• Главная страница
  • » Статьи
  • » Шағымдану
  • » «Мемлекеттiк сатып алу туралы» ҚР Заңының ережелеріне сәйкес, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының шағым жасау тәртібі

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» ҚР Заңының ережелеріне сәйкес, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының шағым жасау тәртібі

29
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» ҚР Заңының ережелеріне сәйкес, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының шағым жасау тәртібі
Боган Анна Александровна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Орын алған кемшіліктердің жойылуына, уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың оны қолдану жөніндегі түсіндірмелер беруіне қарамастан, мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде әлі де болса бұзушылықтарға жиі жол беріледі.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың үнемі жетілдірілуіне, орын алған кемшіліктердің жойылуына, уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың оны қолдану жөніндегі түсіндірмелер беруіне қарамастан, мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде әлі де болса бұзушылықтарға жиі жол беріледі.

Жаңа «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңында (бұдан әрі – Заң), тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау рәсімі, өнім берушілерге бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге көбірек мүмкіндіктер беретін жаңа ережелермен толықтырылған.

 Сонымен, әлеуетті өнім берушілердің өткізілген конкурс (аукцион) нәтижесіне уәкілетті органға шағыммен жүгінуіне шектеулі мерзім белгілеу және осындай шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды тоқтата тұру негізгі жаңалық болып табылады.

Заңның қолданыстағы редакциясында, бұрынғыдай, заңға қайшы әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) немесе заңсыз шешімдерге шағым жасау екі тәсілмен:

уәкілетті органға шағым беру арқылы;

сот тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Жаңа Заңда әлеуетті өнім берушінің уәкілетті органға тапсырыс берушінің сатып алу тәсілін таңдау туралы шешіміне және Заңда көзделмеген жағдайларда тапсырыс берушінің сатып алудан бас тарту туралы шешімдеріне шағымдану құқығын шектеу қамтылмағанына назар аудару қажет. Яғни, жаңа Заң әлеуетті өнім берушілерге тапсырыс берушілердің жоғарыда көрсетілген шешімдеріне сот тәртібімен қатар уәкілетті органға да шағымдану құқығын береді.

Осылайша, әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның т. б., олар сатып алуды жүргізу кезінде жол берген кез келген заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) немесе олар қабылдаған кез келген заңсыз құжаттарға (шешімдерге, хаттамаларға) шағымды уәкілетті органға (ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетіне) бере алады.

Сонымен қатар, жаңа Заңда конкурс (аукцион) тәсілімен өткізілген сатып алулардың нәтижесіне әлеуетті өнім берушінің уәкілетті органға шағыммен жүгінуі үшін қысқартылған мерзім белгіленген. Сонымен келесі нормалар енгізілген:

Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы орналастырған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға шағым жасалған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Сонымен қатар жаңа Заңда конкурс (аукцион) тәсілімен өткізілген сатып алулар қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жеңімпаз атанған өнім берушіге қол қоюға бірден емес, конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі аяқталғаннан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.

Сондай-ақ жаңа Заңның ережелерінде уәкілетті органның шағым келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды тоқтата тұру туралы хабарлама жіберу міндеті көзделген.

Бұдан басқа, конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы орналастырған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қараудың қысқартылған мерзімі, – шағым келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарау мерзімі енгізілген.

Шағым берудің және оны қараудың жалпы мерзімдерін қысқарту бөлігінде, көрсетілген жаңа енгізулердің оң және теріс жақтары бар.

Негізгі оң жағы тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының т. б. тарапынан бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін анықталған жағдайда, бұндай заңсыз шешімдердің жойылатынында және шарт заңнама талаптарына сәйкес жасалатынында. 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях