Әлеуметтік тапсырыстағы қызметтерді жүзеге асырудың ерекше тәртібі

38
Мухаметжанова Сара Султановна
Редактор-эксперт, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа өз қызметін Заңның 5-бабында көзделген жарғылық мақсаттарға сәйкес бағыттар бойынша жүзеге асыратын тек ҚР үкіметтік емес ұйымдары ғана қатысады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру және орындау бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізуге келетін болсақ, олар ерекше тәртіпті қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте ерекше тәртіпті қолдану арқылы мемлекеттік сатып алу, біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, аталған Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Бұл, үкіметтік емес ұйымдар арасында әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындау бойынша конкурсқа қатысушы әлеуетті өнім берушілердің, өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растамайтындығын, әсіресе төлем қабілетінің болуын растайтын құжаттарды бермейтінін, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткілікті материалдық және қаржы ресурстарына ие болуы туралы мәліметтерді (әлеуметтік тапсырысты іске асыру бір қаржылық жылдан асатын мерзімге көзделген жағдайды қоспағанда) растамайтынын, конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейтінін білдіреді.

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындау бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу қағаз құжаттағы тәсілмен жүзеге асырылады.

Бұндай сатып алуларды жүргізу рәсімі ҚР қаржы министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 379 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесімен (бұдан әрі – Ереже) регламенттеледі.

Яғни, конкурстық құжаттама тапсырыс берушінің веб-сайтында (интернет-реурсында) орналастырылады, онда әлеуметті өнім берушілердің көшірп алу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, тапсырыс беруші конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды хронологиялық тіркеуді қамтамасыз етуге міндетті. Бірақ, ұйымдастырушы атынан әрекет ететін тапсырыс берушінің әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындау бойынша конкурстың өткізілетіні туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алу веб-порталының «Конкурс және Аукцион» модуліндегі «Қағаз құжаттар арқылы мемлекеттік сатып алулар» бөлімінде орналастыруы міндетті талап болып табылады. Аталған хабарландыруда сатып алудың атауы, олардың өткізілу мерзімдері, сондай-ақ өткізу орны мен тәсілдері, әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттаманы қайдан және қашан ала алатыны көрсетіледі.

Бұрынырақта атап өтілгендей, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа өз қызметін Заңның 5-бабында көзделген жарғылық мақсаттарға сәйкес бағыттар бойынша жүзеге асыратын тек ҚР үкіметтік емес ұйымдары ғана қатысады.

Ереженің 203-тармағына сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде тапсырыс берушінің әлеуетті өнім берушілер ұсынған техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін конкурстық құжаттамада мынадай критерийлерді көздеуге міндетті болуы:

1) жобаның тапсырыс беруші қойған мақсаттар мен тақырыпқа сәйкестігі;

2) ұсынылған жобаның ұйымның миссиясына (жарғылық мақсаттарына) сәйкестігі;

3) ұйым миссиясының тапсырыс берушінің салалық мамандануына сәйкестігі;

4) тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге арналған егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының (іс-шараның атауы мен нысаны, нысаналы топ, өткізілетін мерзімі, елді мекенді, халықтың қамтылуын көрсете отырып, өткізілетін жері) болуы;

5) жобаны іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді әлеуетті алушылардың саны;

6) әрбір іс-шара бойынша, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін шығыстар сметасының болуы;

7) жобаны іске асыру нәтижелерінің тиімділігін бағалау бойынша өлшемді критерийлердің болуы;

8) жобаны іске асыруға бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражат тарту мүмкіндігі;

9) жобаны іске асыруға жоғары білікті мамандарды тарту мүмкіндігі;

10) әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтердің «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс өнім берушілерінің тізілімінде» болуы маңызды ерекшелік және міндетті талап болып табылады.

Ереженің аталған тармағының 1)-ден 9)-ға дейінгі тармақшаларда көзделген критерийлер үшін конкурстық комиссия 0-ден бастап 1 балға дейін береді.

Әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтердің «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс өнім берушілерінің тізілімінде» болғаны үшін конкурстық комиссия бұндай әлеуетті әлеуетті өнім берушіге 1 балл береді.

Ереженің 201-тармағынан келіп шығатыны, Заңда және осы Ережеде көзделген талаптардан басқа, бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде конкурстық құжаттама мынадай мәліметтерді:

1) әлеуетті өнім берушінің материалдық-техникалық базасының және оның қызметкерлері біліктілігінің сипаттамасы және оларға қойылатын талаптарды;

2) қызметтермен қамтылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың саны туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

Егер тапсырыс беруші аталған талаптарды конкурстық құжаттамада көрсетпесе, бұл алдағы уақытта әлеуметтік жобаның өзін іске асыруға едәуір әсер ететін бұзушылық болып саналады.

Конкурстық комиссияның шешімімен ең көп балл санын (кемінде 28) жинаған жобалық ұсынысты немесе ең жоғары баллдың бірдей санын (кемінде 28) жинаған жобалық өтінімдер конкурстың баға ұсыныстары кезеңіне дейін жіберіледі.

28 баллдан кем жинаған жобалық ұсыныс конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Осылайша, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізген кезде конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлердің пайыздық мәнін қолданбайды. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттамада белгіленген критерийлерге сәйкес келуі және тиісінше алған балдары айқындаушы болып табылады.

Әлеуметтік жобаны іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу процесіндегі жаңалықтардың бірі, тапсырыс берушілерге мынадай рәсімдердің: әлеуетті өнім берушілерге қағаз жеткізгіште хаттамалар ұсынудың; конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналын жүргізудің және конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша жауап мәтінін қағаз жеткізгіште әлеуетті өнім берушілерге жіберудің қолданылмауы болып табылады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы мемлекетік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбейді.

  1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру және орындау туралы заңнаманы бұзғаны үшін тапсырыс берушілердің жауапкершілігі

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қызметтерді орналастыру және орындау үшін тапсырыс берушілердің жауапкершілігі мәселесіне ауыса келе, Заңның 3-бабында белгіленгендерге назарларыңызды аударамыз, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс процесін мұқықтық реттеу:

1) заңдылық;

2) ҚР әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру тиімділігін арттыру;

3) ҚР азаматтарының әлеуметтік міндеттерді шешуге қатысуы;

4) үкіметтік емес ұйымдардың конкурсқа қатысуы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс процесінің жариялылығы мен ашықтығы принциптеріне негізделеді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылауды тапсырыс беруші, сондай-ақ өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар ҚР заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру және орындау туралы заңнаманы бұзғаны үшін тапсырыс берушілердің жауапкершілігі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінде, ҚР Қылмыстық кодексінде, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңында көзделген.

Сонымен, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 207-бабының 4-тармағына сәйкес, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдер бар конверттердi конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмiн, уақыты мен орнын бұза отырып ашу, сондай-ақ көрсетілген өзгерiстердi конкурстық құжаттамаға енгiзбей, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдер бар конверттердi ашу күнiн, уақыты мен орнын өзгерту, лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуды көздейді.

Кодекстің көрсетілген бабының 5-тармағына сәйкес, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге байланысты сауал жiберу, конкурстық комиссияның сол сияқты әрекеттері, лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуды көздейді.

Кодекстің аталған бабының 6-тармағында, әлеуеттi өнiм берушiлерге және (немесе) олар тартатын қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) конкурстық не аукциондық құжаттамада ҚР мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлегені үшін, лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады.

Кодекстің 207-бабының 9-тармағында, әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) ҚР мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманың талаптарына сай емес деп негiзсiз танығаны үшін, лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу көзделген.

Конкурстық комиссияның заңсыз шешiм қабылдауына негiз болған көрiнеу жалған сараптама қорытындысын сараптама комиссиясының шығаруы не сарапшының жасауы жағдайында, сараптама комиссиясына не сарапшыға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу көзделген.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының 12-бабына сәйкес, мемлекеттік мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе соларға теңестiрiлген адамдардың мынадай:

4) шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;

8) жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады.

Ал, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-тармағына сәйкес:

5) мемлекеттік сатып алу саласында жасалған алаяқтық, мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Тапсырыс берушілердің жауапкершілігімен қатар, әлеуметтік жобаларды іске асыратын өнім берушілердің де, әлеуметтік тапысырсты орналастыру және орындау бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды орындау бөлігі бойынша жауапкершілігі де маңызды болып табылады.

Сонымен, өнім берушінің шарт бойынша, оның ішінде елді мекен, халықтың қамтылуы көрсетілген, іс-шаралардың атауы мен нысаны, мақсаттық тобы, өткізу мерзімдері, өткізу орындары көзделген тапсырыс берушінің қойған мақсаттарына қол жеткізу бойынша іс-шаралардың нақтыланған жоспары аясында барлық міндетттемелерді орындауы ерекше рөл атқарады.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях