Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізу

330
Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізу
Аукциондық сауда-саттық ашық аукцион үлгісі бойынша өткізіледі, онда әлеуетті өнім берушілер басқа қатысушылардың бағаларын онлайн-режимде көре алады.

Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимiнде мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады, оны өткізуді мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қамтамасыз етеді.

Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте тауар аукцион нысанасы болып табылады. Осы тәсілмен сатып алуды жүзеге асыру «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 32–36-баптарында және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 6-тарауында регламенттелген.  

1. Аукцион тәсілімен сатып алу өткізу

Сатып алуды жүзеге асыру реттілігі:

1) ұйымдастырушыны айқындау; ерекшелік тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіреді;

2) тапсырыс берушінің ұйымдастырушыға аукционды ұйымдастыру және өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарды ұсынуы;

3) веб-портал арқылы жылдық жоспардың тармақтарын жіберуі;

4) аукциондық комиссияның құрамын, сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны (қажет болғанда) айқындау және бекіту, аукциондық комиссияның хатшысын айқындау;

5) аукциондық құжаттаманың (бұдан әрі – АҚ) жобасын бекіту;

6) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны, сондай-ақ АҚ мәтінін веб-порталға орналастыру;

7) АҚ жобасын веб-портал арқылы алдын ала талқылау және лдын ала талқылаудың хаттамасын веб-порталға орналастыру;

8) әлеуетті өнім берушілердің (бұдан әрі – ӘӨБ) электрондық құжат нысанындағы аукционға қатысуға өтінімдерін ұсынуы және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеу;

9) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталға орналастыру;

10) ӘӨБ-нің өтінімдерін біліктілік талаптарына және АҚ талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің болмауы тұрғысынан қарау;

11) ӘӨБ-нің өтінімдерін біліктілік талаптарына және АҚ талаптарына сәйкес келтіруі;

12) өтінімдерді қайта қарау;

13) біліктілік талаптарына және АҚ талаптарына сәйкес келетін ӘӨБ-ні айқындау және оларды аукционға қатысушы деп тану;

14) аукционға қатысушылардың бастапқы бағаларын веб-порталмен автоматты түрде салыстыру, аукционның ең төменгі бастапқы бағасын айқындау және аукционға қатысуға рұқсат беру хаттамасын орналастыру;

15) аукционды веб-портал арқылы өткізу;

16) аукционның қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда автоматты түрде қалыптастыру және орналастыру;

17) тапсырыс берушінің жеңімпазбен шарт жасасуы.

2. Аукцион және конкурс тәсілдері арасындағы айырмашылықтар

Аукцион тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алу конкурс тәсіліне өте ұқсас, алайда белгілі бір айырмашылықтары бар:

1) аукционның конкурстан айырмасы, бір лотқа ғана өткізіледі, бұл қажетті мәліметтерді дайындауды айтарлықтай жеңілдетеді және сатып алуды жүзеге асыру процесін жеделдетеді;

2) аукцион мәні тауар болып табылады, яғни ешқандай жұмыс та, ешқандай көрсетілетін қызметтер де аукционда сатып алынбайды;

3) аукционда шартты баға жеңілдігі қолданылмайды, сәйкесінше шартты бағаға әсер ететін өлшемшарттар да жоқ;

4) демпингтік баға жоқ;

5) конкурстық құжаттамаға кіретін барлық құжаттармен қатар аукционға қатысу өтінімінің құрамына әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы да енеді (конкурстық баға ұсынысының (түпкілікті) орнына).

Аукционның басты ерекшелігі – аукционға қатысушылардың тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы (баға ұсынысы) ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап 30 минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейін 10 минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің неғұрлым төмен бағасы туралы бірде-бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.

3. Веб-порталдағы іс-әрекет

Хабарландыру жасауды пайдаланушы жүйедегі «Ұйымдастырушы» рөлімен жүзеге асырады. Хабарландыру жасау үшін пайдаланушының жеке кабинетінде «Жұмыс кабинеті» бөліміне өтіп, «Тапсырыс берушілердің өтінімдері» немесе «Хабарландыру жасау» мәзірін таңдау керек.

Сатып алу тәсілін, үлгісін, түрін, хабарландыру атауын (екі тілдегі) көрсете отырып өрістерді толтырғаннан кейін және «Бұдан әрі» батырмасын басқаннан кейін жүйе «Жұмыс кабинеті» – «Менің хабарландыруларым (ұйымдастырушы)» бөлімінде «Жоба» статусындағы хабарландыруды автоматты түрде сақтайды

Хабарландыру жобасына лотты қосу үшін сүзгілер жиынтығын пайдаланып, іздеуді қолдану керек.  «Аукцион»  тәсілімен сатып алу жобасына тек бір лот қосылуы мүмкін.

Өкілдер бойынша деректерді қосу парағында өтінімнің қолданылу мерзімін көрсету керек және ұйымдастырушы мен тапсырыс берушінің өкілдері туралы деректерді толтыру қажет. Ұйымдастырушы туралы деректерді толтыру үшін ұйымдастырушы атауының белсенді сілтемесін басу керек.  

Өрістің атауы

Сипаттамасы

Өтінімнің қолданылу мерзімі

Қолмен толтырылады. Өтінімнің ең қысқа қолданылу мерзімі – күнтізбелік 60 күн

Ұйымдастырушы туралы ақпарат

Өкілдің А. Т. Ә.

Қолмен толтырылады. «Қосу» батырмасын басқан кезде қалқымалы терезе көрінеді. Әдепкі қалпы бойынша тек  ұйымдастырушының өкілеттігі бар пайдаланушылар көрінеді. Пайдаланушыны таңдауы «Таңдау» батырмасының көмегімен жүзеге асырылады. Пайдаланушыны іздеуді сүзгілер жиынтығының көмегімен жүзеге асыруға болады (ЖСН немесе Т. А. Ә. бойынша)

Лауазымы

Өкілдің тіркеу деректерінен автоматты түрде толтырылады

Байланыс телефоны

Өкілдің тіркеу деректерінен автоматты түрде толтырылады

E-mail

Өкілдің тіркеу деректерінен автоматты түрде толтырылады

Ұйымдастырушының банктік деректемелері

Қолмен толтырылады. Ашылған тізімнен шот таңдалады

Өтінімді қамтамасыз етудің банктік деректемелері

Қолмен толтырылады. Ашылған тізімнен шот таңдалады

Аукциондық комиссияны қосу

Аукциондық комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауға тиіс, бұл ретте:

– егер сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүргізсе, комиссияның ең аз құрамы бес комиссия мүшесінен тұруға тиіс;

– егер сатып алуды ұйымдастырушы жүргізсе, комиссияның ең аз құрамы үш комиссия мүшесінен тұруға тиіс.

Комиссия мүшесін қосу «Комиссия мүшесін қосу» батырмасының көмегімен жүзеге асырылады.

Аукциондық құжаттама

 «Аукциондық құжаттаманы дайындау» қадамында Қағидаларға сәйкес аукционға қатысуға қажетті құжаттардың қалыптасқан тізімі бейнеленеді. Егер сатып алуға қатысу үшін өнім берушілерге белгілі бір құжаттарды ұсыну талап етілсе, хатшы «Өнім берушінің міндеттілігі» өрісінде қанатбелгі қоюы керек. Құжат туралы ақпаратты қарау үшін «Құжаттардың атауы» өрісінде оның атауын басу қажет.

 «Техникалық ерекшелік» бөлімінде құжаттаманың жалпы тізімінде «Толтыру» белсенді сілтемесін басу керек және қазақ және орыс тілдерінде талап етілген сипаттаманы енгізу қажет.

Сипаттаманы толтырғаннан кейін «Сақтау» батырмасын, содан соң «Техникалық ерекшелікті бекіту» батырмасын басу қажет. Бұдан соң «Қол қою» функциясы қолжетімді болады.

Рұқсаттар мен лицензиялар туралы деректер

Егер сатып алуға қатысу үшін өнім берушілерге лицензия ұсыну талап етілсе, онда ұйымдастырушы хабарландыру жобасында «Аукциондық құжаттаманы дайындау» қадамында «Бірінші санатты рұқсаттар (Лицензиялар)» тармағында «Өнім берушінің міндеттілігі» белгісін белгілеу керек. Лицензияның түрін (-лер) анықтау үшін «Бірінші санатты рұқсаттар (Лицензиялар)» белсенді сілтемесін басу қажет. Талап етілген лицензияны іздеуді сүзгінің көмегімен жүзеге асыруға болады. Талап етілген лицензияны қанатбелгімен белгілеп,  «Белгіленген лицензияларды қосу» батырмасын басу керек.

Егер сатып алуға қатысу үшін өнім берушілерге рұқсат ұсыну талап етілсе, ұйымдастырушы хабарландыру жобасында «Аукциондық құжаттаманы дайындау» қадамында «Өнім берушінің міндеттілігі» белгісін белгілеу керек. Рұқсаттың түрін (-лер) анықтау үшін «Екінші санатты рұқсаттар» белсенді сілтемесін басу қажет. Талап етілген рұқсатты іздеуді сүзгінің көмегімен жүзеге асыруға болады. Талап етілген рұқсатты қанатбелгімен белгілеп,  «Белгіленген рұқсаттарды қосу» батырмасын басу керек.

Хабарландыруды жариялау күні мен өтінімдерді қабылдауды бастаудың алдын ала мерзімі арасындағы ең қысқа аралық – 5 жұмыс күні. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы мен аяқталуының алдын ала мерзімдері арасындағы ең қысқа аралық – күнтізбелік 15 күн. Өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімі тек жұмыс күні толтырылады.

«Талқылаудың басталу мерзімі» мен «Талқылаудың аяқталу мерзімі» өрістері, егер лот бойынша хабарландыруда қайтадан сатып алу жүзеге асырылса, лот статусы қосқан кезде «Сатып алу өткізілмеді» болса көрсетілмейді. Ең қысқа аралық бойынша 5 жұмыс күні болу талабы бұл жағдайларда болмайды.

Аукциондық сауда өткізу

Аукциондық сауданың басталу күні мен уақыты туғанда хабарландыруға «Жарияланды (аукцион өткізу)» статусы беріледі. Аукционға баға ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап 30 минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейін 10 минутты құрайды. Егер соңғы баға ұсынысы келіп түскеннен кейін 10 минут ішінде ең төмен бағамен баға ұсынысы келіп түспесе, аукцион автоматты түрде аяқталады. Егер аукциондық сауда басталғаннан кейін 30 минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-бірі баға туралы ұсыныс бермесе, аукцион автоматты түрде аяқталады. Аукцион аяқталғаннан кейін жүйе қорытындылар хаттамасын PDF, XML форматтарында автоматты түрде қалыптастырады және оны аукцион өткізу туралы хабарлама нысанына тіркейді. Егер аукционға қатысушы басққа қатысушы ұсынған бағаға тең баға туралы ұсыныс берсе, басқа ұсыныстарға қарағанда ерте келіп түскен баға туралы ұсыныс үздік деп танылуға тиіс. Толығырақ: Аукциондағы «алғашқы адымдар» 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль