Мемлекеттік сатып алу бойынша жауапкершілік

42
Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды уәкілетті орган бақылайды және жауапкершілік дәрежесі бойынша бөлінеді. Сонымен, Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жазалар және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамамен реттелетін сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін жауапкершілік көзделген. Сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 207-бабының негізінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды уәкілетті орган бақылайды және жауапкершілік дәрежесі бойынша бөлінеді. Сонымен, Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жазалар және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамамен реттелетін сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін жауапкершілік көзделген. Сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 207-бабының негізінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Кодекске мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар бойынша түзетулер енгізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті 2015 жылғы 4 желтоқсанда қол қойған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді) маңызды өзгерістер енгізілді және тиісінше – лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі де өзгертілді.

                          

Маңызды. Аталған мақалаға қосымша ескертпеде, кімдердің лауазымды тұлға деп түсінілетіні көрсетілген. Бұл ретте айыппұлдардың бюджет қаражаттарынан емес, бұзушылыққа жол берген жеке тұлғаның табысынан төленетінін есте ұстаған маңызды.

Біз мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтардың 13 түрін, айппұлдардың қашан және қандай жағдайларда көзделетінін жете қарастырамыз.

Кодекстің 207-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) қойылатын не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптар белгілеу не сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiлігiн айқындайтын сипаттамаларын көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш (106 050 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу көзделген.

Аталған тармаққа «әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптар белгілеу» ұғымы қосылды, өйткені жаңа Заңда өнім берушілерге атап айтқанда көтеріңкі талаптар қоюға тыйым салуға акцент жасалған.

Ерекшеліктер барлық үш бәсекелестік тәсілдерде жазылған, атап айтқанда, егер, тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер:

1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтылымды (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;  

2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және лизинг нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттігі туындағанда;  

3) тапсырыс берушінің қолында бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларында сатып алынатын болса, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, фирмалық атауларды, патенттерді, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, тауардың шығарылған жерінің атауын және өндірушінің атауын, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларды көрсетуге рұқсат беріледі.

Маңызды. Осылайша, барлық қалған жағдайларда әлеуетті өнім берушілерге нұсқаулардың болуы және талаптардың қойылуы заңға сыйымсыз болады.

Заңда, «конкурстық (аукциондық құжаттаманың) құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау» жаңа түсінігі пайда болды. Және Заңның 22-бабына сәйкес, конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға жіберілуі мүмкін.

Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ескертулер болған кезде конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

2) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертпелерді қабылдамай, оларды қабылдамау себептерінің негіздемелерін көрсетеді;

3) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді.

Осыған байланысты Кодекстің 207-бабының 2-тармағына түзетулер енгізілді және конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылау шеңберінде келіп түскен, конкурстық құжаттаманың (аукиондық құжаттаманың) жобасына ескертулерді уақтылы қарамау, сол сияқты мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың (аукиондық құжаттаманың) мәтінін уақтылы орналастырмағаны үшін, лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш (63 630 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу көзделген.

Заңның 5-бабының 10-тармағында, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті, бюджет жобасын нақтылау (түзету) кезінде болған, мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (даму жоспарына) мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы екендігі белгіленген.

Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) ағымдағы жылы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Кодекстің 207-бабының 3-тармағында, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тартқаны үшін, лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш (212 100 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу көзделген.

Заңның 27 және 33-баптарына сәйкес, Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен конкурстық (аукциондық) құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурсқа (аукционға) қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделеді, оған конкурстық (аукциондық) комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық (аукциондық) комиссияның хатшысы конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімдерді алдын ала қарау туралы шешім қабылданған күні қол қояды.

Конкурсқа (аукционға) қатысуға алдын ала жіберу хаттамасында қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталып, оның ішінде әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен конкурстық (аукциондық) құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, конкурсқа (аукционға) қатысуға берілген өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

Әлеуетті өнім берушінің өзінің конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімін үш жұмыс күні ішінде сәйкес келтіру құқығы бар.

Сонымен қатар, Кодекстің 207-бабының 4-тармағында, конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмдерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін, конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмдi жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсті түрде ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге байланысты конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) сұрау салуды жібергені және өзге де әрекеттері үшін, лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш (212 100 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу түріндегі жауапкершілік көзделген.

Маңызды. Аталған айыппұл конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасына және оның орынбасарына, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелеріне қолданылатынын білу қажет.

Заңның 9-бабына біліктілік талаптарын белгілеу бойынша өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, әлеуетті өнім берушілерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:

1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;

2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;

4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы;

5) жұмыс тәжірибесінің болуы. Осы тармақтың 5) тармақшасының талабы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен айқындалатын өлшемшарттарға сәйкес белгіленеді.

Және тиісінше Кодекстің 207-бабының 5-тармағында, әлеуеттi өнiм берушiлерге және (немесе) олар тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердiгерлеріне (бiрлесiп орындаушыларына) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлегені үшін, лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш (212 100 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу көзделген.



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль