.

9. Жаңа алдын ала жылдық жоспарды өзгертіңіз және бекітіңіз.

10. Алдын ала жылдық жоспар бекітілгеннен кейін, жүйе алдын ала жылдық жоспардың статусын «Жоба» статусынан «Бекітілді» статусына ауыстырады, бұл ретте алдыңғы алдын ала жоспардың (лар) статусы «Өзгертілді» болып өзгереді.

Егер жылдық жоспар жасау және «Бекітілді» статусындағы бұрын жасалған бекітілген алдын ала жылдық жоспарлардың жоспар тармақтарын ауыстыру қажет болса, мына әрекеттерді орындау керек:

1. «Жылдық жоспар жасау» батырмасын басыңыз.

2. Ашылған «Жылдық жоспарды жасау» нысанында «Қаржы жылы», «Акт нөмірі», «Акт күні» өрістерін толтырып, бекітілген құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу керек.

3. «Алдын ала жоспарды» қанатбелгімен белгілемеңіз.

4. «Өзгертілетін алдын ала жылдық жоспарды таңдаңыз» батырмасын басыңыз.

5. Жүйе өзгертілетін алдын ала жылдық жоспарды таңдау нысанын көрсетеді.

6. Ашылған нысанда қанатбелгінің көмегімен өзгертілетін алдын ала жылдық жоспарды таңдаңыз (егер бірнеше жоспарды бір жылдық жоспарға біріктіру қажет болса, бірнешеуін таңдаңыз) және «Қолдану» батырмасын басыңыз.

7. Батырманы басқаннан кейін жүйе жоспардың барлық тармақтарын таңдалған алдын ала жоспардан жылдық жоспарға ауыстырады.

8. Жүйе «Жоба» статусымен жылдық жоспарды жасайды.

9. Жылдық жоспарды өзгертіңіз және бекітіңіз.

10. Жылдық жоспар бекітілгеннен кейін, жүйе жылдық жоспардың статусын «Жоба» статусынан «Бекітілді» статусына ауыстырады, бұл ретте алдыңғы алдын ала жоспардың (лар) статусы «Өзгертілді» болып өзгереді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль