Ұлттық басымдылық мемлекеттік сатып алуда заң жүзінде жазылуы тиіс

32
Гафуров Ернар Еркенович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Қазіргі кезде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде. Заң жобасы жасалар алдында мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты кәсіпкерлердің үш жүзден астам шағымдарына талдау жүргізілді. Кәсіпкерлердің проблемасы өтінім беру үшін талап етілетін құжаттарды ресімдеу сәтінен-ақ бірден басталады. Тендерлік (конкурстық, аукциондық) құжаттаманың белгілі бір өнім берушіге және техникалық мүмкіндіктерге арналып алдын ала жасалынып қоятыны жиі кездеседі.
  1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңындағы өзгерістер

Қазіргі кезде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде. Заң жобасы жасалар алдында мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты кәсіпкерлердің үш жүзден астам шағымдарына талдау жүргізілді. Кәсіпкерлердің проблемасы өтінім беру үшін талап етілетін құжаттарды ресімдеу сәтінен-ақ бірден басталады. Тендерлік (конкурстық, аукциондық) құжаттаманың белгілі бір өнім берушіге және техникалық мүмкіндіктерге арналып алдын ала жасалынып қоятыны жиі кездеседі.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – ҰКП) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының жаңа жобасын кәсіпкерлер арасында ашық талқылау жөніндегі бастамасы алғашқы нәтижелерін бере бастады: техникалық ерекшелік тапсырыс берушінің сайтында сатып алу басталғанға дейінгі 15 күн ішінде орналастырылатын болады. Осындай ақпаратты ҰКП өз интернет-ресурсында да орналастырады. Осылайша, кәсіпкерлердің техникалық ерекшелікті өздерінің бағалауына және оған алдын ала өзгерістер енгізуіне, ал құқықтары бұзылған жағдайда – тиісті органдарға шағыммен жүгінулеріне мүмкіндік туады.

  1. «Қазақстанда жасалған» ауқымды науқаны

Мәлімет үшін! Мемлекет басшысы жариялаған ауқымды «Қазақстанда жасалған» науқанына байланысты осы акцияның ресейлік нұсқаларына талдау жүргізілді. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға ұлттық басымдылық туралы нормаларды енгізу ұсынылды.

ҰКП төрағасы, палатада еліміздің Парламенті және ұлттық компаниялармен   «CT-KZ» нысанындағы сертификаттың маңызын күшейту мәселесінің талқыланып жатқаны туралы ақпарт берді. Аталған сертикаттармен қазіргі кезде орын алып отырған жағдай, ешкімнің көңілінен шықпайды. Отандық тауар өндірушілер тізілімін ҰКП жүргізгені және оның кәсіпкерлер репутациясы мен отандық тауар өндірушілердің мүмкіндіктері үшін жауап бергені дұрыс. Бұдан басқа отандық компанияларды қолдау бойынша жұмыс жоспарлы түрде жүргізілуі тиіс.

Кәсіпкерлердің несие алу үшін жүгінген кездегі   негізгі проблемалары: кепілдің болмауы немесе оның өтімділігінің төмендігі, бөлінген қаражаттың инфрақұрылымды және кепілдік қаржыландыруды дамыту үшін жеткіліксіздігі болып табылады.

Құрылысшылардың да өз проблемалары бар. Жергілікті бюджеттен тұрғын үй құрылысына 1 ш. м. үшін 90-100 мың теңге субсидия бөлінеді, алайда бұл жеткіліксіз. 7,5 айда үй тұрғызу мүмкін емес. Бұл мәселелер үкімет деңгейінде қаралды. Қазір ҚР Инвестициялар және даму министрлігі 35 млрд теңге бөлді, ол ресей рублінің құнсыздануынан (девальвация) шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған.

ҰКП, еліміздің нарығына контрафактілік және сапасыз өнімдердің енуін болдырмау және отандық тауар өндірушілердің мүддесін қорғау мақсатында, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті тараптарынан жұмыстарды жалғастыруда.

Маңызды! «Қазақстанда жасалған» акциясы, барлық сауда тораптарында қазақстандық өнімдердің ерекше белгіленуін көздейді. Бұл отандық өндірушілердің пайдасына таңдау жасауға ниетті азаматтар үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні көптеген қазақстандық кәсіпорындар мұнай бағасының түсуі мен ресей рубльінің құнсыздануына байланысты қиындықтар шегуде. Қазақстанның 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне және серіктес елдердің өнімдеріне қатысты кедендік шектеулерден бас тартуына байланысты бұл мәселе бұрынғыдан гөрі өзектілікке ие болып отыр.  

Қазақстанның Ресейге экспорты 2015 жылғы қаңтарда 255,9 млн АҚШ долларын құрады. Аталған көрсеткіш өткен 2014 жылдың қаңтарымен салыстырғанда   41%-ға төмендеді, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасай отырып. Сонымен, 2014 жылы қаңтарда Ресейге жасалған экспорт 435,3 млн АҚШ долларына жеткен болатын. Бұл ретте Ресейдің Қазақстанға импорты бір жыл ішінде 7,3 %-ға – өткен жылдың қаңтар айындағы 902,7 млн АҚШ долларынан 2015 жылдың қаңтарында 968,4 млн АҚШ долларына дейін артты.

Жыл ішіндегі Беларусь экспорты екі есе дерлік – 1,464 млн АҚШ долларынан 789,5 мың АҚШ долларына азайды. Сонымен қатар Беларусь импортының көлемі 2014 жылдың қаңтарынан бастап биылғы жылдың қаңтарына дейін 20%-ға өсті.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстан экспортының жалпы көлемі 2014 жылдың қаңтарынан ағымдағы жылдың қаңтар айына дейінгі уақытта – 7,9 млрд АҚШ долларынан 4,8 млрд АҚШ долларына дейін қысқарды. Яғни, жыл ішінде отандық тауарлар экспортының көлемі 39%-ға төмендеді.

Өз кезегінде, Қазақстан импорты 2014 жыл ағымында өсті. Өткен жылғы қаңтардан желтоқсанға дейінгі бұл көрсеткіш 2,67 млрд АҚШ долларынан 3,9 млрд АҚШ долларына дейін артты. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында, Қазақстан импортының көлемі 2,72 млрд АҚШ долларына жетті. Осылайша, импорт 2014 жылғы қаңтардан 2015 жылдың қаңтарына дейін сәл ғана – 1,8 %-ға өсті.

 Нәтижесінде, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы жыл ішінде 29 %-ға – 2014 жылдың қаңтар айындағы   10,6 млрд АҚШ долларынан 2015 жылғы қаңтар айындағы 7,53 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль