Медициналық қызметтерге шығыстарын жоспарлау

57
Гафуров Ернар Еркенович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Медициналық көмектің түрі бекітілген операциялық шығындар коэффициенттерінің, сондай-ақ талдау және денсаулық сақтау жүйесі қызметін бағалау негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша жүзеге асырылады.

Барлық әдістеменің мазмұнына толық үңілместен, аталған құжаттың үшінші таруында айтылған ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған шығындарды жоспарлауға тоқталамыз.

Сонымен, Медициналық көмектің түрлері бойынша ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге арналған шығындарды жоспарлауды (яғни, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар бюджеттерінің аясындағы сатып алуға арналған шығыстарды да)  бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекітілген қолданыстағы шығыс нормативтерінің, сондай-ақ жалпы денсаулық сақтау жүйесінің және денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін талдау мен бағалау негізінде мынадай көрсеткіштер бойынша жүзеге асырады:

- жалпы өңір бойынша және жеке әрбір денсаулық сақтау субъектісі бойынша түрлері бойынша медициналық көмектің көлемі (үш жылдық мерзімде);

- стационардағы төсек-күндерінің саны, төсекте болудың орташа ұзақтығы, денсаулық сақтау субъектілері бөлінісіндегі төсектің жұмысы;

- жұмыс істейтін персоналдың саны, еңбекақы төлеу деңгейі;

- дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және шығыс материалдарын сатып алуға арналған шығыстар;

- тамақтануға арналған шығыстар;

- жабдықтармен жарақталу және оларды тиімді пайдалану, жұмсақ мүккәмалмен қамтамасыз етілу және басқасы;

- ғимараттар мен құрылыстардың жағдайы, оларда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі;

- алаңдармен қамтамасыз етілу, пайдаланылмаған алаңның болуы;

- коммуналдық шығыстар: жылу, электр қуаты, ыстық және суық су;

- кадрлардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауға арналған шығыстар;

- басқа шығыстар: банк қызметтеріне, байланыс қызметтеріне ақы төлеуге, іссапарлық шығыстарға, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жайды жалға алуға, кеңсе және шаруашылық тауарларын, жұмсақ мүккәмалды, басқа тауарлар мен қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар.

Талдау негізіне статистика деректері, ақпараттық жүйелердің деректері, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілерінің қаржылық есептерінің деректері мен статистика органдарынан және қаржы органдарынан алынатын мәліметтер алынуы тиіс.

Сонымен қатар, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жыл сайынғы негізде мемлекеттік сатып алу жоспары жасалады, оның  тапсырыс берушісі Министрліктің өзі болып табылады. 

Ағымдағы 2015 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары «Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту туралы» (бұдан әрі – Жоспар) 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 327 бұйрықпен бекітілген.

Аталған жоспар (онымен Министрліктің ресми сайтынан танысуымызға болады)  104 бағдарлама бойынша сатып алулардың атаулары санамалаған үш жылдық кезеңнің бірінші жылына арналған – 55 221 010 628, 14 теңге болатын сомамен  бекітілген 486 тармақтан тұрады.

Медицина саласындағы мемлекеттік сатып алудың барлық өнім берушілеріне жеткізуге тиісті түрде дайындалу үшін аталған  жоспармен  мұқият танысуды қадала ұсынамыз.

Медицина саласындағы мемлекеттік сатып алу бойынша жұмысты көрнекті түрде ұғыну үшін ресми сайтта Министрлік берген мына деректермен танысуды ұсынамыз.

Талдау «ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында іс-шараларды жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы» 2014 жылғы 14 тамыздағы № 19 хаттаманың негізінде жүргізілді.

Мемлекеттік сатып алулар бір көзден алу тәсілімен өткізілді, ұйымдастырушысы – «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» ММ.

Сатып алуға бөлінген сома: ҚҚС-ты ескермегенде 7 669 642 теңге 86 тиын.

Жеңімпаз өнім беруші – «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК.

Аталған жеткізуде сараптау қажет болмады, сарапшылар тартылған жоқ.

Бұл мысал Жоспарды орындау бойынша Министрлік жүргізген жұмыстарды, сондай ақ Министрлікке ведомстволық бағынысты  мемлекеттік кәсіпорындардың да сатып алуларға қатыса алатындығын және  бұның қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтінін көрнекті түрді көрсетеді.

Денсаулық саласындағы ұйым қызметін  жоспарлау бойынша Министрліктің жұмысы туралы айта келе, осы ведомство әзірлеген тағы да бір құжатты назардан тыс қалдырмаған дұрыс.

Осындай құжатқа «2015 жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін иммунобиологиялық, диагностикалық, препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу  бойынша тендерге қатысу және тендерлік өтінімдерді дайындау үшін тендерді ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілерге беретін тендерлік құжаттама» жатады.

Медицина саласында мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыс істеуде маңызды мәнге ие бұл құжатпен тиісті тіркеуден өткеннен кейін Министрліктің ресми сайтында танысуға болады.

Медицина саласында мемлекеттік сатып алуды жоспарлау мәселесінде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі сияқты ұғым да айтарлықтай маңызды.

Медицина саласындағы тізілім туралы Ереженің 1-тарауының 2-тармағының  11-1) тармақшасында айтылады.

Сонымен, Дәрілік заттарды сатып алу ережесі 1-тарауының 2-тармағының көрсетілген  11-1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізілімі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу жүйесін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган қалыптастыратын әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесі.

Дәрілік заттарды сатып алу ережесі 5-тарауының 1-бөлігінің 35-тармағында да тізілім туралы айтылған: «Жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған медициналық техниканың өнім берушілерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз әлеуетті өнім берушілері тізіліміне енгізуді тапсырыс беруші  немесе лизинг беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырады».

Осылайша, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзған жағдайда жосықсыз өнім берушілер тап болуы мүмкін  тізілім бар.

Кеден одағы аясында және Қазақстан мен Ресейдің өзара қарым-қатынасы тұрғысынан алып қарағанда, бірыңғай кеден аумағының бекітілуіне байланысты  Ресей Федерациясының медицина саласындағы мемлекеттік сатып алуды жоспарлау мәселесін қарастырғанымыз орынды. 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях