Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар бойынша сот тәжірибесі

47
Бұл мақалада біз, мемлекеттік сатып алу заңнамасы саласындағы неғұрлым жиі кездесетін заң бұзушылықтар бойынша, өнім берушілер мен тапсырыс берушілердің аталған бұзушылықтарға жол беруін болдырмау мақсатында, мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар жөніндегі сот тәжірибесін қарастырамыз.

Бұл мақалада біз, мемлекеттік сатып алу заңнамасы саласындағы неғұрлым жиі кездесетін заң бұзушылықтар бойынша, өнім берушілер мен тапсырыс берушілердің аталған бұзушылықтарға жол беруін болдырмау мақсатында, мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар жөніндегі сот тәжірибесін қарастырамыз.

Заңнан дәйексөз. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 4-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі:

1) біліктілік талаптары бойынша дәйексіз ақпарат табыс еткен әлеуетті өнім берушілердің;

2) осы Заңның 6-бабы талаптарының бұзылуына жол берген әлеуетті өнім берушілердің;

3) жеңімпаздар деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілердің;

4) мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасасқан шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген соттар шешімдерінің негізінде қалыптастырылады.

Тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы істерге байланысты сот шешімдері бойынша ҚР сот органдары аталған санаттағы істерді қарауға объективті тұрғыдан қарайды және бұл тосын емес. Сонымен Заңның 11-бабының 4-тармағына сәйкес, жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай бойы мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді. Тиісінше бұл мәселелер маңызды болып табылады және өнім берушілердің алдағы уақыттағы кәсіпкерлік қызметіне ісер етеді.

Бұдан басқа, «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Нормативтік қаулысына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасалған шарттар бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талаптарды қарау кезінде соттар әділдік пен парасаттылық өлшемдерін ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – ҚР АІЖК) 6-бабының 6-бөлігіне сай негізге ала отырып, ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 359-бабына сәйкес, өнім берушінің кінәсін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздемесі және тапсырыс беруші үшін туындаған жағымсыз салдар ретінде назарға алулары қажет. ҚР АК-нің 401-бабының 2-бөлігінің негізінде, шарт тарабына шарт жасасу кезiнде үмiт артуға құқылы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылып қалатын шығын келтіруді жағымсыз салдар ретiнде түсіну керек.

ҚР АІЖК-нің 6-бабы 6-бөлігінің күшіне орай, егер заңнамалық актілерде немесе дау тараптарының келісімдерінде тиісті мәселелердің сотта шешілуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып шешуге міндетті.

1-ші мысал. Мысалға егер өнім беруші міндеттемелерін орындауда аздап уақытты өткізіп алуға жол берген болса, бірақ бұл ретте шартта көзделген жауапкершілік шарасы тұрақсыздық айыбын төлеу түрінде ұсталса, мемлекетке залал келтірілмесе, жеткізу мерзімдерінің бұзылуы салдарынан жағымсыз жағдайлар орын алмаса және тапсырыс беруші тарапынан тауардың сапасы мен санына шағым жоқ болса, сот жоғарыда санамаланған жағдайлар жауап берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тануға негіздің жоқ екендігін объективті түрде куәландырады деген тұжырымға келеді.

Немесе өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда (тиісті құжаттармен куәландырылған өнім берушінің сырқаты сияқты) дәлелді себептер бар болса және тапсырыс беруші үшін залал келтірілмеген жағдайда да сот мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызды қанағаттандырудан бас тартады.

2-ші мысал. Мысалы талап арыз беруші мемлекеттік сатып алудан бас тартуына байланысты жауапкерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен өнім берушіге жүгінеді.

Талап арыз берушінің талабы белгілі бір сомаға тауарларды сатып алу бойынша электрондық сатып алу арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын бекіту туралы шешімнің негізінде уәжделген.

Заңның 31-бабының 9-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және оны ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге жібереді және ол әлеуетті өнім беруші оған мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шарт жобасын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы берген күннен бастап жеті жұмыс күнінің ішінде тапсырыс берушіге табыс етілуге тиіс.

Сот талапкердің заңның аталған нормасын сақтағанын анықтады.

Сонымен қатар, сот тұжырымдамасына сәйкес, талап арыз берушінің Заңның 31-бабы 9-тармағының талаптарын сақтау фактісінің өзі, атап айтқанда шарт жобасын ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге жіберуі, аталған өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тануға негіз болып табылмайды. Заңның 31-бабы 9-тармағының мазмұнынан келіп шығатыны, ең алдымен өнім беруші шарт жобасын алуы тиіс.

Талап арыз беруші сотқа жауапкерге шарт жобасын тапсырғанының дәлелін ұсынбады, осыған байланысты сот шешімімен талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды.

ҚР АК-нің 293-бабының күшіне орай, борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес.

ҚР АК-нің 359-бабының 1-тармағына сәйкес, борышқор кiнәлi болған кезде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, мiндеттеменi орындамағаны және (немесе) тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауап бередi. Егер борышқор мiндеттеменi тиiстi дәрежеде орындау үшiн өзiне байланысты шаралардың барлығын қолданғанын дәлелдесе, ол кiнәсiз деп танылады.

3-ші мысал. Мысалы «N» ММ-сі «A» ЖШС-нен тұрақсыздық төлемін өндіріп алу туралы талап арыз берді. Сот шешімімен талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот, сондай-ақ және апелляциялық және кассациялық сот алқалары, тұрақсыздық төлемін өндіріп алуды кері қайтара отырып, жауапкердің міндеттемелерді тиісті түрде орындамағаны үшін кінәсінің жоқ екендігін көрсетті. Сондай-ақ, сот объектіні тапсырудың мерзімдері жобалық-сметалық құжаттаманы түзетуге байланысты ұзартылғанын анықтады. Осылармен қатар, түзету кезеңінде объекті қаржыландырылмаған. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабында көзделген шартқа өзгерістер енгізу үшін талаптар болмаған жағдайда, жауапкердің олардың арасында жасалған шартта көзделген жұмыстарды аяқтау мерзімін ұзарту бөлігінде қосымша келісімдерге сілтеме жасауы негізсіз болып табылады.

4-ші мысал. Мысалы «R» ММ-сі «A» ЖШС-нен орта мектепті күрделі жөндеуді аяқтау мерзімдерін өткізіп алғаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді, онда ол қаржылық бақылау бөлімі маманының ішкі бақылау актісінің негізінде шарт тармағының бүзылғаны анықталғанын және ХХХХХ теңге болатын сомадағы шарт құнының 0,1 %-ы мөлшерінде жұмыстарды тапсыру мерзімін 20 күнге өткізіп алғаны үшін тұрақсыздық төлемі есептелгенін көрсетті.

Аталған дау бойынша сот, жобалық-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілмегенін, шарт құнының азайтылмағанын немесе көбейтілмегенін, алайда тараптар арасында жұмыстарды орындау мерзімін ұзарту туралы қосымша келісім жасалғанын анықтады.

Маңызды. Сот, тараптар Заң талаптарын бұза отырып, жұмыстарды аяқтау мерзімін ұлғайтқан, бұған рұқсат етілмейді, сондықтан шарт талаптарын бұзған жауапкердің жауапкершіліктен жалтару мақсатында қосымша келісімге сілтеме жасауға құқылы емес екендігін көрсетті.

Апелляциялық және кассациялық сот алқаларының қаулыларымен өзгеріссіз қалдырылған сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

«Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысының 5-тармағына сәйкес жарамды. Сонымен қатар қосымша келісімдер, тараптар жасасқан мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жұмыстардың орындалу мерзімдерін өзгерту бөлігінде соттың бағалауына жатады. Заңның 39-бабында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт жобасына не шартқа өзгерістер енгізудің негіздері белгіленген. Осыған байланысты сот, егер тараптар шартқа, жобалық-сметалық құжаттамаға Заңның 39-бабы 2-тармағының 7), 8) тармақшаларына сәйкес өзгерістер енгізбесе, онда жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көзделген жұмыстардың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде қосымша келісімге сілтеме жасау негізсіз болып табылатынын ескерулері тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 86-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларының 85-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірілген конкурсқа қатысу өтінімдерінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратып алады. Конкурстық комиссияның сұрауларына және конкурсқа қатысуға арналған өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.

Мәлімет үшін. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттамаға сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

Осыған байланысты конкурсқа қатысушының толық емес және (немесе) жалған мәліметтерден тұратын құжаттарды беруі, конкурсты ұйымдастырушының қатысушылар туралы мәліметтер сұрату мүмкіндігінің бар болуына қарамастан, өтінімді қабылдамауға негіз болып табылады.

5-ші мысал. Мысалы, «B» ЖШС-сі «R» ММ-сі мен «V» ЖШС-сі үстінен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдамау туралы хаттаманы, конкурс қорытындыларының хаттамасын және мемлекеттік сатып алу туралы шартты заңсыз деп тану туралы талап арыз берді. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях