Мемлекеттік тапсырысты іске асыруға қажет жағдайлар

26
Абишев Александр Александрович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Жоғарыда айтылғандай, өнім беруші мемлекеттік тапсырысты орындау барысында бірінші кезекте жобалық-сметалық құжаттама бар болған жағдайда да техникалық құжаттама талаптарын сақтауға бейімделеді.

Жоғарыда айтылғандай, өнім беруші мемлекеттік тапсырысты орындау барысында бірінші кезекте жобалық-сметалық құжаттама бар болған жағдайда да техникалық құжаттама талаптарын сақтауға бейімделеді. Алайда, қолданыстағы заңнамада қандай да бір салада белгіленген талаптардың барлығы тапсырыс берушінің құжаттамасында жазылмауы мүмкін. Сондықтан, тапсырыс берушінің кейбір талаптарды жазбау фактісі, ондай талаптардың өнім беруші тарапынан орындалмауын болғызбайды. Өйткені тапсырыс берушіден басқа, өнім берушінің жұмысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексеретін әртүрлі бақылаушы уәкілетті органдар бар.

Сол себепті, мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау аясында жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету барысында өнім берушілерге қойылатын ең негізгі талаптардың біріне назар аудару қажет.

Егер өнім беруші құрылыс жұмыстарын мемлекеттік сатып алуды жеңіп алса және жұмыстарды әзірленген жобалық-сметалық құжаттама бойынша орындаса, ол машиналардың, жадықтардың әрбір түрінің саны жұмыстарды жүргізудің әзірленген жобасында айқындалуы тиіс екендігін ескеруі тиіс. Бұл құжатты өнім беруші, онда тиісті құрылыс жұмыстарына лицензия бар болған жағдайда өзі әзірлей алады. Дәл осы құжатты өнім беруші тапсырыс беруді жүзеге асыру кезінде құрылыс объектісін қажетті механизмдермен және жабдықтармен қамтамасыз етуді негіздеу үшін қолдануына болады. Тапсырыс берушінің өнім берушіден оның жұмыс жүргізу жобасын талап етпуіне де болады, бірақ оның өнім берушіде болғаны дұрыс, бұл техникалық қадағалаумен жұмыс істеу және тексеру кезінде қажет болады және жұмысын жеңілдетеді.

Маңызды. Өнім берушінің мамандары мен қызметкрелерінің арнаулы оқудан, техника қаупісздігі мен еңбекті қорғау нұсқаулығынан өтуі, сондай-ақ оларды қажетті жеке қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, жуғыш және зарарсыздандырғыш заттармен т. б. жарақтандыру көптеген жұмыс және көрсетілетін қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде міндетті талап болып табылады. Әрине аталған талаптарды тапсырыс беруші өнім берушіге алдын ала қоюы және техникалық еркешелікте жазуы тиіс, өкінішке орай үнемі бұлай үнемі бола бермейді. Ал өнім беруші осындай талаптарды міндетті түрде ескеруі қажет. Жұмыстарды жүргізу (қызметтерді көрсету) қауіпсіздігі өнім берушіні де тапсырыс берушіні де шарт міндеттерінің өзін орныдаудан кем емес ойландыруы тиіс.

Сонымен қатар, тапсырыс берушінің құжаттамасында мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде қандай да бір жұмыстарды орныдауға (қызметтер көрсетуге) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы өнім берушінің бұйрық шағыруы тиіс екендігі туралы талаптар сирек кездеседі. Бұл өз кезегінде өнім беруші жұмысының міндітті талаптарының бірі болып табылады, сондықтан бұл туралы алдын ала ойластыру және қажетті құжаттаманы дайындау қажет.

Түрлі құжаттамаларды жасауға және жүргізуге қатысты, бұл тұрғыда мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша құрылыс жұмыстарын орындау өнім беруші үшін машақатты іс болып табылады. Сонымен, белгілі бір жұмыс жобасын іске асыру бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыру аясында өнім беруші мынадай: жұмыстарды жүргізу журналы, объектіде жұмыс істейтін механимдердің журналы, жұмыс орнындағы нұсқаулықты тіркеу журналы және жұмыстарды жүргізу кестесі сияқты негізгі құжаттарды дайындауы және тиісті түрде ресімдеуі тиіс. Жұмыстарды орындау және аяқтау барысында техникалық қадағалау ұйымының өкілі көрсетілген құжаттардың дұрыс толтырылуын тексереді, олар тексергеннен кейін аталған құжаттардың көшірмесі тапсырыс берушіге ұсынылуы тиіс.

Бұдан басқа, жұмыстарды орныдауды (қызметтерді көрсетуді) неғұрлым толық есепке алу және бақылау үшін, өнім беруші тиісті құжаттарды өз бетінше әзірлей және ресімдей алады, оларды да мемлекеттік тапсырыстың тиісті түрде орындалғанын растаушы құжат ретінде тапсырыс берушіге ұсынуға болады. 



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль