Қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін сот тәртібімен қорғау

85
Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының және мемлекеттік сатып алу процесін жүзеге асыруға қатысушы өзге де тұлғалардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағымдану. Мемлекеттік сатып алуға қатысушылар арасындағы дауды шешу процесінде соттар ескеретін жекелеген талаптар

Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының және мемлекеттік сатып алу процесін жүзеге асыруға қатысушы өзге де тұлғалардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағымдану.

Мемлекеттік сатып алуға қатысушылар арасындағы дауды шешу процесінде соттар ескеретін жекелеген талаптар

Маңызды. Заңнаманың жалпы ережелерінің бірі мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау болып табылатынын есте ұстаған жөн. Өз кезегінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында, егер Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған мұндай өзгерістің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде жол берілетіндігі көрсетілген.

Сонымен қатар Нормативтік қаулының 10-тармағында, шартқа және жобалық-сметалық құжаттамаға Заңда және ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі –АК) 654, 655-баптарында көзделген тәртіппен өзгерістер енгізу жөніндегі талаптарды сақтамау мердігерді тапсырыс берушіден ол орындаған қосымша жұмыстар үшін ақы талап ету құқығынан айыратыны белгіленген.

АК-нің 386-бабына сәйкес, шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы шарт бойынша міндеттемелердің тоқтауына әкеп соғатындықтан, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер оның қолданылуы кезеңінде енгізілуі мүмкін.

Өнім берушілермен қатар, тапсырыс берушілер және ұйымдастырушылар да Заңның 4-бабында көзделген Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормалары қолданылмай жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу тізбесінің түккілікті болып табылатыны және кеңінен түсіндіруге жатпайтыны туралы фактіні ескерулері тиіс. АК 158-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу рәсімі өткізілместен жасалған тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттары, оларды өткізу Заң нормаларының қолданылуын көздеген жағдайда жарамсыз болады.

       Мәлімет үшін! Мемлекеттік сатып алуға қатысушылар даулы жағдайларды шешу процесі кезінде әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімін кері қайтаруға негіздердің бірі, олардың конкурстық комиссияның қатысушы туралы мәлімет сұратуға мүмкіндігінің бар болғанына қарамастан, толық емес және (немесе) дұрыс емес мәліметтерді қамтитын құжаттарды беру фактісі болып табылатынын ескерулері тиіс.

Бұл мүмкіндіктің ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 86-тармағының 4) тармақшасында көзделгенін естеріңізге саламыз.

«Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысының (бұдан әрі – Нормативтік қаулы) 14-тармағына сәйкес, демпингтік бағаны анықтау кезінде тапсырыс берушінің құжаттаманы дайындауға, сараптама жүргізуге және құрылысқа техникалық әрі авторлық бақылауды жүзеге асыруға жұмсаған сомаларын есептемей, конкурсты ұйымдастырушының жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін ұсынған сомаларын негізге алу қажет.

Шартты жеңілдіктерді (шартты бағаны) есептеуге қатысты даулы жағдайды қарастыру кезінде, егер             әлеуеттi өнiм берушi рөлінде консорциум болса, соттар шартты жеңілдікті консорциумға қатысушыға бөлек емес, әлеуетті өнім беруші болып табылатын консорциумның өзіне қатысты жүзеге асырудың дұрыс екенін назарда ұстаулары қажет.

Егер сотта қарауға алып келген туындаған даулы жағдайда, анықталған бұзушылықтар көрсетілген жүргізілген тексеру материалдары (бақылау актісі, ұсынымдар, қаулылар) бар болса, бұл жағдайда Нормативтік қаулының 16-тармағының ережелерін ескеру қажет. Бақылау органдарының іс-әрекеттерімен және шешімімен келіспеген жағдайда ұсыным, қаулы ғана шағымдануға жатады. Бақылау актісі шағымдануға жатпайды.

Бақылау актісінде көрсетілген мәліметтер іс бойынша дәлелдемелерге жатқызылады және істегі өзге де материалдармен қатар соттың бағалауына жатады. Бақылау органдарының бақылау актісінде келтірген тұжырымдарының басқа дәлелдемелердің алдында қандай да бір артықшылық мәні болмайды.  

Бақылау объектісінің бақылау органдарының іс-қимылы мен шешімдеріне шағым бермеуін сот Заңды бұзу деп санайды.

Мемлекеттік сатып алуды тауар биржалары арқылы жүзеге асырған кезде, Нормативтік қаулының 17-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша тауар биржалары арқылы жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартты одан әрі орындаудың тиiмсiздiгiн желеу етiп бұзған жағдайда биржалық алымдарды төлеу жөніндегі және брокерлік қызмет көрсету бойынша шығындар өтеуге жатпайтынын білу қажет.

Қорытынды ережелер

Жалпы қабылданған «мемлекет – кәсіпкерлер» қарым-қатынасынан келіп шығатыны, мемлекеттік сатып алуға қатысқан кезде әлеуетті өнім беруші құқықтардан гөрі міндеттемелерге көбірек ие бола отырып, көпе-көрнеу ұтылысты жағдайда болады. Алайда іс жүзінде мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде құқықтар мен мүдделерді қорғау мәселесі тек әлеуетті өнім берушілер үшін ғана емес, сондай ақ мемлекеттік органдар мен мекемелер атынан әрекет ететін тапсырыс берушілер үшін де өзекті болып табылады. Өз кезегінде, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде, тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылар жол беретін бұзушылықтар, кейіннен тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылардың өкілдеріне қатысты әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке   алып келеді.

Осылайша, Нормативтік қаулының ережелерін негізге ала отырып, біз мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін заңдық тұрғыдан қорғаудың (сот тәртібімен) қалай жүзеге асырылатынын, сондай-ақ қандай тәуекелдер мен жағымсыз салдарлардың бар екенін көрсеттік.

Статистикаға жүгінейік. Қаржы министрлігінің деректері бойынша, 2014 жылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің келесі бұзушылықтарына неғұрлым жиі жол берілген:

1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабында көзделмеген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына немесе жасалған шартқа заңсыз өзгерістер енгізу.

2. Мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты орналастыру кезінде, ұйымдастырушының тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін заңсыз – күнтізбелік он бес күннен кем көрсетуі.

3. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдеріне конкурстық құжаттамада көзделген критерийлерді конкурстық комиссияның заңсыз қолдануы.

4 Салық органдарынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша бір теңгеден асатын берешегі бар анықтаманы немесе уәкілетті орган конкурс жариялау мерзімінен бұрын берген аталған анықтаманы ұсынған әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға заңсыз рұқсат беру.

5. Мемлекеттік сатып алудың жеңімпазына қол қойылған шарт жобасын жіберудің мемлекеттік сатып алу заңнамасында көзделген мерзімін тапсырыс берушінің бұзуы.

Барлық көрсетілген бұзушылықтар бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік немесе тәртіптік жазаға тартылған.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль