«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңындағы өзгерістер

196
ҚР Президенті 2015 жылғы 4 желтоқсанда қол қойған жаңа № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Біз мақалада заңдағы өзгерістерге нақты тоқталамыз және олардың мағынасын қарастырамыз.

ҚР Президенті 2015 жылғы 4 желтоқсанда қол қойған жаңа № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Біз мақалада заңдағы өзгерістерге нақты тоқталамыз және олардың мағынасын қарастырамыз.

Маңызды. Мемлекеттік сатып алуды жоспарлауға қатысты өзгерістер, атап айтқанда: Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес, тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен, айына бір реттен асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.

Заңның 5-бабы 10-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, стратегиялық жоспарға, бюджетке, мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ТЖКҚ) сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, осындай ТЖКҚ сатып алуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

Мәлімет үшін. Заңның «Әлеуетті өнім берушінің анық емес ақпарат беруінің салдарлары» 11-бабына өзгерістер енгізілді.

Бұрынырақта әлеуетті өнім беруші жосықсыз өнім берушілер тізіліміне біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат беруінің негізінде енгізілсе, аталған бапқа өзгеріс енгізілгеннен кейін, жосықсыз өнім берушілердің тізіліміне кез келген анық емес ақпаратты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында берген өнім берушілер енгізілетін болады.

Аталған баптың негізінде әлеуетті өнім беруші ұсынатын ақпараттың анықтығын тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында анықтай алады.

Маңызды. Заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік берген анық емес ақпаратты беру фактісін анықтаған уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл жөнінде

1) егер мұндай факт мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғаннан кейін анықталған болса, тапсырыс берушіні;

  2) егер мұндай факт мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін анықталған болса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны жазбаша хабардар етеді.

Бұл ретте хабарламаға осындай фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.

Өздерінің конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік берген анық емес ақпарат берген, соның нәтижелері бойынша олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі.

Мәлімет үшін. Сондай-ақ, Заң бойынша сатып алу қорытындысы бойынша екінші орын алған, шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер де жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі. Бұрын жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізу тек сатып алу қорытындысы бойынша айқындалған жеңімпаздарға ғана қатысты болған, енді 2016 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізуге себеп екінші орын алған әлеуетті өнім берушілерге де қатысты болады.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын, 12.11.2015 ж. қарағандағы жағдай бойынша «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 18-бабында қамтылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау бөлігі бойынша рәсімдер негізгі өзгерістер болып табылады.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.

Уәкілетті орган тексерулерді мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:
  1) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның), сараптама комиссиясының, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасап әлеуетті өнім беруші, конкурсқа не аукционға қатысушы, өнім беруші не олардың уәкілетті өкілі жазбаша өтініш бергенде;

2) құқық қорғау органдарының қаулылары келіп түскен кезде;

3) тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы алынған ақпаратты талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырады.

Маңызды. Уәкілетті орган бұзушылықтарды анықтаған кезде мынадай шаралар қабылдайды:

Ø  бақылау объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама, хабарлама жібереді;

Ø  міндеттемелері тиісті түрде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді;

Ø  ҚР заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған бақылау объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша, сондай-ақ бақылау объектілерінің банк шоттары (корреспонденттікті қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

Бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің құрамында қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар әрекет жасау (әрекетсіздігі) фактісі анықталған кезде – осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы ақпарат және осындай фактіні растайтын құжаттар құқық қорғау органдарына беріледі.

Мәлімет үшін. Осылармен қатар, Заңға «Мемлекеттік сатып алуды мониторингтеу» жаңа 19-бабы қосылды, ол бойынша мемлекеттік сатып алуды мониторингтеуді уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы және ондағы қамтылған ақпарат негізінде жүзеге асырады.

Мемлекеттік сатып алуды мониторингтеу нәтижелері бойынша уәкілетті орган ҚР Президентінің Әкімшілігіне және ҚР Үкіметіне мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті жібереді.

Конкурстық құжаттаманы бекіту бойынша «Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау» 22-бабы қосылды, оған сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы міндетті түрде ресімделуі тиіс.

Конкурстық құжаттаманы бекітудің міндетті талабы әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы болып табылады.

Конкурстық құжаттаманың жобасы мемлекеттік сатып алу порталында жарияланады. Өнім берушілер тарапынан тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының атына конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер (бар болған жағдайда), сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар жіберілуі мүмкін. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы жобасы бойынша ескертулер болған кезде:

1) конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

2) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертпелерді қабылдамай, оларды қабылдамау себептерінің негіздемелерін көрсетеді;

3) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді.

Маңызды. Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер болмаған кезде конкурстық құжаттаманы бекіту туралы шешім қабылданады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль