Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауда проблемалардың туындауы

47
Белгілі болғандай, жасалған шарттың талаптарын орындау кезінде тапсырыс беруші ең алдымен сілтеме жасайтын негізгі құжатқа техникалық ерекшелік жатады. Онда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің барлық техникалық және сапалық сипаттамалары көрініс табады. Тиісінше, тапсырыс беруші шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыра отырып, бірінші кезекте техникалық ерекшеліктің талаптарын, ал мемлекеттік тапсырысты орындайтын өнім беруші техникалық ерекшеліктің ережелерін басшылыққа алады.

Белгілі болғандай, жасалған шарттың талаптарын орындау кезінде тапсырыс беруші ең алдымен сілтеме жасайтын негізгі құжатқа техникалық ерекшелік жатады. Онда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің барлық техникалық және сапалық сипаттамалары көрініс табады. Тиісінше, тапсырыс беруші шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыра отырып, бірінші кезекте техникалық ерекшеліктің талаптарын, ал мемлекеттік тапсырысты орындайтын өнім беруші техникалық ерекшеліктің ережелерін басшылыққа алады.

Назар аударыңыз. Әдетте, өнім беруші үздік және белгілі бір неғұрлым ақылға қонымды техникалық шешімдер мен жалпы алғанда шартты орындау жолдарын ұсынған күннің өзінде, тапсырыс беруші әзірленген техникалық ерекшелікті ауыстырмайды.

Өнім берушілер мен тапсырыс берушілердің өкілдері мемлекеттік тапсырысты орындау немесе ол орындалғаннан кейін де, бақылаушы және құқық қорғау органдарының тарапынан тексерулер болатыны туралы бастапқы кезден-ақ ойланулары тиіс. Осыған байланысты, мемлекеттік сатып алуды жүргізумен және оған қатысумен айналысатын мамандардың көпшілігі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың бастапқы сатысында өз жұмысына жеткілікті түрде жауапкершілікпен қарамайтындығына, жағдайды талдауға немесе болжауға тырыспайтынына сіздердің назарларыңызды аударамыз. Сонымен, тапсырыс берушілердің өкілдері тарапынан құжаттарды сауатсыз жасау, кейде құжатта жазылғандардың іс жүзінде қалай орындалатынын салыстыруға ниеттенбеу фактілері жиі кездеседі. Олардың көбісі, өздерінің негізгі міндеттері – құжаттаманы дұрыс дайындау және сатып алуды жүргізу деп есептеуі мүмкін.

Сонымен қатар көптеген сатып алулар, әсіресе жұмыстарды сатып алу мамандандырылған ұйымдардың саны көп құжаттарын дайындауды талап етеді. Бұл арада жұмыс жобалары (жобалық-сметалық құжаттама), сарапшылардың тұжырымдамаралы

т. б. туралы сөз болып отыр. Егер тапсырыс берушінің нақты сатып алудың ерекшеліктері туралы білетін мамандары жоқ болса, өздерінің қызметтік міндеттеріне қарай сатып алуды ұйымдастырумен және жүргізумен айналысатын қызметкерлер, көп жағдайларда құжаттарды зерделеуге және талдауға аса көңіл бөле бермейді.

Осындай арнаулы құжаттамаларда шарт міндеттемелерін орындау үдерісіне ашықтан-ашық іске аспайтын көтеріңкі талаптар жиі жазылады. Тапсырыс берушілер бұндай ұйымдармен, сарапшылармен жұмыс істеулері, құжаттарды тексерулері, оларды қолда бар нақты жағдайлармен салыстырулары тиіс, өйткені ерте ме кеш пе, осы құжаттарда көрсетілген талаптарды орындау сәті орын алады.

Нәтижесінде өнім берушіге ғана емес, сонымен қатар тапсырыс берушіге де, кейде күрделі, тіпті орындалуы мүмкін емес барлық талаптарды қалай орындау керектігін ойлануға тура келеді. Көбінесе тапсырыс берушілер сапасыз, шарт талаптарынан біраз ауытқыған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді қабылдайды. Өнім берушілер орындамайтын неғұрлым жиі кездесетін талаптардың бірі – бұл техникалық ерекшелікте және/немесе жұмыс жобасында көзделген барлық техника мен жабдықтардың бар болу талабы. Тіпті кей жағдайларда қандай да бір құрал-жабдықтардың болмауы сапаға, мысалы құрылыс жұмыстарын орындау немесе күрделі кешенді қызметтер көрсетуге әсер етпейтіндігіне қарамастан, бәрібір бұл жағдай тексеруші органдар үшін мемлекеттік тапсырыстың тиісті түрде орындалмауы туралы негіз болып табылады. Бұл жағдайда іс жүзінде өнім берушілердің өкілдерімен қатар, тапсырыс берушінің өкілдері де теңдей «қиналады» – тексерушілер екі жақты да тексереді, оларға өздерінің әрбір қадамдарын негіздеулері қажет болады.     

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға арналып дайындалатын құжаттарды егжей-тегжейлі бақылаудың және талдаудың болуы тапсырыс берушілердің өкілдері орындаулары тиіс маңызды шарт болып табылады.

Әрине, өнім берушілер мен олардың өкілдері де жауапкершілікте болады. Осылармен қатар, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың басым көпшілігі мемлекеттік тапсырысты орындау шарттарын және бұл ретте өнім берушіге қойылатын талаптарды жеткілікті түрде зерделемейді. Сондықтан олар алдымен сатып алуды жеңіп алуға тырысады, содан кейін ғана техникалық ерекшелікте жазылған талаптарды орындау туралы ойлай бастайды. Жалпы алғанда өнім берушілер үшін бұл үдеріс күрделірек, өйткені қандай да бір талаптар мен шарттарды мүлде өзгертуге болмайды – барлығын тапсырыс беруші бекітіп қойған, кейбір жағдайларда мемлекеттік сараптау жүргізілген, алайда жоғарыда атап өткендей, тапсырыс берушілер өздері белгілеген талаптарды өзгертуге үнемі құлшына қоймайды. Дегенмен, өнім берушінің қажетті ресурстары бар, бірақ бұл ретте тапсырыс берушінің құжаттамасында орындалуы сапаға ешбір әсерін тигізбейтін талаптар көзделген немесе олар ақылға сыймайтын және керек емес болып табылады, ал өнім беруші тапсырыс берушінің талаптарынан шартты орындаудың өз нұсқасындағы айырмашылығын құжаттама түрінде болса да тіркеу арқылы барлық шараларды қабылдауы тиіс. Өнім беруші ұсынған техникалық ерекшеліктің үздік екендігіне, оны тапсырыс берушінің сол күйінде тануына және тиісінше алдағы уақытта өнім берушіден мемлекеттік тапсырысты өнім берушінің техникалық ерекшелігінде жазылған талаптарға сәйкес орындауын талап етуі керектігіне оның көзін жеткізу қажет.

Маңызды. Өнім берушілердің өкілдері өздеріне қолайлы болуы үшін, тапсырыс беруші ұсынған барлық құжаттаманы жете зерделеулері, оны орындауды және барлық ықтимал қиындықтар мен нюанстарды ойластырулары тиіс. 



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль